0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Әлеуметтік желінің әлегі мен әдебі

Танымал болдым мінекей, желіде жазба қалдырып. Түрлі мәселеге үн қатып, күнделікті оқиғаларға пікіріңді білдіру қазір түк емес. Әлеуметтік желіден аккаунт ашып, «ақылды» болсаң жеткілікті. Ойды ашық жеткізу деп опық жеп, олақ жазатындар да бар. Сөз бостандығын балағат сөздермен шатастырып, жұрттың жеке басына өтетіндер өмірде қандай? Әлде олар виртуал әлемде ғана «батыр» ма? Мұхтар Өміртай талайлардың бағын ашқан, біреулердің бас қайғысы …

Подробнее...

Арыста жаңа медициналық орталық ашылады

Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары енді емделу үшін орталыққа қатынап әлек болмайды. Арыс қаласына қарасты Саналы елдімекенінде замануи аурухана бой көтереді. Медициналық орталық науқастардың қалтасын қақпайды екен. Басы ауырып, балтыры сыздаған жандар медициналық сақтандыру қорындағы қаражаты арқылы ем-дом қабылдай алатын көрінеді. Емдеу мекемесі ел игілігіне қашан беріледі? Тілші айтсын!

Подробнее...

«Pfizer» кімге бұйырады?

Pfizer бәріне бұйырады! Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі бүгін мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді. Тағы қандай өзекті мәселелер талқыланды? Елдегі эпидахуал қандай? Гүлнәзия Жалғасқызы бізбен байланыста.

Подробнее...

Ақтөбедегі аласапыран

Көтере алмасаң, қосып арқала! Дизель отынын іздеп даурыққан ақтөбелік жүргізушілер тағы да тапшылыққа ұрынды. Бұл жолы сұйытылған газ таппай сенделген жандар таңнан бері жанармай бекеттерінің маңын жағалап әлек. Ұзын-сонар кезекке тұрғандар жұмысынан кешігіп, жолынан қалды. Жылда қайталанатын шикізат жетіспеушілігі жырынан жалыққан жүргізушілер бағаның қымбаттағанын да айтты. Рөлдегілердің базынасын Ақбаян Сұлтанмұратова біліп қайтты.

Подробнее...

Байзақтағы жарылыс

Тараз маңындағы атышулы әскери бөлімде тағы жарылыс болып, тұрғындарды дүрбелеңге салды. Адамдар дін-аман, жарылыс кезінде бөлім аумағында ешкім болмаған. Дегенмен, кей ғимараттардың терезелері сынған. Ал әбден зәрезап болған әскери қойманың іргесіндегі Қайнар ауылының тұрғындары «Бізді қауіпсіз жерге көшірсін!» деген талап қойып отыр. Аймақтағы тілшіміз баяндайды.

Подробнее...

Биіктен секіремін деп бақилық болды

«Туған күніне жасалған сыйлық еді…». Қарағандыда адреналин қуамын деп, ажал құшқан келіншектің туысқандары мән-жайды баяндап берді. Қауіпті ермекті жанына серік еткен ол бұған дейін де бірнеше рет биіктіктен секірген екен. Бірақ бұл жолы экстремалды ойынның соңы орны толмас қайғылы жайтқа әкеп соқты.

Подробнее...

Жолдың жайы жақсы емес

Батыс Қазақстан облысында жолға жауапты мекемелердің қысқы маусымға әзірлігі көңіл көншітпейді. Күре жолдарды күтіп ұстайтын коммуналдық кәсіпорындарда тиісті техника тапшы, қажетті қаржы да толық бөлінбеген. Соның салдарынан өткен жылғыдай жол апаттары жиілеп, қайғылы оқиғалардың қатары арта ма деген қауіп зор.

Подробнее...

Қызын зорлаған әке

Туған әкенің қорлығы. Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды өз әкесі бірнеше күн зорлаған. Ата-анасы 1 жасар кезінде ажырасып кеткен 15-тегі жасөспірім «асқар тауым ғой «деп іздеп келіп, онымен жақында ғана танысқан екен. Алайда, бұрын сотталған азғын өз перзентінің абыройын айрандай төккен.

Подробнее...

«Covid-19» қашан тоқтайды?

Әлемді шаршатқан пандемия нақты қашан тоқтайды? Нумерологтар аурудың беті 2022 жылы ғана қайтып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы түзеледі деген пікір білдірді. Олар енді сандарға сүйеніп, солай есептеп шығарған ғой. Ал нақты статистиканы зерделеп, алгоритм жасауға қабілетті мамандар қандай уәж айтты? Тілші материалында.

Подробнее...

Жануарларға қамқорлық

ануарларға жауыздық жасаған жандарға жауапкершілік артады. Қасақана үй жануарын мерт қылған адам 3 миллион теңге айыппұл төлейді, не 1 жылға сотталуы мүмкін. Мейлі, ол ит-мысық, не тотықұс болса да жауапкершіліктен қашып құтыла алмайсың. Қатаңдатылған жаңа заң жобасы бүгінде Мәжіліс депутаттарының талқылауында. Әр үй жануарын отбасы мүшесі ретінде қабылдауға үйрететін заң жайлы толығырақ Берік Байғара баяндап береді.

Подробнее...
X