18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Белгілі кәсіпкер не үшін қамауға алынды?

Алматыда 20-дан астам мейрамханалар желісінің негізін қалаушы кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты сот отырысы басталды. Оған «аса үлкен көлемде өзгенің мүлкін жымқырды» деген айып тағылуда. Алайда, қорғаушылары мұнымен келіспейді. Серіктестердің арасындағы мәселе ең бірінші азаматтық сотта қаралуы тиіс дегендер, қылмыстық іске қалай өтіп кеткеніне аң-таң. Бұдан бөлек, оны қамауға алуға да дәлелдер жеткіліксіз деп отыр. Қалалық сотта қаралған мәселе туралы тілшіміз …

Подробнее...

Біздің спортшылар неге сүрінді?

Бүгінде жаһан жұртшылығы Токио олимпиадасына көз тігіп отыр. Алтын үшін арпалысқандардың тартысы қазақ спортшылары үшін оңайға соғып жатқан жоқ. Жеңдік деп сүйіншілейтін жанкүйерлер де сирек. Әуелде Токио трансляциясын көре алмағанына наразы болған халық, енді олимпиаданы тамашалауға тіптен құлықсыз. Неге спортшылардың жеңісінен гөрі жеңілісі көп? Неге үш қоланы ғана қанағат етіп отырмыз? Бұл сұрақтардың жауабын тілшіміз таразылап көрді. Толығырақ сюжеттен көрейік!

Подробнее...

Шымкентте 300 түлек дипломсыз қалды

Шымкентте лицензиясынан айрылған университеттің студенттері шу шығарды. Магистратураны бітірген 300-ден астам түлек қолдарына дипломдарын ала алмай әбден сергелдеңге түскен. Ал, жоғарғы оқу орынының басшылығы мәселені шешуге мүлдем ынтасыз, дейді. Ал, оқу ордасының педагогтары ақша жинауға келгенде алдарына жан салмайтынын айтып ашынады. Тараптардың тартысын Ғалымжан Кенжебек тыңдап қайтты.

Подробнее...

Түркиядағы өрттен төрт адам опат болды

Түркиядағы орманнан басталған өрт демалыс аймағына дейін жетті. Тілсіз жаудың кесірінен төрт адам опат болған. 28 шілдеде басталған қызыл жалын 42 ауданға таралып үлгеріпті. Тіпті, жергілікті билік өкілдері демалыс орындарындағы туристерді де эвакуациялауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ол жақтағы жағдай қалай? Отандастарымыз аман ба? Тілшіміз біліп көрді.

Подробнее...

500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кен орнында еңбек ететін 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Солтүстік Қазақстандағы Обухов тау-кен байыту комбинатындағы дау тағы жалғасты. Бұл жолы өндірілген өнімді тасымалдауға жергілікті полиция кедергі келтіруде. Сол себепті де бірнеше күннен бері кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Экспорттың арқасында жалақы алып отырған жұмыскерлер ертеңгі күндеріне алаңдаулы. Бизнеске негізсіз кедергі келтірді деп шағымданған олар, енді ел Президентіне хат жолдамақ.

Подробнее...

Депутаттар демалысы қалай өтуде?

Парламент депутаттарының каникулға шыққанына тура 1 айдың жүзі болды. Біреуі демалыста, өзгесі өңірлерді аралап жүр. Ал кей халық қалауларымен байланысқа шығу тіпті мүмкін болмады. Осы ретте жаңадан сайланған кей депуттатар нендей шаруа бітіріп жатқанын біз де бағамдадық! Гүлнәзия Жалғасқызының репортажында.

Подробнее...

Токиодағы жеңімпаздар оралды

Боксшыларымыз жарады. Олимпиада ойындарында Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Садақ атудан да ерлер арасындағы жекелеген бәсекеде Ильфат Абдуллин жолын сәтті бастады. Ал қыздар арасындағы теннистен жарыс жолында жалғыз қалған өкіліміз Елена Рыбакина жартылай финалды сүрінді. Ал әзірге үш қоланың екеуін Қазақстан қоржынына әкелген зілтеміршілер елге оралды. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға …

Подробнее...

Базарды жаппасын!

Шымкентте «карантиндік шаралар күшейтіліп, базарлар екі аптаға жабылады» дегенді естіген саудагерлер бүгін шу шығарды. Онсыз да сауданың мәнісі болмай жатқанда, дәл осылай қыспаққа алғандары мүлдем ақылға сыймайды деп отыр. Қымбатшылық екі бүйірден қысқан шақта бала шағаны қалай асыраймыз деп ашуға булыққандар базардың жабылмауын талап етті. Егер қойған талаптары орындалмайтын болса, кәсіпкерлер күре жолдың бойында заттарын саудалаудан тайынбайтындарын айтады. Тілші толықтырады.

Подробнее...

Болат Атабаев өмірден озды

Бүгін белгілі режиссер Болат Атабаев жетпіс жасқа қараған шағында дүние салды. Теміртаудағы Неміс театрындағы еңбегімен танылған тұлға 40-тан астам спектакль қойып, бірнеше пьеса жазған. Ұстанымдарына берік, өнерге адал азамат туралы толығырақ сюжеттен көрейік.

Подробнее...

Автопарк қызметкерлері екі айдан бері айлық алмаған

Автопарк бізді алдап жүр! Семейдегі жолаушы тасымалына жауапты компанияның жұмысшылары бүгін тағы жолға шықпады. Мекемеде еңбек етіп жүрген 400-ге жуық қызметкер екі айдан бері жалақы алмағандарын айтады. Қаржыдан тарыққан жұрт несиені айтпағанда, ішерге тамақ таппай отырмыз деп налыды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз сабақтайды.

Подробнее...
X