2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Қызметкерлерін сабаған полицей жұмысынан қуылды

Алматыда полиция бастығының орынбасары қол астындағы қызметкерін қойша қуып, сабап тастаған. Наурызбай ауданында болған оқиға ел назарына бірден ілікті. Басшының қарамағындағы қызметкерді саптан бөліп, не себепті сабай кеткені де ашылды. Ал жұдырық ала жөнелген шендіге қандай шешім шықты? Сюжеттен көрейік.

Подробнее...

Жамбылдағы жарылыстан кейін бір адам әлі табылмай жатыр

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан соң осы күнге дейін белгісіз болып келген 3 мәйіттің тұлғасы анықталды. Қорғаныс министрлігі олардың Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері екендігі туралы ақпарат таратты. Марқұмдардың тұлғасын анықтау үшін ДНК сараптамасы тағайындалып, оның қорытындысы бүгін белгілі болған екен. Ал осы оқиғадан соң із-түссіз кеткен тағы 1 әскери қызметкер жөнінде әзірге еш хабар жоқ.

Подробнее...

1-қыркүйектен бастап не өзгереді?

Ертең міндетті вакцинацияның мерзімі аяқталады. Алайда күзге дейін екпе алмағандар жұмысқа кірмейді деген желеумен елдің бәріне вакцина салдырған жауаптылар әлі тексерістің нақты тетіктерін әзірлеп үлгермепті. Ал шығыны көптің сынына қалған халық санағына дайындық қалай? Биылғы оқу жылы несімен ерек? Ертеңнен бастап енгізілетін өзгерістер жайлы келесі сюжетте толығырақ.

Подробнее...

Әліппе қайта оралды

Оқушылар «Әліппемен» қайта қауышады. Ертеңнен бастап мектеп табалдырығын аттаған балалар классикалық оқу құралынан дәріс алады. Жыл басынан бері Білім және ғылым министрлігі кітапты қайта өңдеп шығарып, еліміздегі 65 мектепте апробациядан өткізген. Ал оның сапасы қандай екенін, балаға қаншалықты ыңғайлы болатынын алдағы оқу маусымы көрсетеді. Айта кетейін, биыл республика бойынша 380 мың бала бірінші сыныпқа барады екен. Жаңа «Әліппеге» қандай өзгеріс …

Подробнее...

Әкімге сенбейтін тұрғындар жолды жапты

Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтеновке сенуден қалдық деген тұрғындар жолды жапты. Дәл осындай әрекетке баруларына тұрып жатқан баспаналарында көгілдір отынның жоқтығы және сапасыз құрылысы себеп болыпты. Жағдайларын айтып жауаптылардың есігін қанша қаққанымен, мәселелінің шешілмей келе жатқанынана жарты жылға жуық уақыт болған. Ал шаһар басшысы ағымдағы жылдың 30-шы шілдесінде газ беріледі деп тұрғындарға жазбаша жауап қайтарған. Бірақ әлі күнге дейін көгілдір отын …

Подробнее...

Ермекбаев қызметінен кетті

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады. Басы даудан арылмаған Нұрлан Ермекбаев саланы басқарған үш жылда екі бірдей қару қоймасында жарылыс тіркеліп, қоластындағы қызметкерлер жемқорлық бойынша істі болды. Мемлекет басшысынан қатаң сөгіс алғаны тағы бар. Мықты мемлекеттік менеджер деп есептелген маман неге мүлт кетті? Толығырақ тілші материалында.

Подробнее...

Жарылыстан 118 жылжымайтын мүлік бүлінген

Жамбыл облысында әскери бөлімдегі жарылыс кезінде үйлерінен үдере қашқан тұрғындар кешелі бері ауылдарына қайтып келіп жатыр. Алайда, көпшіліктің қорқынышы әлі басыла қойған жоқ. Әсіресе, кішкентай балалар кез келген қатты дауыстан шошып қалған. Қайнар, Жібек жолы мен Базарбай елдімекендері әскери бөлімге өте жақын орналасқандықтан, ондағы үйлер мен нысандар қатты бүлінген. Тұрғындар қираған есік-терезені қалпына келтіріп, шағылған терезелерді өз бетінше жаңалап қойыпты. …

Подробнее...

Оффлайн оқудың шығыны

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылының да басталар шағы таяды. Балам мектепке барады деген ата-аналардың табанынан таусылатын уақыты да осы. Бір теңгеге болса да арзанырақ дүкен іздейтін қауым үшін биылғы нарық қалтаға қатты тиіп жатқан жоқ па? Тілшіміз Мұхтар Өміртай базар аралап, бағаларды бағамдап қайтты.

Подробнее...

Онлайн жұмыс ақысы қысқара ма?

Елдегі эпидахуалға байланысты мекеме жұмысшыларының 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу форматына өткені белгілі. Осы ретте кей басшылар онлайнды желеу етіп, қызметкерлерінің ақысын қысқартуда. Бұл қаншалықты дұрыс? Халық нені білуі тиіс? Тілшіміз онлайн жұмыстын оң және теріс тұстарын зерттеп қайтты…

Подробнее...

Электронды темекі балалардың ермегіне айналды

Электронды темекі кәмелет жасқа толмағандардың ермегіне айналды. Білім ордаларының оқушылары кез келген дүкеннен оңай алып жүр. Осылай деп наразылық танытқан елордалық ата-ана бұған тұсау болар талаптың күшейтілгенін сұрауда. Өрімдей ұл-қыздар не себепті бұл бәлекетке әуес болды, мамандар не дейді – сюжеттен көрейік.

Подробнее...
X