18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Базарда сақ болыңыз!

Бетін ары қылсын. Өрт бола қалса, базардағылар бас сауғалай ала ма? Елордалық құтқарушылар сауда орындарындағы қауіпсіздік талаптарын тексеріп, рейд ұйымдастырды. Айналдырған тоғыз айдың ішінде 18 оқиға тіркелген. Қызыл жалынның кесірінен шағын бизнес өкілдері миллиондаған шығынға батуда. Берік Байғара супермаркеттердегі өрттің салдары мен жанып кеткен мүліктің құнын кім төлеп беруі керек екенін біліп қайтты.

Подробнее...

20 күн нәр татпаған жұмысшылар

«Обухов» кен-байыту комбинатындағы дау әлі күнге шейін шешілер емес. Жұмыстан заңсыз айырылдық деген бір топ жұмысшы 20 күн бойы нәр татпай, денсаулықтары нашарлап, төсек тартып жатып қалған. Ал содан бері олардың жағдайын білуге жергілікті биліктен бірде-бір шенеунік келмепті. Ашынған азаматтар 400 жұмысшыға араша түсе алмаған аймақ басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. Табысынан айырылған жандардың жанайқайы келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Ұлттық қордың түбі көрінді

3-4 жылда Ұлттық қорды тауысып бітуіміз мүмкін. Себебі бюджеттің кірісінен гөрі шығыны шаш етектен. Экономистер осылай деп дабыл қағып отыр. Ол үшін Үкімет маңызы жоқ салаларға оңды-солды ақша жұмсауды доғаруы қажет. Қазір қорда қанша қаражат бар? Экономистер неге алаңдаулы? Әріптесім Айғаным Достанбай сабақтайды.

Подробнее...

Ресейде студент атыс ұйымдастырды

Ресейдің оқу орнында тағы да атыс болып, 8 адам көз жұмды. Бұл жолы Перьм қаласының 18 жастағы тұрғыны өзі оқитын университетке баса-көктеп кіріп, ондағыларға оқ жаудырған. Көршілес елдің ақпарат көздері таратқан бейнежазбада жоғарғы қабаттан студенттердің секіріп, біршамасының қан-жоса болғанын байқауға болады. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Нұржан Сәдірбай баяндайды.

Подробнее...

Әкім арықтан су ішті

Әкім арықтан су ішіп, айды аспаннан шығарды. Таза суға жарымаған Түркістан облысындағы қос ауыл тұрғындары шу шығарды. Мәселен, Алпамыс елдімекеніндегілер әкімді шақырып, біздің тілшілердің көзінше лас судан дәм татуын сұраған. Талапты орындаған ауыл басшысы арықтан аққан сұйықтықты минералды су деп, бет бақтырмады. Сонда мал ішіп жүрген су витаминге бай, ағзаға пайдалы минерал болып шыққаны ма? Тілшіміз жалғастырады!

Подробнее...

Құнды кітаптар құрып барады

19 ғасырдан бері сақталып тұрған 6 миллионға жуық кітап пен мерзімді басылым құрып кетуі мүмкін. Себебі Алматыда орналасқан Ұлттық кітап палатасының қоймасы заманауи жабдықталмағандықтан, ғасырдан астам тарихы бар құнды жәдігерлер бүлініп кетуі ықтимал. Ол аздай, айналасын асхана, монша, жанармай құю бекеті қоршап тұр. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

Подробнее...

Көрерменнің уақыты қымбат

Жаңалықтарды жаңаша тарату қажет. Болашақта көрерменнің көгілдір экранға көңілін аудару үшін арналар дәстүрлі форматтан бас тартуға мәжбүр болуы мүмкін. Бүгін Еуразиялық медиа форумда мамандар осындай пікірлерді ашық айтты. Көрерменді телефон мен интернеттен теледидарға қайта қайтару жолын Берік Байғара біліп қайтты.

Подробнее...

Темекі шегетін оқушылар

Соңғы кездері жастар арасында электрондық темекінің тың түрі белең алуда. Вейп немесе злектронды шылымды көшеде мектеп жасындағылардың да ұстап жүргенін көруге болады. Құрамында никотині бар тауарды тасымалдаушылар интернетте виртуалды дүкен ашып, еркін саудаға кіріскен. Қорабында «обыр дертіне әкеліп соқтыруы мүмкін» деген ескертпе болса да, темекіге жастар неге әуестігін Нұржан Сәдірбай зерттеді.

Подробнее...

Тәліптерден қауіп қандай?

Ауғанстанда ойран салған тәліптердің Орталық Азияға қаупі қандай? Елордада бір топ сарапшы бас қосып, қазіргі жағдайға баға берді. Жиын Қазақстан, Ресей, Қырғызстан сарапшыларының қатысуымен өтті. Талибандардың қарқыны бүгінде бүкіл әлемді алаңдатып отырғаны рас. Оның ішінде іргелес Орталық Азия елдеріндегі ахуал мен Талибан үкіметінің алдағы жоспары шолушылардың пікірталасына арқау болды. Отандық мамандар бұқаралық ақпарат құралдарында тәліптер мен олардан төнер қауіптің деңгейі …

Подробнее...

Елордада медиа форум жалғасуда

Фейк ақпарат насихат па, әлде адамдарды жаңылыстыру үшін әдейі жасала ма? Астанада өтіп жатқан дәстүрлі медиа форумда саланың сарапшылары бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауда. Бүгін салтанатты түрде ашылған жиынға Елбасы мен Мемлекет басшысы құттықтау сөзін жолдап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күн бойы форумға қатысып, шетелдік спикерлерді тыңдап, шеберлік сабақтарын алған әріптесім Берік Байғара толығырақ баяндап береді.

Подробнее...
X