Ауған халқы азық-түліктен бөлек дәрі-дәрмектен таршылық көріп отыр. Себебі, елде бір аптаға ғана жететін препараттың қоры қалған. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмекті Кабул әуежайы жабылғандықтан, Ауғанстанға жеткізе алмай отыр екен. Сондай-ақ, елдегі дүрбелеңге байланысты коронавирус жұқтырғандардың қатары артып, халықты вакциналау қарқыны төмендеген.
Подробнее...Новости
Ауғаннан келгендердің тест нәтижесі қандай?
Ауғанстаннан жеткізілген Қазақстан азаматары мен Біріккен ұлттар ұйымының қызметкерлері карантинде. Келген бетте барлығынан ПТР-тест алынып, ешқайсынан қауіпті індет анықталмаған. Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Кабулдан Алматыға екі рейс келген болатын. Бірінші ұшақта 42 адам болған. Оның 25-і Қазақстан азаматы, 15 ересек адам болса, 10-ы бала. Сонымен қатар 15 Қырғыз азаматы болған. Екінші рейспен Біріккен …
Подробнее...Ұлттық санақ – үкімет үшін сынақ
Келесі аптада елімізде халық санағы басталады. Маңызды науқан 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн өткізілсе, 1-30 қазан аралығында санақшылар планшеттерді пайдаланып үй-үйді аралайды. Бұл жұмысқа 32 мың азамат тартылмақ. Ал санақ парақшасы 91 сұрақтан тұрады. Оның нәтижесі бойын ша білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге көзқарас …
Подробнее...Карантин шектеулері жеңілдей ме?
Елде карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Үкімет басшысы Асқар Мамин «Ашық» қосымшасын енгізген кәсіп иелері үшін демалыс күнгі локдаунды алып тастауды тапсырды. Алайда бұл норма тек эпидахуалы тұрақталып жатқан өңірлерге қатысты. Ал бас дәрігер Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады. Егер бәрі жақсы болса қазан айында ковид жұқтырғандар саны 1300-ге дейін азаймақ. Ал карантин талаптары дұрыс сақталмаса 6 мыңның үстінде …
Подробнее...Түлкібастықтар жарылыстан жандарын шүберекке түйіп отыр
Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Ақбиік ауылының тұрғындары іргесіндегі кен өндіруші компаниялардың жұмысына наразы. Жергілікті халықтың айтуынша, қатты жарылыстардан үйлер мен ғимараттарға айтарлықтай зақым келген. Зиянды заттардан ауа ластанып, салдарынан елдімекен ішін түрлі дерт жаулады деп ашынып отыр. Ал олардың талап-тілегін тілші тыңдап қайтты. Ғалымжан Кенжебектің сюжетін көрейік.
Подробнее...Алматыда жалдамалы пәтер ақысы шарықтап кетті
Алматыда жалға алатын пәтер бағасы шарықтап кетті. Бір бөлмелі пәтер үшін айына 150 мың теңгеден жоғары сұрап тұр. Көпшіліктің қалтасы мұндай соманы көтере бермейді. Тіпті неліктен мұндай баға қойғандарына да аң-таң. Алып шаһардан қуықтай орын таппай жүрген жұртшылықтың мәселесіне тілшіміз тереңірек үңіліп көрді.
Подробнее...«Еуразия» бірінші арнасында жаңа жоба, жаңа мүмкіндік!
«Мама, маған дауыс бер!». Елімізде тұңғыш рет ТМД көлемінде баламасы жоқ музыкалық жоба біздің арнадан қалың көрерменге жол тартпақ. 4 қыркүйек күні басталатын бағдаралама көрермендерді тосын сыймен қуантады дейді ұйымдастырушылар. Осы күнге дейін аталған шоуды кім жүргізеді және бағыты қандай болатыны құпия болып келген. Алайда, бүгін тілшіміз кейбір сұрақтардың жауабын біліп қайтты. Толығырақ сюжеттен көрейік.
Подробнее...Ауғанстандағы ахуал ушығып барады
Ауғанстан билігін қолын алған «Талибан» қозғалысы бейбітшілік келісімін бұзды. Бір аптадан бері үнсіз отырған тәлібтер қайта қарулы қақтығыстың отын тұтатты. Бұл жолы радикалды ұйым өкілдері өздеріне бағынудан бас тартқан Панджшер провинциясын басып алу үшін елдің солтүстік-батысына бағыт алды. Бұған дейін Кабулға ту тіккен уақытта Талибан көсемі енді елде атыс-шабыс болмайды деп уәде берген еді. Аталған жағдайдан соң әлем елдері Ауғанстандағы …
Подробнее...Семейде 800 бала 4 шақырым қашыққа барып оқуға мәжбүр
Қыркүйек — қыр астында. Оқушылардың қоңыраулата мектепке барар кезі де күн санап жақындап келеді. Алайда, Семейдегі Водный ауданындағы оқушылар оған қуана қоймас. Өйткені күнде 4 шақырым жерге барып-келгісі келмейді. Мұнда ауыл түгіл, ауданда мектеп жоқ екен. 800 оқушы сонау көрші ауданға барып, үшінші ауысым болып жармасып оқуда.
Подробнее...Шымкентте студенттер диплом ала алмай әлек
Шымкентте тағы бір лицензиясынан айырылыған жоғарғы оқу орнының студенттері шу шығарды. «Орда» университетінің бітірген бакалаврлар дипломдарын шілденің 20-сында түгел алу керек болған екен. Алайда, осы уақытқа дейін диплом түгілі, түсіндіру жұмыстарын жүргізе алмаған білім ордасының басшылығына шәкірттердің өкпесі қара қазандай. Қос тараптың тартысын Ғалымжан Кенжебек тыңдап қайтты.
Подробнее...






