Семей маңындағы Мирный кентінің тұрғындары су астында қаламыз ба деп қауіптенеді. Себебі, қала билігі елдімекенді өзеннен қорғап тұратын сап-сау бөгетті сүріп тастап, орнына жаңасын салмақ болған. Ал күз болды, жұмыс әлі басталған жоқ. Жобаға қомақты қаражат бөлінгенін білген әлеумет атқамінерлерге талабын айтты. Су тасқынынан жүректері шайылып қалған өңір жұртымен әріптесім тілдесіп келді.
Подробнее...Новости
Былыққа батқан білім ордасы
Былыққа батқан білім ордасы! Түркістан облысы, Келес ауданының оқушылары әжетханада білім алып жүр. Себебі, Алпамыс ауыл округіндегі 600 балаға шақталған білім ордасында қазір 1000-ға жуық оқушы оқиды. Кей кездері сынып таппай сандалған мұғалімдер акт залында балаларды оқытуға тура мәжбүр болады екен. Осы жағдайға ашуға булыққан тұрғындар әкім-қаралар бізді мүлдем ұмытып кеткен деп ашынады. Амалдап балаларға білім беріп жүрген ұстаздар мен …
Подробнее...Өрт қауіпсіздігі сақталмаған
Сондай-ақ, елорданың тұрғындарынан арнамызға тағы бір арыз-шағым келді. Айтуларынша, көпқабатты тұрғын үй кешені пайдалануға берілгелі өрт қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Ал жауаптылар не дейді? Неге екі тараптың уәжі бір-біріне сай келмей отыр? Тілші тарқатсын.
Подробнее...Аялдамада 2 әйел мерт болды
Таразда таңертеңмен аялдамада автобус күтіп тұрғандарды автокөлік қағып, екі әйел мерт болды. Тағы бернеше адам ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік жол апаты бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбаға бей-жай қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда бұл жантүршігерлік оқиға бойынша тергеу амалдары басталып кетті.
Подробнее...350 мың оқушы психологиялық қысым көрген
Елімізде бір жылдың ішінде 350 мың оқушы интернеттегі түрлі психологиялық қысымға тап болған. Салдарынан кибербуллинг балалардың өміріне қауіп төндіруде. Бүгін төменгі палата депуттатары балаларды қорғауға қатысты бірқатар заңды қарастырды. Тілшіміз толықтырсын!
Подробнее...Елордада еуразиялық медиафорум басталды
Елордада 17-ші Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады. Былтыр пандемияға байланысты болмаған іс-шара, биыл онлайн форматта өтіп жатыр. 3 күнге жоспарланған форумда бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, экология, футурология саласының үздіктері қазіргі әлем туралы пікірлерімен бөліседі. Бірінші күн қалай өткені туралы Берік Байғара баяндап береді.
Подробнее...Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылды
Алматыда «Жанұя» жетімдер үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылды. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада бойжеткен қыздың жұдырық жеген сәтін анық көруге болады. Жанжалға тіпті орталықта жұмыс істейтін тәрбиешілердің өзі араша түсе алмай жатқаны видеоға жазылып қалған. Қорғансыз балаларды қорғап жүрген құзырлы органдар оқиға тамыз айында болған деп бастарын алып қашуда.
Подробнее...Далада қалған елордалықтар
Елордада 15 пәтер иесі заңды үй болса да, баспана жалдап, өзгенің үйін паналауға мәжбүр. Күз келгенде жеке шаршы метрсіз қалғандар бұған газ дүрсілі мен әкімдікті кінәлайды. «Сарыарқа» ауданына қарасты астаналықтардың сөзінше, техногендік апат шілде айында болса да, ақжағалылар адамдардың үй-жайын әлі де шешіп бермеген. Толығырақ Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...Мектептегі кабинеттерге улы зат шашып, балаларды улағндары рас па?
«12 жастан асқан балаларға екпе сала ма? Мектепте денсаулыққа аса қауіпті антисептиктер қойылып, кабинеттерге улы зат шашуда!». Әлеуметтік желіде желдей ескен осындай ақпараттар жаңа оқу жылы басталғалы елді дүрліктіргені рас. Оқушыларға вакцина салу үшін қаулы шыққаны рас па? Мектептерде шашып жатқан у ма, әлде құр шу ма? Бұған құзырлы органдар не дейді? Анығы қайсы? Тілші бейнематериалынан көріңіз.
Подробнее...Көкжөтел болдық!
Көкжөтел болып, аллергиямыз асқынды. Маңғыстау облысындағы бүтін бір ауылдың шаңнан шырқы бұзылды. Бұған цемент зауытына техника таситын жеке базаның жүк көліктері себеп. Кәсіпкердің әрекетіне ашынған жұрт бизнес иесін ел алдына шығып, мәселені тез арада шешуді талап етті. Бірақ нысан иесімен тілдесу мүмкін болмады. Бұған шамданған ауылдағылар база қызметкерінің бірін айқайдың астына алып, қол көтеруге дейін барды. Сюжетте толығырақ!
Подробнее...






