9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Маңғыстаулықтарға қуаңшылықпен күреске миллиардтар бөлінеді

Қуаңшылықпен күрес үшін Маңғыстау облысына тағы да қосымша 5,3 миллиард теңге бөлінуі мүмкін. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Ол жаңа қызметке кіріскен бойда өңір-өңірді аралап, түйткілді мәселелерді назарға алған. Ведомство басшысына есеп берген әкімдіктегілер Үкіметтен бөлінген миллиардттардың қайда жұмсалып жатқанын айтып берді.

Подробнее...

Енді балалар мен жүкті әйелдер де екпе алады

Енді екпе 12 жастан асқан балалар мен жүкті келіншектерге де салынады. Ол үшін «Файзер» вакцинасы қазан айының біріне қарай жеткізілмек. Бас дәрігердің дерегінше, бұл препарат әуелі оқушылар мен аяғы ауыр әйелдерге егіледі. Өзге жандар үшін де вакцина таңдау аясы кеңеймек. Бүгін еліміздің бас дәрігері тағы қандай жаңалықтарымен бөлісті? Сюжет көрейік.

Подробнее...

Алматы облысында 12 жасар жеткіншекті көлік қағып, мерт қылды

Алматы облысындағы Қарасай ауданында 12 жастағы жеткіншекті көлік қағып мерт қылды. Бұған дейін бірнеше рет жаяу жүргіншілерге арналған жолақ салып беруді сұраған тұрғындар ақ жағалылардың жауапсыздығынан көріп отыр. Тіпті, маңайдағы жалғыз дүкеннің өзі қара жолдың қарсы бетінде екен. Күн сайын өмірімізді қатерге тігеміз деген жұрт бүгін жаппай жиналды. Тақырыпты толығырақ тілшіміз баяндасын.

Подробнее...

Семейдегі екі көпір де апатты жағдайда тұр

Семейде Ертістің үстіне салынған екі көпірдің бірі бүгін опырылып кетті. Апатты жағдайдағы өткел жабылып, көлік кептелісі туындады. Сонау 60-шы жылдары пайдалануға берілген нысанның жабындысы қираған. Жұрт діттеген жеріне жете алмай, бірнеше жол апаты тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті шенеуніктер не деді? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Подробнее...

Құдыққа құлаған балалар

Абайлаңыз, ашық құдық! Колл-орталықтарға тек бас қала бойынша ғана күніне ашық жатқан шұңқырларға қатысты онға жуық шағым түседі екен. Арасында құдыққа құлап, жазым бола жаздағандар көп. Арнамызға да зардап шеккен елордалықтардың бірі базынасын жеткізді. Алайда бір өкініштісі, бұл мәселе өзге өңірлер үшін де өзекті.

Подробнее...

Заңға бағынбайтын шенеуніктер

Тағы бір шенеуніктің басы дауға қалды. Қызын ұзатпақ болған лауазымды тұлға мобильдік топтың назарына ілікті. Сондай-ақ Энергетика министрлігіндегі жоғары лауазым иесінің әйелі де карантин талаптарын бұзып, кафеде астыртын көңіл көтерген. Жалпақ жұрттан қалыспай, блогерлер де тойларын өткізуде. Жұқпалы індеттен қорықпайтын, заңға бағынбайтын желі жұлдыздары жайлы тілші материалында.

Подробнее...

Сарыағаштықтар жеке емхана құрылысына қарсы шықты

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының тұрғындары үйлерімен жапсарлас салынып жатқан жеке клиниканың құрылысына қарсы шықты. Емдеу мекемесінде мәйітхана болады дегенді естігенде жұрттың үрейі еселене түскен. Ал жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырмын деген емдеу мекемесі басшысының бұл дауға айтар өз уәжі бар екен. Тараптарды тыңдап қайтқан Ғалымжан Кенжебек тарқатып айтады.

Подробнее...

Ақтөбеде егістік өртенді

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында дала өрті өршіп тұр. Шаруалар тілсіз жаумен өздерінше күресіп әлек. Айтуларынша, бүгінде жайылымның жартысы жанып кеткен, мал шығыны да бар. Тұрғындар облыс билігінен қарымды көмек болмаса 4 жыл бұрынғы оқиға қайталануы мүмкін деп қауіптенеді. Еске сала кетсем, 2017 жылы дәл осы ауданда ауыл әкімі мен мұғалімі даладағы өртті сөндірем деп жүріп опат болған еді. Әйтекеліктер …

Подробнее...

Қазақ спортын жемқорлық жайлаған ба?

Қазақ елі өз тарихында тұңғыш рет Олимпиададан алтынсыз қайтты. Бес құрлықтық байрақты бәсекесіне үкілеп қосқан 97 спортшымыздың тек сегізі жүлдеге ілікті. Төртжылдықтың басты аламанындағы сәтсіздіктерді жанкүйер қауым зор күйінішпен қабылдағаны рас. Мұндай төмен нәтиже спорттағы жемқорлық пен тамыр-таныстықтың кесірі дегендер де табылып жатыр, әділетсіздік пен басқа да себептер деп жұрт пікірі екіге жарылып жатыр. Бап келмей, бақ жанбай сүрінді ме, …

Подробнее...

Басында вирустың бар екеніне сенбеп ем…

«Індеттің қаупін енді аңғардым». Әу баста вирустың барына сенбей, соңында стационарға ауыр халде түскен науқастар халыққа үндеу айтып, ағынан жарылды. Бүгінде бас қаладағы провизорлық орталықтарда пациенттердің 80 проценті өмір үшін арпалысып жатыр. Жансақтау бөлімдерінде жағдай күннен-күнге қиындап барады. Өткен тәулікте тағы 155 отандасымыз дертті жеңе алмай, о дүниелік болды. Бас дәрігердің «оптимистік» жоспары қалай жүзеге асып жатыр? Әріптесім біліп көрді.

Подробнее...
X