0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

СҮЙЕК ТЕРГЕН АУЫЛ

Астананың түбінде қайтыс болған жақындарын жылына екі-үш рет көміп, құран бағыштайтын халық бар. Нұра өзені арнасынан тасып, бейітті шайып кетеді. Сол кезде, адам қаңқасы су бетіне қалқып шығады. Кімнің сүйегі екенін де ажырата алмаған соң, әйтеуір қара жамылып, қайта қайта жерге табыстайды. Өзен асауланып тасыса, табиғаттың тосыны дерсің, бірақ, мазар маңындағы топырақты кәсіпкерлер таси-таси тауысқан.

Подробнее...

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ САПАРЫН ТАҒЗЫМ ЕТУДЕН БАСТАДЫ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары тарих пен тағзымнан басталды. Президент алдымен «Ата бейіт» ұлттық мемориалдық кешеніне барып, 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Мұнда қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік қуғын сүргін құрбандары жерленген.

Подробнее...

12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНАДЫ

Еліміз Еуразияның жетекші хабына айналуға ұмтылып жатыр. Ол үшін халықаралық маңызы бар автожолдар жаңғыртылып, жаңа көлік дәліздерінің қазығы қағыла бастады. Сондай-ақ ірі логистикалық орталықтар да салу жоспарланған. Негізі, бұл бастама мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан” заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм атты Жолдауында көрініс тапқан. Былтыр наурыз айында Ұлттық құрылтайда да президент кемінде 12 мың шақырым автожолды реконструкциялау және жөндеуден …

Подробнее...

ПРЕМЬЕР ЖОЛДАРДЫ БАҚЫЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен еліміздегі автокөлік жолдарының сапасын арттыру бойынша жиын өтті. Шарада көлік желісін жаңғыртуға қатысты Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды. Көлік министрлігінің мәліметінше, трассалардың жалпы ұзындығы 185 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 25 мың шақырым, жергілікті деңгейде 70 мың шақырым жол және елді мекендердің 90 мың …

Подробнее...

ЖЕРІНЕН АЙЫРЫЛҒАН ДИХАНДАР ЗАР ЕҢІРЕП ЖҮР

Түркістан облысында жүздеген диқан жерінен айырылып қалды.Олардың талай жылдан бері егіншілікпен айналысып келген телімдері жекенің қолына өтіп жатыр екен. Осылай деген шаруалар даурығып бармаған жері, баспаған таулары жоқ. Бірақ, нәтиже шығатын түрі жоқ. Тіпті, жаңадан салынатын зауыттар ауылды экологиялық апатқа әкеп соқтыруы мүмкін деп отыр. Өңірдегі тілші Жетісайлық дихандардың мәселесін тыңдап қайтақан болатын.

Подробнее...

БІР ЖАСАР БҮЛДІРШІН АУЛАДА ТОҚҚА ТҮСТІ

Алматыда бір жасар сәби тоққа түсіп қалды. Баланың қолы жарық бағанының түбінен шығып тұрған темірге жабысып қалыпты. Анасы байғұс өзін құрбан етіп, тоқ ұрса да шырылдап жүріп, қызын әзер ажыратып алған көрінеді.

Подробнее...

ПРЕЗИДЕНТ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жиын өтті. Іс-шараға премьер-министр Олжас Бектеновтен бастап, президент әкімшілігінің басшысы, Ұлттық банк төрағасы, аудиторлияқ палата төрағасы сынды лауазымды тұлғалар қатысты. Дөңгелек үстелде мемлекет басшысына экономиканың жағдайы, дамуы және 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндама жасалды. Талқылау барысында президент республикалық және жергілікті деңгейдегі қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы …

Подробнее...

ТОҚАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА БАРА ЖАТЫР

Қазақ-қырғыз ынтымақтастығы жаңа деңгейге шығады. Апта соңына қарай мемлекет басшысы ресми сапарлап Алатаудың арғы бетіне табан тірейді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз жеріне әріптесі Садыр Жапаровтың шақыруымен бара жатыр. Бұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бішкекте қос тарап екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту бойынша келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, екі көшбасшы Қазақстан мен Қырғызстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Подробнее...

ТОПАН СУДЫҢ САЛДАРЫ

Пәкістанда жаңбырлы маусым басталғалы 700 адам көз жұмды. Күні кеше тағы 100 адам жоғалып кетті. Ал Газа секторында соғыс өрті жалмаған жандар 62 мыңнан асты. Халықаралық ұйымдар қақтығыс тоқтамаса, қара жамылған отбасылар тағы көбейе береді дейді.

Подробнее...

СПОРТ КЕШЕНІ КЕРЕК?

Бұқаралық спортты дамытамыз деп, қариялар ден қойғанда жергілікті билік жарытпады. Ақсақалдардың қызығушылығы арта бастағанда, спорт кешенін апатты деп жауып тастапты. Егер қабырғасы қақырап, сылағы сыр берсе, неге, ескі нысанды қайта жөндеді -дейді әлеумет.

Подробнее...
X