Еліміздің шіріген байлары жылдар бойы жиған-тергендерін жария етті. Декларациялаудың алғашқы кезеңі аяқталып, нәтижесінде жарты миллионға жуық отандасымыз дүние мүлкін есепке қойған. Шетел банктеріндегі есепшоттардан бастап, жылжымайтын мүлікке дейін тіркеуге алынды. Сонымен, бай-бағландарымыз ақшаларын қай елдің банктерінде сақтап отыр екен? Оны қойшы, ал осынша қаражаттың қашан, қандай жолмен келгеніне сұрау бола ма? Тілшіміз сабақтайды.
Подробнее...Новости
Қорымның жері сатылып кеткен
Қорым маңынан құрылыс жүргізбек болғандар жұрттың қарсылығына ұшырады. Қабірге деп бөлінген жер жекенің қолына өтіп кетіпті. Отыз жылдан бері өлгендер жатқан аумақта не салынатыны белгісіз. Кәсіп иелерінің басқа жерден емес, шалғайдағы ауылға келіп жұртты шулатқаны көпті қынжылтып отыр. Бауыржан Жақсымбет жалғастырсын.
Подробнее...Мәртебелі мамандар мерекесі
Қазан айының алғашқы жексенбісі – ұстаздар күні! Ұлт пен ұрпақ үшін қызмет етіп жүрген ұстаздар қауымының бағасына жете алып жүрміз бе? Көрсетіп жүрген құрметіміз қандай? Бұл тақырыпты тілшіміз Мұхтар Өміртай төңіректеп қайтты.
Подробнее...Несие несібе бола ма?
Несиеге тамақ алу ненің белгісі? Тіпті бөліп төлеу арқылы да қарызға азық-түлік алатын қазақстандықтар қатары артқан. Ал сарапшылар тығырықтан шығу үшін, ең төменгі жалақы кемі 75 мың теңге болу қажет деп есептейді. Тілшіміз мәселені жан-жақты зерттеп қайтты.
Подробнее...Ашынғаннан шығады ащы даусым
Павлодарда аутизмге шалдыққан балалар медициналық көмекке мұқтаж. Осылай деген ментальды ауытқуы бар жандардың ата-аналары дабыл қақты. Себебі, ерекше жандардың балтыры сыздап, тісі ауырса, сапалы ем-дом жасайтын мекеме жоқ көрінеді. Қарапайым мысал, аймақтағы стоматологтар аутизммен ауыратын балаларды емдеуден бас тартады екен. Құқығымыз тапталды деген жандардың жанайқайы жөнінде әріптесім Қайыркен Отыншы толығырақ.
Подробнее...Спортшылар «салфетка» ма?
Салфетка секілді пайдаланып, лақтыра салды. Рио олимпиадасында Қазақстанның атын шығарған ауыр атлет Жазира Жаппарқұл осылай деп өкпесін жеткізді. Оның сөзінше, денсаулығы жарамай қалған спортшыларды қазір ешкім елеп-ескермейді. Чемпиондардың бірі көлік жуып, өзгесі жұмыс таппай сенделіп жүр. Қазақтың қара қызын жылатып, биігінен құлатқан кімдер? Одан бөлек, спорттан саясатқа бет бұрғандардың топтамасы Айғаным Достанбайдың материалында.
Подробнее...Қанша ақшаң бар, шенеунік?
Бұдан былай шенеуніктер мен олардың туыстарының қаржылай операциялары бақылауда болады. Депутаттар бүгін осындай заң жобасын талқылады Мәжілісте. Сондай-ақ, астанада алып жоба саламыз, ақшасын жымқырғандардың шетелде шалқып жүргенін де көтерді халық қалаулылары. Ал тұңғыш рет депутаттар алдына келген Экология министрі қазақша сауалға орысша жауап берем деп кірерге тесік таппай, ұятқа қалды. Мәжілістің жалпы отырысы бойынша біздің тілшіміз Нұржан Сәдірбай тікелей байланысқа …
Подробнее...Жоқты бар қылған дәрігер
Жоқты бар қылған дәрігер! Естімеген елде көп! Шымкентте жеке клиниканың дәрігері науқастың ота жасатып алдырып тастаған органын кезекті тексеруден кейін бар екенін және қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын айтқан. Осылай деп жазылған тексерудің қағазын қолына алған науқас не жыларын, не күлерін білмей қалғанын жасырмайды. Ал ол мемлекеттік емханадан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жеке клиникаға қаралуға жолдама алған. Төбесінен жай …
Подробнее...Борышкерді бұдан былай мәжбүрлі түрде үйінен шығармаймыз
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы қаласының әкімдігі, екінші деңгейлі банктер және қоғамдық ұйымдардың келісімімен меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес енді борышкерлерді мәжбүрлі түрде үйінен ешкім қуып шықпайды. Бұл туралы “Айна” хабарына тікелей байланысқа шыққан ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРНАР ОРАЗБАЕВ мәлімдеді.
Подробнее...Жұмыртқаны кім туады?
Ақмола облысында бір түнде 300-ге тарта үй құсы қырылып қалды. Мамандар өлген қанаттыларға құс тұмауын жұқтырды деген диагноз қойған. Былтыр да осы уақытта құс тұмауы болып, жаңа жыл қарсаңында жұмыртқа бағасы шарықтап кеткен еді. Бұл сценарий биыл тағы қайталана ма? Тауықтар мен қаз-үйрекке салған вакцинадан дәрмен жоқ па? Мұхтар Өміртай жалғастырады.
Подробнее...






