18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Ақтөбеде сабақ басталарда мектепте жөндеу жұмыстары басталды

Сабақ басталуына бір апта қалды, ал мектеп әлі дайын емес! Ақтөбеде Сарыжар ауылының тұрғындары жаңа оқу жылы жақындаған сайын абыржып жатыр. Бірінші қыркүйекке бір ай қалғанда ауылдағы мектепте күрделі жөндеу басталған. Ауылдықтар мұны түсінбей дал. Онсыз да ауру өршіп тұрғанда білім басшыларының балалардың басын қатерге тіккені қай сасқаны деп отыр? Бұған шенділер не дейді? Ақбаян Сұлтанмұратова айтсын.

Подробнее...

Нұр-Сұлтанда жәрмеңке маусымы басталды

Нұр-Сұлтанда апта сайынғы аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды. Елордаға өнімдерін, жылдағы дәстүр бойынша, ең алдымен Түркістан облысының шаруалары әкеліп, нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатты.

Подробнее...

Ауладағы көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіруде

Көліктер жолымызға кедергі келтіреді! Қалада тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналардан осындай шағым көбейген. Өйткені далаға шыққанда арба сүйрейтін олар биік пандустарды қойып, енді көлігін қалай болса солай қойып, жолды жауып тастайтын жүргізушілермен арпалысып жүрміз дейді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...

Кавасаки балаларға жұқты

Коронавирус қоздыратын «Кавасаки» синдромына балалар жиі ұшырауда. Бұрын-соңды естімеген дертке елімізде биыл 30-ға жуық бала шалдыққан. Күні кеше шымкенттік 5 жасар бүлдіршін аталған аурудың қармағына ілініпті. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ата-ана нені білуі керек? Кавасаки синдромының алғашқы белгілері мен салдарын тілшіміз анықтап көрді.

Подробнее...

Соңғы 4-5 жылда жалақымыз өскен жоқ!

Соңғы 4-5 жылда айлығыңыз неше есе өсті? Әлемдік кризис пен қымбатшылықтың орнын толтырмаса да, жер-жерде жалақы әйтеуір жоқтан бар болып, ілгері жыбырлап жатыр ғой. Бірақ Ақтөбені жарықпен қамтамасыз етіп отырған мекеменің жұмысшылары ондайды мүлде естімеген болып шықты. Бәлен жыл өтілі бар мамандардың өзі 82 мың теңге алады екен. Ал контролер қыз-келіншектердің айлығы шайлығынан аз. Бұдан соң әділдік іздеп басшылықтың табысын …

Подробнее...

Елорда көшелері циркке айналған

Бас қала циркке айналып барады. Соңғы кездері әлеуметтік желінің қолданушылары көрген-білгенін саралап, Нұр-Сұлтанға осындай баға беріп жатыр. Өйткені, карантинде елдің іші пысты ма, кім білсін, көшеде көрмейтін нәрсеміз аз қалды. Жұрт жерден жік шығарып жол үстінде билей жөнелсе, енді түлен түрткен жартысы тыңнан түрең салып, жұртты шошытады. Әуелі еріккен адамның ермегі деп қараушы едік, енді оларға автобус жүргізушілері қосылып кеткен …

Подробнее...

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев қызметінен кетті

Сәкен Майғазиевке мемлекеттік қызмет майдай жақпаған тәрізді. Бюджет қаржысын жұмсауға қатысты басы даудан арылмаған өнер иесі бүгін «Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы» қызметінен өз еркімен кетті. Мегополистің мәдениет басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, әнші «шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты» директорлық қызметінен кетуді жөн санапты. Әрине, сахнаның адамы болған соң оны да түсінуге болатын шығар. Бірақ айта кететін жайт та жоқ емес.

Подробнее...

Әлем елдері ауғанстандағы жаңа билікті мойындауға дайын

Ал Ауғанстанда жағдай күн санап ушығып барады. Содырларды қойып, қазір бұрынғы биліктің құрамында болған шенеуніктер бір-бірін кінәлауға көшті. Мәселен, бас сауғалап қашып кеткен экс-президент Ашраф Ғаниді елшілер 169 млн доллар қазына қаржысын ұрлап кетті деп айыптады. Бірақ, ел президенті бұл пікірмен келіскен жоқ. Ол қазір отбасымен Біріккен Араб Әмірлігінен уақытша пана тапқаны белгілі болды. Ал халықаралық қауымдастық қандай жағдайда «Талибан» …

Подробнее...

Түркістан облысында инфекциялық аурухана қаңырап тұр

Түркістан қаласындағы модульді инфекциялық аурухананың құрылыс жұмыстары біткенімен, бірақ әлі күнге дейін қолданысқа берілмей қаңырап тұр. Емдеу мекемесі бас-аяғы 7 айда салынған болатын. Алайда содан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де, аурухананың есігі жабық тұр. Ал 200 мыңға жуық халқы бар Түркістан шаһарында науқастар саны күрт көбейген соң, жауаптылар орталық ауруханадағы өзге бөлімдерді жауып, тіпті жеке меншік клиниканың ғимаратын …

Подробнее...

Автобус қайда?

Ақтөбеліктер бүгін күні бойы автобус күтіп шаршағандарын айтады. Қоғамдық көліктің қатынамай жатқанын пайдаланған таксилер бағаны аспандатып жіберген. Әдетте 600-700 теңгеге баратын жерге тұрғындар 1500 теңгемен әрең жетіпті. Қалаған кезінде жұмысқа шығып, қит етсе қатынамай қалатын тасымалдаушы компанияларға атқарушы билік қандай шара қолданады? Жүргізушілер мен мекеме басшысының сөзі неге бір-бірімен қабыспайды? Ақбаян Сұлтанмұратова анықтап келді.

Подробнее...
X