Өмірге қауіпті бекеттер. Жамбыл облысының тұрғындары жанар-жағармай құю станциясының салынуына қарсы. Себебі, бензин сататын орын дәл үйлерінің іргесіне тұрғызылғалы жатыр екен. Ал, жуырда ғана Ресейдің Новосібір қаласында жанармай бекетінің жарылғанын естіген бұқараның қарсылығы тіптен күшейіп, құзырлы органдарға талабын жеткізді. Жалпы, еліміз бойынша мұндай нысандар қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтайды? Бұл жөнінде төтеншеліктер не дейді? Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.
Подробнее...Новости
Берекені алған құрылыс
Коммуналдық желіні жаңартып, су кіргіземіз деп, жолдың быт-шытын шығарды. Онымен үйге келіп тұрған таза су да жоқ. Алматылық ағайынды ашуландырған құрылыс бір жылдан бері сиырқұйымшақтанып келеді. Наурызбай ауданының Құрамыс ықшамауданының тұрғындары шаң мен топырақтан шаршадық дейді. Мұнысымен қоймай құбырларды да тұрғындар қалай болса солай тастап жатқанын және бұған ешкімнің бас қатырғысы келмейтінін алға тартты. Жаппай көшеге шығып кеткен жұртқа біздің …
Подробнее...Газ өңдеу зауыты өртенді
Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытының өндірістік аумағында алапат өрт болды. Нысандағы компрессорлық цех өртенді. Жалын 980 шаршы метр аумақты шарпыған. Соның салдарынан ауамен салқындату аппаратының конструкциясына зақым келген. Ал осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде химикаттар ағып кетіп, ауаға зиянды заттар тарады деген ақпарат тарауда. Бұл қаншалықты шын? Тілшіміз анықтап көрді.
Подробнее...Су, жол, жарық, интернет жоқ «жібек жолы» ауылының тұрғындары шеруге шықты
Елорданың іргесіндегі Жібек жолы ауылының тұрғындары шеруге шықты. Жергілікті әкімдік рұқсат бермесе де, елді мекен жұрты бейбіт митинг өткізді. Құрылысы тұралап қалған мектептен әкімдікке дейін жаяулатып жүргендер бұдан басқа амалымыз жоқ дейді. Өйткені, шенеуніктер 20 жылдан бері халықтың жанайқайын естісе де, қордаланып қалған мәселелерін шешпей келеді екен. Шеруде шерін тарқатпақ болғандармен Нұржан Сәдірбай тілдесті.
Подробнее...Қаржы жымқырғандар сотталды
Нұр-Сұлтандағы Максим Горкий атындағы орыс драма театрына жүргізілген күрделі жөндеу кезінде 400 миллион теңгеден астам соманы қолды еткендер сотталды. Үкімді Алматы ауданының №2 соты шығарды. Судья, өнер ордасының экс-директоры мен оның орынбасарын және құрылыс компанияларының үш жауапты тұлғасын бас бостандығын шектеуден бастап, 9 жылға дейін соттады.
Подробнее...Ауадан ақша тапқан
Қараша халықты сан соқтырып кетті. Түркістан облысы Сайрам ауданының 26 жастағы тұрғыны көпбалалы аналардың атынан онлай несие рәсімдеп, қарызға белшесінен батырған. Алаяқтың арбауына ілініп қалғандардың саны 400-ге жуық. Күдікті әрқайсысының атынан кем дегенде банктен 800 мың теңгеден бастап, 6 милллион теңгеге дейін кредит алыпты. Сорақысы сол алданғандардың арасында алаячқтың туымтары джа бар екен. Ғалымжан Кенжебек тарқатып айтады.
Подробнее...Ақтөбеде 3 жасар бала тірідей жанып кетті
Ақтөбе облысында 3 жасар бала аулада тұрған көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жанында болған 7 жастағы ағасын өртке оранған автомобильдің ішінен алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ер бала да есін жимастан түнде аудандық ауруханада мерт болған. Ер балалар отбасындағы төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған.
Подробнее...Түлектерге екінші мүмкіндік қашан беріледі?
Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру мәселесі шұғыл шешілуі керек. Мәжілісте депутаттар Білім және ғылым министрлігіне осындай сауал тастады. Түлектерге екінші мүмкіндік берілгенімен, тестілеудің нақты мерзімі ресми хабарланған жоқ. Тек ауызша түрде тамыздың соңына белгіленген. Осыған алаңдаулы ата-аналар мәжілісмендерге хат жолдапты. Сонымен қатар, депутат Серік Ерубаев түлектердің тест нәтижесіне қашықтан оқыту кезіндегі стрестік жағдайлардың ықпал еткенін де атап өтті.
Подробнее...Текеліде көпқабатты үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті
Текеліде қатты желдің күшіне шыдамаған көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы сылағы сылынып түсті. Әйтеуір, ешкім зардап шекпеген. Осылайша, бірер жыл бұрын жасалған жөндеу жұмыстарының сапасы қайта сыр беріп жатқан көрінеді. Өйткені, 2009-жылы қолданысқа берілген баспананың сыртқы қасбеті 2018 жылы ғана ретке келтірілген екен. Оған бюджеттен 3,7 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Тұрғындар да үйіміздің сырты осыған дейінгідей сұрықсыз болып, қанша тұрар екен …
Подробнее...Жол қайда?
«Біз әбден біттік пе?» Сапасыз жолға күйінген Қарағанды өңіріндегі Қаражал қаласының тұрғындары Мемлекет басшысын шағымданбақ. Өйткені, былтыр ғана жөнделген жол қар суымен ағып кеткеніне сенімді. Миллиондар жұмсап салып, кейін тоз-тозы шыққан асфальтты енді кім жөндейді? Жауапты мекеме бұған не дейді?
Подробнее...