9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Үкімет өлтірмейді

Колледж студенттері енді тегін оқиды! Ал Халықаралық олимпиада жүлдегерлері кез келген оқуға конкурссыз өтеді. Білім, әлеуметтік мәселелер бүгін Үкіметтегі онлайн баспасөз маслихатында талқыланды. Министрлердің есебін тыңдаған әріптесім қазір бізбен тікелей байланыста. Гүлнәзия, Үкіметте тағы қандай жақсы жаңалықтар болды?

Подробнее...

Ақтауда лифт құлады

Ақтауда ішінде 7 адам мінген лифт құлады. Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеумжеліде тарады. Онда адамдардың құтқарушы мамандары күтпей, өз беттерінше шығып жатқанын байқауға болады. Абырой болғанда, апат кезінде жеделсатыдағылардың ешқайсы жарақат алмаған.

Подробнее...

Елдің үрейін алған кім?

«90-шы жылдарда өмір сүріп жатқандаймыз». Ақмола облысы Зеренді саяжайының мыңға жуық тұрғыны арнамызға осылай деп мұңын шақты. Жұрт арасында «Саяжай патшасы» аталып кеткен қауымдастық төрағасы қанша жылдан бері білгенін істеп, қарапайым халыққа күн көрсетпей жүрген көрінеді. Сонда ел-жұрттың есін шығарған басшыға «әй» дейтін ешкім жоқ па? Тұрғындардың ашуына тиген не мәселе? Әріптесім біліп көрген болатын.

Подробнее...

Күл-қоқыстан контейнер құтқара ма?

Ақтөбенің «ескірмейтін» проблемасының бірі – қоқыс. Әкімдер ауысады, ал мәселе – сол күйі тұр. Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, контейнер толы тұрмыстық қалдықтар. Көпқабатты үйлердің ауласына кірсеңіз апталап шығарылмай, тау болып үйіліп тұрған қоқысты көресіз.

Подробнее...

Субсидия дауы: Қызылорда облысында шаруалар шу шығарды

Қызылорда облысында шаруалар шулап жатыр. Айтуларынша, Үкімет берген көмегін қайта талап етуде екен. Дәлірек айтсақ, қайтарымсыз көмек ретінде берілетін субсидияны өңірдегі басқарма мамандары бюджетке қайтаруды талап еткен. Жауапты мекеме комиссия қателік жіберген дейді, бірақ миллиондарды шаруа қожалықтары қайтаруы керек екен. Түсініксіз жағдайды әріптесім зерттеп көрді.

Подробнее...

Шенеуніктердің «Тәбеті»

Шашулар шеруі басталды. Жоқ, тойдың шашуы емес, бюджеттің қаражатын оңды-солды жұмсап жүргендерді айтам. Шенеуніктердің бұл әрекеті әсіресе жыл соңына қарай көрініп қалатыны бар. Қазынаның қаражатын игеріп біту үшін мыңғырған миллиондарды бейберекет жұмсау басталып та кетті. Осындай деректердің бірнешеуін әріптесім Айғаным Достанбай топтастырды.

Подробнее...

Банк үйіңізді тартып алмасын десеңіз…

Қаржылық қиындық пен қарыз кез келген адамның басына түсуі мүмкін. Банк баспанаңызды не басқа мүлкіңізді тәркілегелі жатыр делік. Не істеуге болады? Еңбекпен тапқан затыңыздан айырылмаудың амалдары бар ма? Барын кепілге қойып, несие алған азаматтарға заңгерлер мен қаржыгерлердің берер кеңесін әріптесім Берік Байғара тыңдап қайтты.

Подробнее...

Аманатқа қиянат

Небәрі 3-ақ айда үйлі боламыз дегендер бармақ тістеп қалды. Елімізге белгілі тұтынушы кооперативінің салымшылары баспанаға қол жеткізе алмай, шарқ ұрып жүр. Не ақша қайтпайды, не ешкім ашығын айтпайды. Бүгін қоныс тойын ұзақ күткен бір топ адам бас кеңсеге келіп бұлқан-талқан болды. Тараптардың тартысы немен біткенін тілші біледі.

Подробнее...

Балабақшаға қарумен кіріп, кімді атпақ болған?

Алматыда балабақшаға келген жігіт оны кіргізбеген күзетшілерге тапанша кезеніп, қорқытқан. Қарулы азаматқа қарсы тұра алмаған есіктегілер оны ішке кіргізуге мәжбүр болыпты. Бұл оқиға туралы естіген ата-аналардың үрейі ұшты. Балабақшаға тапаншамен келетіндей, ер адамның ойында не болған? Ол өзі жалпы кім? Ұлан Тәліпбай айтып береді.

Подробнее...

«Qoslike» жобасына — 2 жыл!

Дәл осындай қиын жағдай кез келген азаматтың басына келуі мүмкін. Банк баспанаңызды не басқа мүлкіңізді тәркілегелі жатыр делік. Не істеуге болады? Еңбекпен тапқан затыңыздан айырылмаудың амалдары бар ма? Барын кепілге қойып, несие алған азаматтарға заңгерлер мен қаржыгерлердің берер кеңесін әріптесім Берік Байғара тыңдап қайтты.

Подробнее...
X