Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 5 млрд теңгеге соғылған 13 көпқабатты үй қаңырап бос тұр. Баспаналардың құрылысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 2017 жылы басталған. Алайда, қазір салынып біткенімен кәріз жүйесі жүргізілмепті. Сондықтан осы баспанаға кезекте тұрғандар әлі күнге дейін пәтер жалдап, үмітпен өмір сүріп келеді. Ал жыр болған үйлердің қашан үлестірілетінін арна тілшісі біліп қайтқан болатын.
Подробнее...Новости
Ауыл тұрғындары айналма жолды жапты
«Жанайқайымызды жеткізу үшін өзіміз жұмыстан, балаларымыз бақшадан қалды!». Алматы облысындағы Байтөбе ауылының тұрғындары бүгін айналма жолды жауып, құрылысқа жауаптыларға талаптарын жеткізді. Елдімекенге кіріп-шығудан қалған жұрт құрылыс техникасының кесірінен шаң жұтып отырғандарын айтады. Қарасай ауданындағы қараша жұрттың назын тілшіміз Бауыржан Жақсымбет тыңдап қайтқан еді.
Подробнее...Халық санағын жүргізуге 9,1 миллиард жұмсалмақ
Вирус өршіп тұрғанда, халық санағын жүргізудің қажеті қанша?! Қоғам белсенділері қазіргі ахуалды ескере отырып, жалпы ұлттық науқанды кейінге шегеру керек деп есептейді. Себебі бұл мақсатқа бөлініп отырған қаражат та аз емес. Бас-аяғы 9 миллиард теңгеден асып жығылады. Ал Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтетін шараға сақадай сай дайын отырғанын айтады. Тақырыпты тілші тарқатады.
Подробнее...Балаларды ұратын тәрбиеші балабқшаға қайта оралды
Балабақшада біреудің баласын ұрып, жұмыстан қуылған тәрбиеші көп ұзамай өз орнына қайта алынды. Осыған наразы болған Жамбыл облысындағы Шақпақ ата ауылының тұрғындары арнамызға шағымын айтып хабарласты. Олардың айтуынша, бүлдіршінге қол жұмсап, теріс қылығымен танылған тәрбиеші мекеме басшысының бұйрығымен жұмыстан шығарылған. Алайда, балабақша директоры еңбек демалысына кете сала оның міндетін уақытша атқарушы орынбасары қуылған маманды жұмысқа қайта қабылдап алыпты. Бұған ауыл …
Подробнее...“Үйге бомба түскен сияқты”
Үйге бомба түскен сияқты. Дүлей дауылдан үрейі ұшып, үйі апатты күйге түскен шығыстағы Қалбатау ауылының тұрғындары бір айдан бері баспанасын жөндей алмай жүр. Тек табиғат қана емес, жергілікті әкімдік те тосын мінез танытқан. Шығынға белшесінен батып, атқамінерлерден заңды өтемақысын сұрап шырылдаған жұрттың жанайқайына құлақ асар адам жоқ. Тараптарды тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...Теңге тағы құнсыздана ма?
2015 жылғы девальвация қайталануы мүмкін. Еліміздегі танымал экономистердің бірі осындай болжам жасап отыр. Ұлттық Банк осыған дейін жылдық инфляция 7,9 процентті құрап отыр деп ақпар таратқан еді. Алайда сарапшылар, қазіргі қымбатшылықты ескерсек, бұл цифрлардың шындыққа жанасуы екіталай дейді. Сонда кімге сенеміз? Тілшіміз біліп көрді.
Подробнее...Семейліктер кірпіш аламыз деп алданып қалды
Семейде бір топ азамат кәсіпкерден арзан бағада құрылыс материалын сатып аламын деп, алданып қалды. Үй салмақ болған жандар әккі алаяққа соңғы ақшасын ұстатып, кірпішке тапсырыс берген. Бірақ, арада бірнеше ай өтсе де қаржы да тауар да келмеген. Әділдік іздеген тұрғындар ішкі істер органдарынан да қайран болмай отырғанын айтады. Жарнамаға сеніп, жер сипап қалған тұрғындармен әріптесім тілдесіп келді.
Подробнее...Мектеп формасы дауға айналды
Ал мектеп формасы төңірегіндегі дау тыйылар емес. Бүгін кәсіпкерлер де министрдің шешіміне шағымдануда. Ал кей ата-аналар классикалық киім балалар арасындағы әлеуметтік теңдікті бұзып, оқушылардың арасында бәсекелестік тудыртынын айтады. Тілшіміз мамандармен тілдесіп, ата-аналардың пікірін тыңдап қайтты.
Подробнее...Апатты мектепке балаларымызды жібермейміз
Батыс Қазақстандағы Атамекен ауылының тұрғындары бірінші қыркүйекте балаларымызды оқытпаймыз деп отыр. Өйткені Ақжайық ауданына қарасты елді мекендегі орта мектеп ғимараты құлағалы тұр. Апатты деп танылғанына 4 жылға жуықтаған білім ордасы жуырда мүлде жабылыпты. Ал жаңа мектеп саламыз деген шенеуніктердің уәдесі сөз күйінде қалған. Аймақтағы тілшіміз Ерденбек Жылқайдарұлы мәселенің мән-жайын анықтап келген еді.
Подробнее...19 миллионыншы болып тіркелген баланың отбасы туралы не білеміз?
Еліміздегі он тоғыз миллионыншы тұрғын Алматы облысында дүниеге келді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің әлеуметтік желісінде жариялаған. Жания Азаматқызының туғанына бір жарым ай өтсе де, қуанышты жаңалық енді ғана таралуда. Тосын хабардан ата-анасын да бұған дейін бейхабар болып шықты. Тың ақпаратқа әлі де болса сене алмай жүрген отбасына тілшіміз жолығып қайтты.
Подробнее...






