Ақтөбелік ағайын суды үйдің ішіне емес, сыртқа тасиды. Жаңбыр жауса дереу шелек пен ыдыстарын сайлап отырады. Себебі тозығы жеткен, шатыры шұрық-тесік жатақхана іші жаңбырлы күні көлге айналады. Қабырғасы қақырап, едені тесілген үйдегі бұқара қиранды астында қалудан қорқады.
Подробнее...Новости
САЛОННАН КӨЛІК АЛАРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Салоннан көлік аларда сақ болыңыз! Ұрлықы болуы мүмкін. Өйткені, Атырауда автосалон 90 адамның темір тұлпарын алып, сатып жіберген. Ал иелеріне бір тиын да бермепті. Енді, тәртіп сақшылары адал ақшасына сатып алған жаңа қожайындарын жер-жерден тауып алып, жаппай тәркілеп жатыр.
Подробнее...БІР ШАҚЫРЫМЫ ЕКІ МЛРД ТҰРАТЫН ЖОЛ
1 шақырымы екі млрд теңге тұратын көше. Ақтөбеде жол азабын тартқандар бас көтерді. Қала іргесіндегі ұзындығы небәрі 3 шақырым жолға бюджеттен бақандай 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініпті. Мердігер де таңдалған. Бірақ, жұмыс орта жолдан тоқтап қалған көрінеді. Енді, асфальтты күте-күте ашынған халық ақшаның қайда кеткенін анықтауды талап етіп отыр.
Подробнее...ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын биыл 8-ші қыркүйекте жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздің алдағы кезеңдегі даму бағытын айқындап бермек.
Подробнее...ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙҒА БАРАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Кездесуде Қазақстан басшысының алдағы аспан асты еліне сапары талқыланды. Соның ішінде Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «Шанхай ынтымақтастық ұйымы плюс» отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
Подробнее...ПРЕЗИДЕНТ МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Бауырлас елмен байланыс нығаяды. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық серіктестік пен саладағы іскерлік қарым-қатынас жолға қойылмақ. Бұл туралы Ақордадағы кездесуде айтылды. Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады. Президент қазақ-тәжік ықпалдастығын одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті. Мәртебелі мейман Қасым-Жомарт Тоқаевты Ата заңымыздың 30 жылдығымен құттықтап, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелеріне …
Подробнее...СҮЙЕК ТЕРГЕН АУЫЛ
Астананың түбінде қайтыс болған жақындарын жылына екі-үш рет көміп, құран бағыштайтын халық бар. Нұра өзені арнасынан тасып, бейітті шайып кетеді. Сол кезде, адам қаңқасы су бетіне қалқып шығады. Кімнің сүйегі екенін де ажырата алмаған соң, әйтеуір қара жамылып, қайта қайта жерге табыстайды. Өзен асауланып тасыса, табиғаттың тосыны дерсің, бірақ, мазар маңындағы топырақты кәсіпкерлер таси-таси тауысқан.
Подробнее...ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САПАРЫН ТАҒЗЫМ ЕТУДЕН БАСТАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары тарих пен тағзымнан басталды. Президент алдымен «Ата бейіт» ұлттық мемориалдық кешеніне барып, 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Мұнда қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік қуғын сүргін құрбандары жерленген.
Подробнее...12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНАДЫ
Еліміз Еуразияның жетекші хабына айналуға ұмтылып жатыр. Ол үшін халықаралық маңызы бар автожолдар жаңғыртылып, жаңа көлік дәліздерінің қазығы қағыла бастады. Сондай-ақ ірі логистикалық орталықтар да салу жоспарланған. Негізі, бұл бастама мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан” заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм атты Жолдауында көрініс тапқан. Былтыр наурыз айында Ұлттық құрылтайда да президент кемінде 12 мың шақырым автожолды реконструкциялау және жөндеуден …
Подробнее...ПРЕМЬЕР ЖОЛДАРДЫ БАҚЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын арттыру бойынша жиын өтті. Шарада көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды. Көлік министрлігінің мәліметінше, трассалардың жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың …
Подробнее...






