14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Аттракциондағы ажал

Аттракционнан ана дүниеге аттанып кетті. Шымкенттегі «Қиял әлемі» саябағында қайғылы оқиға болды. Саябақта демалып жүрген ер адам әткеншекке мінгеннен кейін аяқ астынан денсаулығы сыр беріп, қайтыс болған. Марқұмға бірінші болып саябақ қызметкерлері көмек көрсетпек болғанымен, оларынан түк шықпаған. Оқиғаның мән-жайын Ғалымжан Кенжебек тарқатады.

Подробнее...

Балалар бассейнде уланды

Алматыда балалар жаппай уланды. Жүзумен айналысатын жеткіншектер кезекті жаттығуға келген сәттен өздерін нашар сезінген көрінеді. Ал, бір апта бұрын ғана бассейннің суын тазартып, керекті мөлшерде хлорлап тұратын жаңа қондырғы орнатыпты. Қазір жеткіншектер түгел дәрігерлердің бақылауында. Олардың жағдайы қалай? Суға у қосқан кім? Әріптесім айтып берсін.

Подробнее...

Алты адамның өмірін жалмады

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Олардың жағдайына да дәрігерлер алаңдап отыр. Қайғылы оқиға күре жолдың бойында, таңға жуық болған. Жалпы, соңғы кездері Жамбыл өңірі десе, алдымен жарылыс, сосын осы жол-көлік оқиғалары бірден ойға келетін болған. Осыдан бірер күн бұрын Таразда аялдамада тұрған бір топ адамды көлік қағып, 2 әйел ажал құшқан …

Подробнее...

Нұр-Сұлтанда педофил ұсталды

Азғындар заңнан да, адамнан да аяқ тарпайтын болған. Бас қаланың тұрғындары көшеден кішкентай қызды сүйреп әкетіп бара жатқан еркекті ұстап алды. Жанұшыра көмек сұраған 12 жастағы жеткіншекті 25-тегі жігіттен арашалап алып, тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрыпты. Оның ойында не болған? Тілшіміз оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Подробнее...

Ауылдың астаң-кестеңі шықты

Тұрғындар түгел ауру болдық. Күршім ауданының Маралды елдімекенінде өндіріс жұмыстары басталғалы халықтың мазасы қашты. Ауыл азаматтарының жоқ жерден ауру тапқаны аздай, малдарын жаятын шабындық та қалмаған. Өзен-көліміз лайланып, аумақтың астан-кестеңі шықты деп жұрт арнамызға арызданды. Мән-жайды тілшіміз баяндайды.

Подробнее...

Жол азабын тартқан ауыл

Ақтөбеде ұмыт қалған ауыл бар. Тұрғындары өздерін солай атайды. Облыс орталығының тап іргесінде отырса да, қатынас қиын. Қоғамдық көлік елдімекенге кірмейді, ал таксистер артынып-тартынып келе жатқанымызды көрсе, өзімізге дүрсе қоя береді дейді. Базынасын айтайын десе, әкім-қараларды кезіктіре алмай жүрген ауылдықтардың жайын Ақбаян Сұлтанмұратова біліп қайтқан еді.

Подробнее...

Алматыда 5 адам қаза болған атысқа не себеп болған?

Алматыдағы атыс кезінде көз жұмған бес адамның ныспылары анықталды. Олардың екеуі полиция қызметкерлері, біреуі сот орындаушысы. Сондай-ақ, үйдің жаңа қожайы мен оның досы. . Біздің тілшімізге куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ал билік өкілдеріне оқ жаудырған күдіктінің әйелі қандай уәж айтты? Сюжет көрелік.

Подробнее...

“Сен кетсең, басқасы келеді!” Зілтеміршілер назы

Азия чемпионы, небәрі 25 жастағы зілтемірші Альберт Линдердің қазасы көпшіліктің көкейіне көп сұрақ қалдырып кетіп еді. Өзіне қол салған ауыр атлеттің інісі «Қазаға кінәлілер жазасын алсын» деп жазба жариялаған. Бірқатар спортшылар әділдік іздеп медальдарын қоқысқа лақтырды. Ауыр атлеттер кімге өкпелі? Қазаға кім кінәлі? Мұхтар Өміртай өрбітсін.

Подробнее...

Той жасауға рұқсат берілді

Енді тойхананың артынан емес, адам ұқсап алдыңғы есігінен кіретін болдық! Иә, көрермен, араға бір жарым жыл салып, той жасауға рұқсат берілді! Тиісті қаулы тура бір аптадан кейін күшіне енеді. Бірақ, бірқатар талап бар. Сондай-ақ әр аймақтың той өткізуге қатысты өз ережесі бар. Арғысын Айғаным Достанбай айтсын.

Подробнее...

Сапасы сын көтермейтін баспана

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болғандар бармақтарын тістеуде. Жылдар бойы аңсап жүріп қол жеткізген пәтерлерінің сапасы сын көтермейді екен. Тіпті, үйлерін алғандарына жарты жылға жуық уақыт болса да инфрақұрылым мүлдем тартылмаған деп ашынады. Енді баспанасы бар, бірақ әлі күнге дейін пәтер жалдап жүргендермен тілші тілдесіп қайтты.

Подробнее...
X