18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Халыққа тиесілі жер қайда?

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Кеңбидайық ауылының тұрғындары неше жылдан бері пай үлестерін даулап жүр. Себебі жер еміп, мал басын көбейтейін десе, алқаптың бәрі жекенің қолына өтіп кеткен. «Біреудікін тартып алмақ ойда жоқ, тек өзімізге тиесілі ұлтарақтай жерімізді талап етеміз», — дейді олар. Бұған жергілікті атқамінерлер не дейді? Тілшіміз біліп келген еді.

Подробнее...

Жамбыл саябағы қаңғыған иттер мекеніне айналған

Таразда 100 жылдан астам тарихы бар «Мамыр» саябағы қаңғыған иттердің мекеніне айналып, ондағы көп жылғы ағаштар қурап, құлап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бақ бірнеше жылдан бері суарылмай, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілмей келеді. Соның салдарынан қазір 14 гектар аумақты арам шөп басып, қоқыс жайлаған.

Подробнее...

«Министр мырза, окоптан шығып, ауруханаларды аралаңыз!»

«Окоптан шығып, елдегі ауруханаларды аралаңыз» деп Денсаулық сақтау министріне өтініш айтқан депутаттардың сөзі тағы жерде қалған сыңайлы. Бүгінгі Үкімет отырысында Алексей Цой әдеттен озбай, коронавирусқа қатысты кезекті болжамын жасады. Бірақ, әдеттегідей өзінің кабинетінен сөйледі. Стационарларды аралауға шықпаған бас дәрігер ауру өршіп тұрса да, жақсы нәтиже күтетінін жеткізді. Оның бірден бір себебі, алдағы уақытта елімізге коронавирусқа қарсы екпенің тағы 8 млн …

Подробнее...

Интернеттегі фейктер

«Бірінші қыркүйекте онлайн оқимыз!», «Тікұшақ у шашып, халықты жаппай қырып жатыр!». Әлеуметтік желіде желдей ескен ақпаратар кешеден бері елді дүрліктіргені рас. Бұған құзырлы органдар не дейді? Шындығы қайсы? Тілші бейнематериалынан көріңіз.

Подробнее...

Шымкенттегі дендросаябаққа 42 жыл

Шымкентте осыдан 42 жыл бұрын мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың мұрындық болуымен алғашқы дендросаябақ ашылған болатын. Қазір бұл жер қала тұрғындары мен қонақтарының таптырмас демалыс орнына айналған. Еліміздің және шет елдің танымал тұлғалары ағаш түптерін отырғызып, аты-жөндерін жазып кеткен. Бұл Шымкенттіктер үшін игі дәстүрге айналған шара іспетті. Ал, Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың қазіргі жәй күйі қандай? Тілші біліп …

Подробнее...

Бердібек Сапарбаев Президенттен сөгіс алды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымда небары 1 күн ғана отырды. Себебі Тараз қаласының экс-әкімі 2019 жылы Президенттің бұйрығымен қызметінен қуылған болатын. Алайда араға 2 жыл салып, облыс әкімі Қайрат Досаевты лауазымды қызметке лайық деп тапқан. Бердібек Сапарбаев бұл әрекеті үшін Мемлекет басшысынан сөгіс естіді.

Подробнее...

Ауызсудың литрін 10 теңгеден сатып алып отырмыз!

Ауыз судан әкім де дәм татсын! Қызылордаға қарасты Сабалақ саяжайының тұрғындары қала басшысына осындай үндеу тастады. Төрт мыңға жуық тұрғыны бар елді мекен 2019 жылы қаланың бас жоспарына енгізілген болатын. Тұрғындар осыдан кейін жағдайымыз жақсарады деп сенген еді. Алайда содан бері 2 жыл өтсе де түйткіл шешілер емес. Әсіресе ауыз судан тарыққан тұрғындармен тілшіміз тілдесіп келді.

Подробнее...

Тараздағы тойлар

Таразда бір тәулікте 25 той-жиын анықталып, тоқтатылды. Пандемия өршіп, карантин шаралары қатаңдатылғанымен, тұрғындар тығылып той жасауды тоқтатар емес. Шаһардың қызыл аймаққа кіргені де көпшілікке кедергі болмай тұр. Соңғы бір тәуліктің өзінде қалада 186 адам коронавирус жұқтырған. Сол себептен көпшілік жиналатын орындарды тексеретін мониторингтік топтардың жұмысы дәл қазір қызып тұр.

Подробнее...

Құрылыс заттары қымбаттады

Елімізде құрылыс материалдары тағы да қымбаттай түсті. Сарапшылардың сөзінше, нарық өзін-өзі реттемесе, баға өсе бермек. Ал индустрия министрлігі құрылыс заттарын өндіретін отандық кәсіпорындардың жұмысы қарқынды дейді. Бірақ баға неге өсті? Тілшіміз тарқатсын.

Подробнее...

Вирус салдарынан жазылмайтын дертке ұшырағандар тіркелуде

Әлем ғалымдары дабыл қағуда. COVID-19-дың ауыр формасымен науқастанған қарттардың бойынан Альцгеймер пен Паркинсон ауырының бастапқы белгілері анықталса, жастар арасында неврологиялық ауытқулар байқалуда. Сондай-ақ емделіп шыққан азаматтардың бойынан ұйқысыздық, апатия мен есту-көру қабілетінің төмендеуі погрессивті түрде дамуда. Сонымен, «постковидтік» синдромның емі бар ма? Мамандар не дейді? Тілшіміз тыңдап қайтты.

Подробнее...
X