0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Соңғы сапар

Соңғы сапар. Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, екі жолаушы қаза тапты. Алты адам қазір ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қалай? Апатқа кім кінәлі? Тілші материалында.

Подробнее...

Әлемжелісіз өткен 6 сағат

Күллі әлемді елең еткізген, Instagram, Facebook, WhatsApp-сыз өткен 6 сағат. Иә, қазанның 4-і тарихта желідегі жұрттың азан-қазан болуымен есте қалатын тәрізді. Әп-сәтте танымал мессенджерлердің істен шығуы көп адамның есін шығарғаны рас. Дегенмен, бұл жайттың пайдалы жағын көргендер де жоқ емес. Сонымен, әлеуметтік желінің кенеттен істемей қалуына не себеп? Сіз бен біздің жеке ақпаратымыз хакерлердің қолына өткені рас па? Блогерлерді баз …

Подробнее...

Сот орындаушысын ұрды

Алматыда тағы бір сот орындаушысы соққыға жығылды. Белгілі болғандай, ол өз міндетін атқару кезінде тұрғындардың тепкісіне ұшыраған. Тек, бұл жолғы төбелеске кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар көрінеді. Сонымен, жаға жыртысқа не себеп болды? Танымал спортшының заң өкіліне жұдырық ала жүгіргені рас па?

Подробнее...

Алаяқтар көбейді

Елордада алаяқтардың кесірінен 400-ге жуық адам сатып алған көліктеріне қол жеткізе алмай келеді. Олар бас қалада ашылған су жаңа автосалонға алданып, жер сипап қалған. Нақтырақ айтсақ, дилерлік орталықтың менеджерлері арзан бағада темір тұлпар алып береміз деп, тұрғындарды сендіріп, ақысын толық төлеткен. Кейбірі тіпті несие рәсімдеп, қолындағы бар-жиған терген қаржысын құйыпты. Енді, жеме-жемге келгенде көлік те, ақша да жоқ. Толығырақ Қайыркен …

Подробнее...

Дизель жоқ, кептеліс көп

Елордада дизель тапшы. Бірер күннің ішінде сұйық отын бағасы шарықтап кеткен. Ал, көліктеріне май құя алмаған жүргізушілер қала маңында қаңтарылып тұр. Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кептеліс. Кей жерлерде қосымша табыс тапқысы келген кәсіпкерлер дизельдің литрін 300 теңгенің маңайында саудалап жатыр екен. Тақырыпты әріптесім Берік Байғара тарқатады.

Подробнее...

Асылып өлген жұмысшы

Жалданып мал бағып жүрген азамат асылып қалды. Қайғылы оқиға Түркістан облысының Төле би ауданында болған. Ал марқұмның жақындары бұл жағдайға полицияны кінәлап отыр. Айтуларынша, оны ұрып-соғып, әбден құл секілді қараған дейді. Шендінің малын бағып, нәпақасын тапқан 28 жастағы марқұмның артында енді зар еңіреп әйелі мен баласы қалды. Оқиға жай-жапсарын Ғалымжан Кенжебек тарқатады.

Подробнее...

Тасжүрек ана

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды. Тасжүрек ана баласын босана сала, даладағы туалетке тастай салып, кете берген. Өңірдегі полиция департаментінің дерегінше, шақалағын әжетханада қалдырған әйелдің жеке басы анықталды. Ол Индер ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Подробнее...

Сауда орны лаулады

Сапасыз электр желілері жұртты миллиондарынан айырды. Елордадағы сауда үйінің неден өртенгені белгілі болды. Жиһаз салонының жеті мың шаршы метрі күлге айналған. Шығынға шаш етектен батқан кәсіпкерлер базынасын айтуда. Қазір олардың нақты қанша қаражаттан қағылғаны анықталып жатыр. Әрі қарай Нұржан Сәдірбай баяндайды.

Подробнее...

Батпақтың ортасындағы баспаналар

Лай жол, батпақ кешу. Елорда іргесіндегі шағынаудан тұрғындары аяқ киім жуудан шаршаған. Бес жылдан бері балшыққа батқан жұрт балалары үшін де қорқып отыр. Өйткені көшедегі үш метр құдықтардың беті ашық, іші суға толы. Мұның бәріне құрылысты сағызша созған мердігер компания кінәлі екен. Тұрғындар талабын Мұхтар Өміртай тыңдап қайтты!

Подробнее...

Африкада да абыройлы әкімдер

«Ұнаған жоқ!». Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров өзін әлеуметтік желіде туған күнімен құттықтаған афроамерикалықтардың әрекетіне қатысты пікірін айтты. Күні кеше 43 жасқа толған шаһар басшысы ерекше лебіз білдіру кімнің идеясы екенінен хабарсыз екен. Әзірге әзіл деп қабылдайтынын жеткізді. Алайда, «әзілі жарасса, әкіммен ойнаймын» дегендер жазалана ма? Әкім кімді сотқа бермекші? Әкіммен тілдескен тілшінің репортажы.

Подробнее...
X