Науқас балаларға донор керек! Елдің трансплантологтары бүйрек, бауыр, жүрек секілді ағзаларды күтіп жүрген мұқтаждар санының артқанын айтады. Қазір бір бүйректің кезегінде шамамен 3500 адам тұр екен. Әсіресе, балалардың жағдайы қиын. Ал, қазақы менталитет тіпті кедергі болып отыр десек те болады. Мүфтияттың шығарған пәтуасы марқұмның дене мүшесін алып, басқа біреудің өмірін сақтап қалуға рұқсат берсе де, отандастарымыз көп жағдайда оған қарсылық …
Подробнее...Новости
Астанада ауа жоқ
Елорда жұрты тұншығып жатыр. Бас қаланы басқан жағымсыз иіс тынысты тарылтқан. Қолқаны қапқан көк түтін тұрғындардың тынышын қашырып қоймай, қаланың көркін де бұзды. Мамандар мұндай күндері спортпен айналысуға мүлде болмайды дейді. Көмір жаққан жұрт, дабыл қаққан экологтар турасында тілшіміздің сюжеті.
Подробнее...Жылыту маусымының сергелдеңі
Еліміздің солтүстік өңірінде жылыту маусымы басталғанына бір апта өтсе де әлі күнге дейін жылу берілмеген көпқабатты үйлер бар. Ал жер үйде тұратын азаматтар көмір сататын орындарды торуылдаумен жүр. Кейбір нысандарда жөндеу жұмыстары кестеден кешіксе, енді бірі жауаптылардың салғырттығынан пәтерлерінде тоңып отыруға мәжбүр. Аймақтағы жылу мәселесі жөнінде әріптесім Қайыркен Отыншы толығырақ.
Подробнее...Екі жыл орындалмаған Елбасы тапсырмасы
Батыс Қазақстан облысының шалғайдағы Бөкей Ордасы, Жәнібек аудандарына соңғы аптада қатынас қиындап кетті. Толассыз жауған жаңбырдан жолдың ми батпағы шығып, көліктер далада қалған. Ал Елбасы тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын басталған Казталов-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын трассаларының құрылысы көптің көңілінен шықпай тұр. «Мына қарқынмен таяу 10 жылда да жолдың жырына нүкте қойылмас», — дейді жергілікті жұртшылық. Осы өңірден әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.
Подробнее...Ту ма, әлде жапқыш па?
Байрақ па, әлде баннер ме? Атырау облысының тұрғыны мемлекеттік рәмізді мазақ еткен шенділерге шүйлікті. Әлеуметтік желіде тараған видеода автор әкімдік ауласындағы жиналып тұрған заттардың үстін тумен жауып қойғанын айтты.
Подробнее...Екпеден басқа ем бар ма?
Қазақстандықтарды тағы бір екпелеу науқаны күтіп тұр. Ол үшін үкімет сұйық дәрінің 2,5 миллион дозасын дайындап қойған. Вакцина демекші, елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі біраз төмендеген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп сүйіншілесе, Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин елдегі өрт қауіпсіздігіне қатысты жағымсыз статистикамен бөлісті. Осы және өзге мәселені Үкімет отырысынан тікелей қосылымда әріптесім Нұржан Сәдірбай айтып беруге дайын.
Подробнее...Таусылған дизель, даурыққан диқан
Астық үшін арпалыс. Солтүстік Қазақстан облысында 5 мың тоннадан астам бидайдың шіріп кететін түрі бар. Аймақтағы газ тапшылығы онсыз да оңайға түспеген орақ науқанында жығылғанға жұдырық болып отыр. Салдарынан дәнді-дақыл астық қоймаларының алдында апталап жатып, көгеруге айналған. Жиын-терім уақытында мұндай бассыздыққа жол берген кімдер? Шаруалардың шығыны кімнің мойнында? Әріптесім Айғаным Достанбай сабақтайды.
Подробнее...Тик-токқа тоқтам салу керек пе?
Шет мемлекеттер Тик-Ток әлеуметтік желісіне белгілі бір деңгейде шектеу салды. Тіпті 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер күніне 40 минут қана пайдалана алады деп заң шығарған елдер бар. Ал біздегі кішкентай «Тик-Ток сүйер» қауым үшін мемлекет тарапынан бақылаудың болғаны дұрыс па? Тілшіміз Мұхтар Өміртай сан алуан пікірлерді тыңдап, тұжырым жасап көрді.
Подробнее...Мемлекет басшысының қабылдауы
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының инвестиция министрін қабылдады. Пезидент елордаға Халид Әл-Фалихтің сапары Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудимен телефон арқылы болған мазмұнды әңгімелесудің жалғасы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізге 30 жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді. Өз кезегінде мәртебелі қонақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін ризашылығын жеткізді.
Подробнее...Оралда бала комаға түсті
Орал қаласында ойын баласы жазатайым қылқынып өліп қала жаздады. Оқыс-оқиға Громова көшесіндегі №11 үйдің ауласында өткен сенбі күні сағат үштер шамасында болған. 9 жастағы балақай спорт алаңындағы арқандардың біріне оратылып, ес-түссіз қалған соң, ауладағы басқа балалар ересектерді көмекке шақырыпты. Жедел жеткен дәрігерлер жеткіншекке тиісті жәрдем берген соң, жақын маңдағы қалалық ауруханаға жеткізген. Соның арқасында сырқаттың беті бері қарады дейді дәрігерлер. …
Подробнее...






