3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Жатақхана жыры

Жыл сайын үлкен қалаға білім алуға асығатын жастардың ең бірінші алдынан кес-кестеп шығатын өзекті мәселесі – жатақхана. Бұл тақырыптың түйіні 2022 жылы толық шешілуі тиіс. Жоспар солай. Ал жоспардың жайы қалай? Мұхтар Өміртай жатақхана жағалаған студенттермен кездесіп, шағымдарын тыңдап қайтты.

Подробнее...

«Домалақ ана» операсы сахналанды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елордада «Домалақ ана» операсы сахналанды. Бар-жоғы екі ай ішінде дайындалған туындының жарыққа шығуына Шымкент қалалық опера және балет театрының 150-ге жуық қызметкері атсалысқан. Қазақтың әулие анасына арналған қойылым жайлы толығырақ тілші материалдында.

Подробнее...

Жалақысыз балабақша

Балабақшадағы жалақы дауы. Түркістан облысы Қазығұрт елдімекенінің тәрбиешілері ай сайын еңбекақыларын толық мөлшерде ала алмай жүр. Себебі, бөбекжай басшылығы ақша жетпей жатыр деген желеумен қызметкерлер айлығының 30-40% дейін ұстап қалады екен. Одан қала берді балабақша ғимаратын жөндеуге деп қызметкерлерден ақша жинаған. Ал шартпен келіспейтіндерге басшылық талапқа көнбесең жұмыстан шығарамыз деп қорқытатын көрінеді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Қызылордада тұз өндірушілер жұмысқа шықпай қойды

Елімізде ас тұзы қымбаттауы мүмкін! Оны өндіретін Аралдағы жалғыз зауыт екі күннен бері жұмыс істемей тұр. Мыңнан аса адам жұмысқа шығудан бас тартып отыр. 2014 жылдан бері айлықтарына көк тиын да қосылмағандар әбден қиналып кеттік дейді. Айлықтары шайлықтарына жетпейтіндер бірнеше мәрте зауыт басшылығына базыналарын айтыпты, алайда жанайқайларына ешкім құлақ аспапты. Жылына 450 мың тоннаға жуық тұз өндіріп, оның 75 пайызын …

Подробнее...

Семейдегі сапасыз үйлер бір жылда тозып кетті

Жыл өтпей тозығы жетті. Семейде әкім Даниал Ахметовтың бастамасымен салынып, ақпан айында тапсырылған үйлердің сапасына оны мекен етушілер шағымданды. Көбіне әлеуметтік осал топтағылар мен көпбалалылар паналаған баспананың төбесінен су сорғалап, сыз басқан. Есік-терезесі де қисық қойылған үйлерді жел улеп, балалары ауыршаң бола бастапты. Су жаңа үйге кірдім деп, қиындыққа тап болғандармен тілшіміз сөйлесті.

Подробнее...

Зейнетақыңызды депозитке аударып алыңыз

Биылғы Жолдауда елді елең еткізген жаңалықтың бірі ол – зейнетақы жинағын Отбасы банкіндегі депозитке аудара аласыз. Бұл бақыт кімге және қалай бұйыратыны әлі белгісіз. Бүгінде оның арнайы механизмі ойластыруылуда екен. Бірақ, азаматтардың баспана аламын деп артық ақшасын аударып алып, артынан құнды зат пен тойға жұмсамауына кім кепіл? Сарапшылар алдымен нақты ережелерді бекіту керек деп отыр. Толығырақ тілші материалында.

Подробнее...

Ақтөбеде ғимарат опырылды

Ақтөбеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында апат болды. Ғимараттың төбесі опырылып ортасына түскен. Сол сәтте жұмыста болған қызметкерлердің біреуі терезеден қашып шықса, кейбірі жарақат алған. Ал 33 жастағы қызметкер есін жимастан жансақтау бөлімінде мерт болды. Апат неден болған? Жөндеу жұмыстары неге қызметкерлер ғимаратта отырған сәтте жүргізілген? Тақырыпты Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.

Подробнее...

Жалақы, жәрдемақы өседі: Президент жолдауында не айтты?

Көпке үміт сыйлаған жолдаудың басты жаңалығынан бастайық. Келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы 17 мың теңгеге артады. Яғни 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Халыққа жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билік органдарына осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, 2022 жылы 600 мыңға жуық отандасымыздың айлығы 20 процентке артады. Бұл тізімде қандай мамандық иесі бар? Зейнетақы төлемдерін енді депозитке аударуға болатыны …

Подробнее...

Індетті кезеңге қарамай дәстүрлі оқу басталды

Бір жарым жыл телефон мен компьютерге телмірткен онлайн оқу бүгіннен бастап артта қалды. Пандемия салдарынан виртуалды әлемді қош көрген мұғалімдер мен оқушылар енді мектеп қабырғасына қайта оралады. Ал бұған білім ордаларының дайындығы қалай? Індет індеп тұрғанда ата-аналар балаларын оқуға жіберуге қарсы емес пе? Тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...

Президент сынына ықпалдылардың ығына жығылатын әкімдер ілінді

Ықпалды адамдардың ығына жығылатын әкімдер Президент сынына ілікті. Мемлекет басшысы жайылымдық жерлерді жекешелеп, аумағын темірмен қоршап алатын жандарға жергілікті атқамінерлер жақ ашпайтынын айтты. Соның кесірінен шаруалар мал жаятын жер таппай, арты шығынмен аяқталып жатыр деген Қасым-жомарт Тоқаев, бұл мәселені тез арада шешу керек деп ескертіп, Үкіметке тапсырма берді. Әріптесім Қайыркен Отыншы толығырақ.

Подробнее...
X