Сенаторлар министр Цойды бүгін сөзбен сойды. Депутаттар бас дәрігерді бюджеттен бөлінген миллиардтарды тиімсіз жұмсады деп айыптап отыр. Жоғары палата өкілдері ауылдың жайын да сөз етті. Кезінде Ауыл шаруашылығы министрі болған Ақылбек Күрішбаев ауыл балалары дұрыс білім алмай жатыр деп алаңдаушылығын білдірді. Сенаторлардың сөзін сүзіп қайтқан Мұхтар Өміртай жалғастырсын.
Подробнее...Новости
Мотиваторлар магиясы
«Үш күнде миллионер атанасың! Үйде отырып-ақ, табыс табуды үйретемін! Бақытты болудың бір ғана жолы бар! Оны білу үшін менің сабағыма қатысыңыз! Свайпқа өтіңіз». Бүгінде әлемжеліні ашсаңыз болды, осы сарындағы жарнамадан көз сүрінеді. Инфоқарақшылар деген кімдер? Олардан қандай пайда бар? Бұл туралы тілші материалында.
Подробнее...Женпи-дің жеріне кімнің көзі түсті?
«ЖенПи» деген атпен танымал Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жері сатылып кеткен. 2018 жылы саудаланған аумаққа қазір 70-ке жуық баспана да салынған. Ал бірнеше жылдан кейін оқу орнының қазіргі басшылығы бұл жер телімдерінің заңсыз сатылғанын айғақтап, мәселе көтеріп отыр. Екі ортада баспаналы болдық деп қуанған тұрғындар үйімізден айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы. Алдағы сюжетте.
Подробнее...Сандалған салымшылар
Елін алдаған «Елім-ай». Алаяқтарға жем болдық деген шымкенттіктер шу шығарды. Классикалық схеманы ұстанған кооператив басшылары жұртқа баспана және көлік алып береміз деп, уәдені үйіп-төккен. Әдемі сөзге арбалған аңқау жандар бар жиған-тергенін төңкере салыпты. Енді үй, темір тұлпар түгілі мән-жайды түсіндіруге талпынбаған тұлғалар қашып жүрген көрінеді. Сандалған салымшылармен Ғалымжан Кенжебек сөйлесіп қайтты.
Подробнее...«Бесінші сыныптың оқушысы баламды өлтірді!»
Бесінші сыныптың оқушылары баламды өлтірді! Құрдастары дәретханада ұрып-соққан жеткіншек ауыр жарақаттардың кесірінен бақилық болыпты. Ер баланың ет жақындары осылай деп еңіреп отыр. Он жастан енді асқан оқушылардың қатыгездігін мектеп басшылығы біледі екен. Бірақ олар баланың өзі науқас болған деп, айды аспаннан бір-ақ шығарған. Білдей білім ордасындағы бассыздық пен кәмелет жасына толмаған ұлдардың жауыздығынан қан жұтқан жандар әділдік іздеп, жанайқайын арнамызға …
Подробнее...Өлім жазасы енгізіле ме?
Елімізде адам өлтіріп, бала зорлаған қылмыскерлер өлім жазасына кесілуі мүмкін бе? Бүгін мәжілісмендер жауапкершілігі тым жоғары, айтуға ауыз бармайтын қылмыстарды анықтайтын заң жобасына түзетулер енгізді. Ең ауыр жазаға тартылатындардың тізімі де белгілі болды. Бас прокурор орынбасарының мәлімдемесі депутаттар арасында дискуссия тудырып, халық қалаулыларының ойы қақ жарылды. Тараптарды тыңдаған әріптесім Нұрай Құрақпай қазір бізбен тікелей байланыста.
Подробнее...Маңғыстаулықтар мина үстінде отыр
Маңғыстаулықтар минаның үстінде отыр! Талай жылдан бері жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен жер астымен тартылған газ құбырлары елдің үрейін қашырып отыр. Алда-жалда жарылып кетсе, не істейміз деп қорыққан жұрт арнамызға хабарласып, шағымдарын жеткізді. Жамбылдың жағдайын кешкісі келмейтіндер жайлы толығырақ Мұхтар Өміртай айтып берсін.
Подробнее...Толғақпен кетіп, табытта оралды
Толғақпен кетіп, табытта оралды. Жүкті келіншек перзентханада сәбиімен бірге көз жұмған. Ана мен баланың ажалына туыстары ақ халаттыларды айыптап отыр. Бақилық болған бұрымдының жолдасына әйелінің өлгенін дәрігерлер естіртпеген. Жарының телефон қоңырауына жауап бермегеніне алаңдаған жігіт оның денесін медициналық мекемедегі лифттен көріп қалыпты. Арғысын Думан Алтынбекұлы айтсын.
Подробнее...Мамин елді мәз қылды
Үкіметте жобалар жауған күн. Министрлер бірінен соң бірі Асқар Маминге даму бағдарламаларын таныстырды. Ұлттық деп айдар таққан жобалардың барлығы да халықтың әл-ауқатын арттырады деп ант-су ішіп отыр министрлер. Әдетте ысқырығы жер жарған жобалардың арты сиырқұйымшақтанып кететіні бар еді ғой бізде?! Ол жағын уақыт көрсетер. Не дегенмен, Премьер-Министрдің көңіл күйі керемет секілді. Оның себебін әріптесім Айғаным Достанбай айтып берсін.
Подробнее...Отандық оқ өткізбейтін техника құрастырылды
Елімізде толығымен оқ өткізбейтін техника құрастырылды. «Барыс» деп аталатын бронетранспортер қарсыласпен жақын ұрысқа есептеліп шығарылған. Төрт жыл бойы сыналған көлік тексерістен сәтті өтіп, бүгін ресми түрде таныстырылды. Құрастырушылар әскери техниканың артықшылығын айтып берді. Жауаптылар бұл 8 дөңгелекті көлік еліміздің қарулы күштерінің қатарына қабылданса, ең озық техника деген атқа лайық болатынына сенімді. Көліктің қыр-сырымен әскер көрген әріптесім Қайыркен Отыншы танысып келді.
Подробнее...






