9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Жалған вакцина құжатын жасатқандар енді екпені ақылы түрде алсын!

Жалған вакцина құжатын жасатқандар екпені өз қаржыларына алуы керек! Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар шектеу шараларының 1 қыркүйекке дейін жалғасатындығын жеткізді. Бұдан бөлек білім ордаларының да жабылуы мүмкін екендігін алға тартты. Жаңа қаулы бойынша қандай өзгерістер бар екенін тілшіміз біліп келді.

Подробнее...

Тұрсынбек қабатов тағы дауға қалды

«Тұрсынбек бауырымнан көңілім қалды». Әйгілі шоуменге қатысты тағы шу шықты. Заңгер Абзал Құспанның дерегінше, танымал әзілкеш жалған құжат жасатып, ҰБТ тапсыруы тиіс болған өз қызының орнына бөтен тұлғаны кіргізген екен. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайын әріптесім зерттеп көрді.

Подробнее...

Ауғанстандағы төңкеріс

Тәліптер Ауғанстан билігін құлатып, президент резиденциясына басып кірді. Бұған дейін елдің бірқатар аумағына иелік еткен экстремистік ұйым демалыс күндері мемлекет астанасы Кабулды бейбіт жолмен өз қарамағына алды. Ал Ислам Республикасының басшысы Ашраф Ғани өзінің отбасымен және серіктестерімен көршілес Өзбекстан немесе Тәжікстанға бас сауғалап қашып кетуі мүмкін. Бірақ, бұл ақпарды көршілес елдер әзірге растаған жоқ. Аталған жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт …

Подробнее...

Атыраулық балықшылар шағымы

Атыраулық балықшылар жаңа заңға қарсы. Әбден шығынға батқан ауыл тұрғындары енді мүлдем табыссыз қаламыз ба деп алаңдайды. Нәпақасын судан тауып, отбасын асырап отырған балықшылар бүгін әкімдік алдына жиналып, наразылықтарын білдірді. Ал әкімдіктегілер өзгерістер су маржандарын қорғау үшін жасалып отыр деп ақталуда. Екі жақтың пікірін тілшіміз тыңдап қайтты.

Подробнее...

Түркістан облысындағы мектеп апатты жағдайда

Түркістан облысы Қос төбе ауылындағы жалғыз мектеп апатты жағдайда тұр. 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасының іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылып кеткен. Ғимарат құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Ал оқу жылы жақындаған сайын оқушылар мен ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отыр. Жартылай жарамсыз күйде тұрған білім ордасын Ғалымжан Кенжебек өз көзімен көріп қайтты.

Подробнее...

Ақтөбеліктер ит-мысықтың қотырын емдейтін дәрі ішіп жатр

Ақтөбеде короновирусқа шалдыққан науқастар ит-мысықтың қотырын емдейтін дәріні жаппай қолдана бастаған. Дәрігерлер мұның соңы жақсылыққа апармайтынын айтып дабыл қағуда. Өйткені, өз бетімен ем жасағандар індетін асқындырып алған. Ғалымдардың өзі індеттен қорғайтын препарат әлі шыққан жоқ деп жатқанда, жануарға арналған дәрінің жұрт білмейтін қандай қасиеті бар? Ақбаян Сұлтанмұратова анықтап көрді.

Подробнее...

Гүл беремін деп, тоққа түсті

Гүл беремін деп токқа түсті. Елорданың көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде ер адам электр тоғынан зардап шегіп, екі қолынан айырыла жаздады. Болған істің мән-жайы туралы толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...

300 мың оқушы мектеп құралдарын тегін алады

300 мың оқушы мектепке қажетті заттарды тегін алады. Ол үшін арнайы санатта болуы қажет. Мәселен, елордалық балаларға 40 мың теңге, Шымкентте — 30 мың теңге, Алматыда — 35 мың теңге көлемінде көмек берілсе, өзге өңірлерде шамамен 27 мың теңге! Жалпы бұл қаражатты ата-ана қайда барып жұмсайды, оған қандай заттар тиесілі? Тілшіміз баяндап берсін.

Подробнее...

Елде спорт кешендері тапшы

Сыз тартқан еден мен қуықтай бөлме. Ауыл балалары спортпен осындай жағдайда шұғылданып жүр. Түркістан облысы Сауран ауылының жас спортшылары жертөледе жаттығып, бүгінге дейін талай додада топ жарған. Ал жыл сайын еліміз спортты дамытуға 160 млрд теңге жұмсайтынын ескерсек, ауыл жастарына неліктен жағдай жасалмай отыр деген заңды сауал туындайды. Сюжет көрейік.

Подробнее...

Мектептер оқу жылына дайын емес

Еліміздің бірнеше өңірінде мектептер оқушыларды қабылдауға дайын емес. Жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермеген білім ордаларының оқушылары әкімдіктер мен мәдениет үйлерінде оқи тұрады. Жауапты басқармалар негізгі себепті карантиннен көріп отыр. Індетке байланысты тиісті қаражат кей аймақтарға уақтылы бөлінбепті.

Подробнее...
X