Беташардың да түр-түрі бар. Қалыңдықтың ақ орамалына «QR» код жабыстырып, сәлеміне банк төлемі арқылы ақша салған тойшыл ағайынның видеосы желідегі жұрттың пікірін қақ жарды. Бірі бұны беташардың қадірін қашырумен тең десе, өзгесі заманына қарай айласы деп ақтап отыр. Сонымен той қай өңірде болған? Бұған аға-буын өкілдері не дейді? Сюжет көрейік.
Подробнее...Новости
Мектептер оқу жылына дайын емес
Еліміздің бірнеше өңірінде мектептер оқушыларды қабылдауға дайын емес. Жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермеген білім ордаларының оқушылары әкімдіктер мен мәдениет үйлерінде оқи тұрады. Жауапты басқармалар негізгі себепті карантиннен көріп отыр. Індетке байланысты тиісті қаражат кей аймақтарға уақтылы бөлінбепті.
Подробнее...Жамбылда баланы пойыз басып кетті
Жамбыл облысында 3 жасар қыз пойыз астына түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Тараз маңындағы Құмшағал стансасында орны алған. Таңертеңмен теміржолдың арғы бетінде тұратын туыстарына асыққан анасы мен қызы стансада тұрған жүк пойызы астынан өтпекші болыпты. Сол сәтте отарба қозғалып, бүлдіршінді басып кеткен. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Станса маңын мекендейтін тұрғындар қауіпті аймақты қоршап, темір жол үстінен аспалы …
Подробнее...Көпбалалы ана қорада тұрады
«Он күннен бері қорада тұрып келеміз». Айдың-күннің аманында далада қалған семейлік көпбалалы отбасы халықтан көмек сұрайды. Кенет өртке оранып, әп-сәтте күлге айналған үйлері тұруға жарамсыз деп танылып отыр. Жығылғанға жұдырық боп, жаз да бітуге жақын қалды. Амалсыз ағаш қораны пана еткендердің жайымен әріптесім танысып қайтты.
Подробнее...Балғынбек Имашев екпе салдырды
«7 миллиард адам вакцина салса да салдырмаймын» деп жар салған Балғынбек Имашевтің өзі екпе алды. Бір емес, бірнеше рет қарсылығын жария еткен айтыскер мұны өзі растап отыр. Ақын бұл қылығын оғаш санамайтын сыңайлы. Ол «Дубай мен Түркияға жиі ұшатындықтан осылай істеуге мәжбүр болдым» деп ақталып отыр.
Подробнее...Ақтөбеліктер субсидияға наразы
Ақтөбенің шаруалары тағы шу шығарды. Олар мемлекет беретін субсидиядан қағыламыз ба деп алаңдаулы. Даудың басы субсидиялық нормативтен басталған. Құжатқа сәйкес, әр мал басына берілетін төлем мөлшері белгіленген. Алайда, қаулы бекітілер сәтте шаруалар кілтипанды байқап қалғандарын айтады. Шикілік неден шықты? Неге шаруа қожалығының басшылары кәсіпкерлер палатасындағыларға шүйлігіп отыр? Тараптарды тыңдап қайтқан тілшіміз жалғастырсын.
Подробнее...Үйдің ішінде тынысымыз тарылады
Үйдің ішінде тынысымыз тарылды. Осылай деген елордадағы «Промышленный» алабының тұрғындары аудандағы силикат кірпіш зауытының жабылуын талап етіп, мекеме алдына жиылды. Себебі, әлеумет құрылыс материалын өндіретін нысаннан шыққан түтінге әбден тұншыққандарын айтады. Бұл пікірді экологтар да қуаттайды. Табиғат жанашырларының сөзінше мұндағы ауаға тарайтын қалдықтың құраманда қауіпті заттар қалыпты нормадан бірнеше есе жоғары екен. Халық түтіннің улы екенін біле тұра зауытқа лицензия …
Подробнее...Ақтөбені шалғынды көбелек құрты қаптап кетті
Құрттан көрген қорлыққа енді көбелек қосылды. Бір аптадан бері ақтөбеліктер шалғын көбелекпен алысып әуре. Жәндіктің көптігі сонша, тұрғындар үйінің есік-терезесін ашудан қалған. Бұл не: аномалия ма, әлде зиянкестерді улауға жауапты мекемелердің салғырттығы ма? Шенеуніктер неге көбелектің көзін құрту қисынсыз деп санайды? Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.
Подробнее...“Альфа” ұрпақ жайлы не білесіз?
Альфа ұрпақ жайлы естігеніңіз бар ма? Сандық техногологияны бесіктен білетін сәбилердің мінез-құлқы да, дамуы да өзге ұрпаққа қарағанда ерек. Олармен тіл табысу да қиын! Осы ретте балалар психологы дабыл қағуда. Айтуынша, әлгі буынның өзіндік қиындықтары бар. Егер ата-аналар уақтылы балаға назар аудармаса, түрлі психологиялық проблемаларға тап болуы да әбден мүмкін! Z-тер, X-тер мен альфалардың айырмашылығы мен олардан келер қауіп-қатер жайлы …
Подробнее...Енді көзі көрмейтін жандар да гаджеттерді еркін қолдана алады
Көру қабілеті нашар жандарға таптырмас мүмкіндік. «Қазақстан Қызыл Жарты Ай» қауымдастығы зағип жандарды гаджет пен компьютерде еркін жұмыс істеуге баулымақ. Осы мақсатта арнайы орталық ашылып, қыркүйек айында жұмысын бастайды. Орталықта білім алу үшін алдын ала өтініш беру жеткілікті. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға ұсынылатын қызметтің барлығы тегін екенін айта кеткен жөн.
Подробнее...






