Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанға қатысты Ақорданың ресми ұстанымын жеткізді. Ондағы тараптарды биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. «Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз», деп жазылған ведомство таратқан мәлімдемеде. Дегенмен кешелі бері 2 ұшақпен 200-ге жуық …
Подробнее...Новости
16 өңірде локдаун жарияланды
Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер үшін демалыс күнгі локдаун сақталады. Киелі мекен жасыл аймақта болған соң, карантиндік шектеулердің оған қатысы жоқ. Алайда қалған 16 өңірде енді мониторингтік топтардың тексерісі де көбейеді. Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдерге осындай тапсырма берді. Бұл ретте аптасына 53 мың науқас тіркелгенде, бас дәрігердің «эпидахуал тұрақталды» деп есеп беруі қаншалықты орынды? Ал мұғалімдер нені білуі тиіс? …
Подробнее...Ауғанстандағы қазақтардың тағдыры не болмақ?
Тәліптердің қоршауында қалған қандастар. Ауғанстанға жұмыс бабымен барып, елге қайта алмай отырған азаматтар мен сол жерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтар Үкіметтен көмек сұрады. Олардың сөзінше, содырлар билікті қолға алғалы, елден тыныштық кеткен. Банк, сауда орындары өртеніп, азық-түлік тапшылығы сезіліп жатыр екен. Тіпті, террористер Кабулдағы жалғыз халықаралық әуежайды өртеп, барлық ішкі және сыртқы рейстерді тоқтатып тастаған. Балаларының өміріне алаңдаған жандармен …
Подробнее...Өскеменде бір жыл бұрын салынған көпқабатты үй апатты жағдайда
Өскемендегі бір жыл бұрын ғана салынған көпқабатты үй құлаудың алдында тұр. Өткен жылдың желтоқсан айында қолдарына баспаналарының кілтін алып, «бөріктерін аспанға атқан» тұрғындар енді үреймен өмір сүруге мәжбүрміз дейді. Себебі, үйдің қабырғалары жарылып кеткен. Жуық арада баспана күрделі жөндеуден өтпесе Бесобадағы жағдай қайтаналуы мүмкін екенін айтады. Тілші толықтырсын.
Подробнее...Мүмкіндігі шектеулі балаларды қуып шықты
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қуып шығарды! Елордадағы оңалту орталығының жетекішілері мен ата-аналар ғимарат иесінің әрекетіне наразы. Олардың айтуынша, нысанды жалға берген азамат өз тарапынан заңға қайшы әрекеттер жасаған. Тіпті ерекше күтімді қажет ететін перзенттерін кіргізбегені былай тұрсын, іштегі барлық жиһаздарды алып, есіккке құлып салған. Одан бөлек, сот арқылы 6 миллион теңгені өндіріп алмақшы дейді. Тараптардың уәжін тілшіміз тыңдап келді.
Подробнее...Ауғанстандық студенттер елдеріне қайтуға қорқып отыр
Елімізге білім алуға келген ауғанстандық студенттер оқ пен оттың арасына баруға қауіптенуде. Бірнеше күннен бері ондағы туыстарымен мүлде байланысқа шыға алмай жатқан жастар үкіметтен пана сұрап отыр. «Оқуға жібергенде мүлде басқа Ауғанстан» еді дегендер, билікке келген тәліптердің қатаң режимінен қорқуда. Бірнеше жылдан бері осында білім алып жатқан жастармен тілшіміз сөйлесіп келді.
Подробнее...Жалақысын алмағандар шағымы
Тасқын кезінде өмірін тәуекелге тіккендер жалақысын ала алмай жүр. Арнамызға шағымданған жандар елорда маңындағы үйлерді қызыл су басқанда күн-түн демей еңбек еттік дейді. Енді маңдай тер еңбектері далаға кететін түрі бар. Төрт айдан бері нәпақасына қол жеткізе алмай жүргендер әкімдікке ашулы. Сюжет көрейік.
Подробнее...Тоқаевтың кореяға сапары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары басталды. Мемлекет басшысынан бөлек, елімізден аттанған ресми делегация құрамында бірқатар ведомство басшылары бар. Қос тарап екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жағын қарастырмақ. Кездесу барысында экономикалық тауар айналымына, инвесторлар мен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасқа назар аударылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңғы жұпар еліне сапары жөнінде Қайыркен Отыншы толығырақ.
Подробнее...Ауғанстан босқындарын қабылдамаймыз!
Ауғанстаннан келетін босқындарды қабылдамаймыз! Шымкент қаласы әкімдігі әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарды. Алайда, күні кеше шаһардағы білім мекемелеріне барған түсірілім тобы қызу дайындықтың үстінен түскен болатын. Бірақ бүгінгі жағдай мүлдем басқаша бағытта өрби түсті. Толығырақ тілші тарқатады.
Подробнее...Шаруалар тығырыққа тірелді
Батыс Қазақстан облысының Казталов және Жаңақала аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Себебі биыл шаруаларға мал азығын дайындау мұң болып тұр. Әрі Жайықтың деңгейі төмен болғасын өзен-көлдер кеуіп, арналардағы су тартылып кеткен. Күні бүгін Жайықтан аталған аудандарға дейінгі суландыру жүйесіне шығып жатқан тіршілік нәрі қалыпты мөлшерден 10 есе аз көрінеді. Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.
Подробнее...






