3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Атырауда мұғалім 6 ай өлікті үйінде жасырып ұстаған

Мектепте істейтін мұғалім алты ай бойы өлікпен тұрған. Бұл қорқынышты фильмнің желісі емес, елімізде болған оқиға. Білдей ұстаз нағашысының мәйітін ұзақ уақыт бойы сарайда жасырып келіпті. Ең сорақысы, сот бұл сұмдыққа барған келіншекті кінәсіз деп танып, бостандыққа жіберген. Марқұммен жарты жыл бірге өмір сүрген жаннан қорыққан ауылдастары оның сотталуын талап етуде. Сұмдық жайттың жай-жапсарын сюжеттен көріңіз!

Подробнее...

Аштықты қолдан жасаған кәсіпкер кім?

Аштықты қолдан жасап отыр! Ақмола облысында тұтас бір ауылдың халқы әкімдеріне осылай деп ызаланып отыр. Атқамінерлер ауыл шаруашылығы жерлерін жекенің қолына өткізіп, енді елдімекен жұрты жайылым таппай қиналып жүр. Бірі мал басын қысқартуға мәжбүр болса, өзгесі айыппұлдың астында қалып жатыр. Неге? Мәселенің ақ-қарасын әріптесім анықтап көрген болатын.

Подробнее...

Азық-түлік бағасы қашан тұрақталады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген азық-түлік бағасы бүгін Үкіметте де талқыланды. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 11%-ға қымбаттаған. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда екі есеге артық. Ал шенеуніктер тұрғындарға қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін бірнеше маңызды қадам жасауға ниетті. Толығырақ Қайыркен Отыншы тарқатады.

Подробнее...

Танкистер күніндегі таудай бонустар

Компьютерлік ойынға байланған, онлайн соғыстың батырлары үшін де жаңалық бар. Танкистер күні қарсаңында «WORLD OF TANKS» ойыншылары мерекені ыңғайлы әрі құнды сыйлықтармен атап өтеді дейді. Wargaming компаниясы биыл онлайн форматта бірқатар конкурстар мен турнирлер әзірлеген. Ал, Beeline-ның «Ойынға» тарифіне қосылғандар ең көп бонустарға ие болмақ. Ақпатарттың егжей-тегжейін тілшіміз баяндасын.

Подробнее...

Автобус зары: «Біз миллионер ем еспіз!»

«Біз миллионер емеспіз!». Ақтөбенің Пригородный ауылының тұрғындары әкімнен автобус мәселесін шешіп беруді сұрайды. Әйтпесе, такси жүргізушілеріне жем болдық деп отыр. Қоғамдық көлік дұрыс қатынамайтынын біліп алған көліктегілер бағаны аспандатып жіберген. Күн сайын қалаға қатынау үшін кемі 5000 теңге сұрайтын көрінеді. Ауылдықтардың базынасын тыңдап келген Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.

Подробнее...

Автобус азабы

Семейдегі 18-подстанция тұрғындары төрт айдан бері автобус көрмеген. Арнамызға шығыстағы шаһардың тұрғындары хабарласып, шағым айтты. Қоғамдық көлік қатынамағасын, ел-жұрт қалаға тек таксимен қатынайды. Ал қаржысы жетпегендер бірнеше шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Егде жастағылар мен балаларымыз бар деп қам жеген семейліктер алдағы қыста қайтерін білмей отыр.

Подробнее...

Астық тапшылығынан биыл шаруалар шығынға батады

Биыл шаруалар шаш етектен шығынға батуы мүмкін. Сарапшылар осы жылы астық 20 пайызға аз жиналады деген болжам жасауда. Бұл аз десеңіз, диқандардың 40 пайызы гектарынан 6 центнерден кем өнім алуы ықтимал. Құзырлы министрлік шаруаларға құрғақшылықтың құрбаны болмау үшін қандай кеңес берді? Берік Байғара баяндап береді.

Подробнее...

Алатау баурайынан өрт шықты

Алатау баурайын алапат өрт шарпып, тұрғындар эвакуацияға дайындалды. Тілсіз жау бір күн бойы ырық бермей, жақын маңдағы үйлердің бәріне қауіп төндірген. Сумаңдаған жауыздың тілімен мамандар 12 сағаттан астам арпалысыпты. 25 гектар жерді жалап-жұқтаған жалынның неден тұтанғанын тілшіміз біледі.

Подробнее...

Арыс пен Тараздағы жарылыс қайталануы мүмкін бе?

«Арыс пен Тараздағы жарылыс қайталана ма деп қорқамыз!». Ақтөбенің іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары үрейде отыр. Ұйқысын қашырғаны – үйдің тап іргесіндегі қойма. Тұрғындар бұрын жарылғыш заттар сақталған нысанды құзырлы органдар тексеріп берсін деп талап етуде. Тақырыпты Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.

Подробнее...

Тараздағы жарылыста жарақат алған әскери әлі хал үстінде

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан ауыр жарақат алып, бір аптадан бері Тараздағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан әскери қызметкердің беті әлі бері қараған жоқ. Туыстары Ерлан Қырғызәлиевтің өміріне алаңдаулы, ал дәрігерлер болса науқастың жағдайы жақсаруы үшін біршама уақыт керек деп отыр. Себебі, оның денесінің 85 пайызын күйік шалған. Тіпті, дем алуының өзі қиын, ол өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныстап жатыр …

Подробнее...
X