Жылдың аяқталуына небары 3 ай қалғанда әкімдер мен министрлер қазынаның қаражатын игере алмай әлек. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі баяндады. Бюджетті берекелі жұмсай алмай отырған ведомстволардың «қара» тізімін Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Төтенше жағдай министрліктері бастап тұр екен. Бұдан бөлек, бірқатар аймақтың әкімдері қомақты сомаларды уақытылы жаратып үлгере алмауда.
Подробнее...Новости
Далада қалған елордалықтар
Елордада 15 пәтер иесі заңды үй болса да, баспана жалдап, өзгенің үйін паналауға мәжбүр. Күз келгенде жеке шаршы метрсіз қалғандар бұған газ дүрсілі мен әкімдікті кінәлайды. «Сарыарқа» ауданына қарасты астаналықтардың сөзінше, техногендік апат шілде айында болса да, ақжағалылар адамдардың үй-жайын әлі де шешіп бермеген. Толығырақ Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...Қыз тумадың деп келіншегін кемсіткен еркек кім?
Қыз тумадың деп келіншегін кемсіткен еркекке іздеу жарияланды. Балаларын тағдыр тәлкегіне тастап, үйінен қашып кеткен отағасы қайда жүр? «Еуразия» бірінші арнасында бүгін тұсауы кесілетін жаңа жобадан көріңіз! Жаңалықтардан кейін жаңа ток-шоу бүгіннен бастап эфирге шығады. Бағдарлама ұжымы тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн көрермендермен байланыста.
Подробнее...Алданған үлескерлер айқайы
Алданған үлескерлер. Елоданың сол жағалауынан баспана алған тұрғындар, пәтерді сатар уақытта уәдені үйіп-төккен мердігерге наразы. Себебі, кешенді жұртқа таныстырған сәтте жауаптылар бұл маңда аурухана да, мектеп те, қажетті нысандардың барлығы бой көтереді деп сендірген. Тіпті, сөздерін растау үшін қаланың сәулет жоспарын да көрсетіпті. Бірақ жұрт думандатып жаңа үйге кірген кезде жанына әлеуметтік нысандар емес, тағы да көпқабатты үйлер салынып жатыр …
Подробнее...Маңғыстауда мал әлі қырылып жатыр
Маңғыстау өңірінде төрт түлік әлі де қырылып жатыр. Аман қалған мал басын асыраудың өзі шаруаларға оңайға түспеуде. Жылда 1000 теңгеге саудаланып жүрген жемнің бағасы қазір 2000-ның үстіне шарықтап кеткен. «Ал Үкіметтен түскен тиын-тебенге алған азық небары 1 айға зорға жетеді», – дейді тұрғындар. Аймақтағы ахуал қашан оңалады? Жасанды жаңбыр жауғызудың машақаты қандай? Тілшіміз сабақтайды.
Подробнее...Ұрсып қалса, үйіңізді өртеп жібереді
Гуля келе жатыр. Бұл тіркес қазір астана маңындағы Ақкөл жұртының жүрегін аузына тығатын сөздер. Айтуларынша сол ауылда тұратын келіншек біреумен ренжісіп қалса, бірден сол адамның үйін өртеп жібереді екен. «Үй өртегіш» деген лақап ат иемденген тұрғын, осы уақытқа дейін он шақты үйдің күлін көкке ұшырған көрінеді. Оған сот жоқ па? Үреу құшағында отырған елді мекенге біздің журналист барып келді.
Подробнее...Шымкенттік саудагерлер сан соғып қалды
Екі түйе үйкелсе, арасында шыбын өледі. Шымкентте әкімдік пен прокурорлардың шешімі бір жерден шықпай, саудагерлер шығынға батты. Өйткені біраз жылдан бері жұмыс істеп тұрған сауда үйі аяқ астынан сүрілетін бопты. Сатушылардың шырылдағанына құлақ аспаған Әділет департаменті техникаларын сайлап, осы маңда нысанды жермен-жексен етуге дайын тұр. Бір қызығы, былтыр ғана орталық қожайыны техникалық талаптарға сай етіп, ғимаратымды қайта тұрғыздым дейді. Биыл …
Подробнее...Терезесі жоқ мектеп
Терезесі жоқ мектеп. Атырау облысында дәл осындай білім ордасы бар. Мұнайлы өңірдегі ерекше жобамен салынған ғимараттың ішінде шәкірттерге ауа жетпей, жүректері қысылып жатқан көрінеді. Аналардың жанайқайын Берік Байғара баяндап береді.
Подробнее...Қызының туған күнінде қайтыс болды
Бүгін Алматы таңы жантүршігерлік жол апатымен атты. Елден ерте тұрып, қызының туған күніне сыйлық алып, көлігіне отыра берген жігітті басқа автомобиль қатты жылдамдықпен келіп қағып өлтірді. Ала таңнан жақынына жылу сыйлап қуантам деп ойлаған азаматты асыққан жүргізуші мерт қылып, туыстарын қайғы жұттырды. Оның қасындағы жолаушысы да сол жерде жан тапсырған. Апат орнында тағы бес адам жарақат алыпты.
Подробнее...Стадион үшін жаға жыртыс
Стадион үшін жанталас! Шымкенттегі Қызылжар шағын ауданының тұрғындары стадион орнына емхана салынуына үзілді-кесілді қарсы. Себебі, 70 жылдық тарихы бар спорт орнын талқандаудың ешқандай қажеттілігін көріп тұрғанымыз жоқ деп ашынады. Ал емхананы басқа орынға салуға болады деп жиналғандар полиция қызметкерлерімен жаға жыртысуға дейін барды. Қос тараптың стадион үшін текетіресін аймақтағы тілші Ғалымжан Кенжебек тарқатады.
Подробнее...






