2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Новости

Кәсіп иелері карантиді пысқырмай отыр

Елордада карантин талаптарын ескермейтін кәсіп иелері азаяр емес. Әсіресе, күніне 1500 адам вирус жұқтырса да, қаладағы тамақтану орындары санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға селқос қарайды. Сондықтан біздің арнамыз әкімдік пен жергілікті полиция өкілдері ұйымдастырған рейдке шықты. Тағы бір айта кететін жайт, 2 тамыздан бастап еліміздегі инфекция таралуы мен өлім-жітім көп бес қалада карантиндік талаптар күшейеді. «Ashyq» қосымшасына қосылмаған нысандар келесі аптадан бастап жабылмақ. …

Подробнее...

30 пайыз отандастар жеке бизнесті қалайды

Бизнес пе, әлде тұрақты жұмыс па? Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы мүмкіндік болса, жұмысын тастап өз ісімен айналысуды армандайды екен. Ал өзгелері тіпті шетелде жүріп, саяхаттауды ойласа, қалғаны 24 сағат отбасымен бірге болуды құп санайды. Ал сіздің таңдауыңыз қандай? Күніне офисте 8 сағат жұмыс істеп, бір айлыққа байланған дұрыс па? Тілшіміз мамандардың пікірін біліп қайтты.

Подробнее...

Баспана деп алғандары паркинг болып шықты

Баспана деп сатып алғанымыз автотұрақ болып шықты! Елордадағы «Эко дом» тұрғын үй кешеніне қатысты дау туындады. Арнамызға шағымданған тұрғындар үш жылдан бері басыбайлы баспаналарының құжатын ала алмай жүргендерін айтады. Тұрмысқа жайлы деп алған пәтерлерінде былық көп болып шыққан. Тараптарды тілшіміз тыңдап қайтқан еді.

Подробнее...

Суы жоқ қайраттықтар аудан әкімінің келуін талап етті

Тіршілік нәрінен тарыққан Алматы тұрғындары кездесуге аудан әкімінің келуін талап етті. Ала жаздай ауыз суға жарымаған жұртшылық шенеуніктер бұған дейін құрғақ уәдемен алдап келгенін жеткізді. Бұдан бөлек қара жол мен жарық мәселесі де шешілмей тұр екен. 2014 жылы ғана пайдалануға берілген ықшам ауданның жай-күйі туралы сюжеттен көрейік.

Подробнее...

Ет тағы да қымбаттады

Еттің бағасы шарықтап кетті. Сарапшылар көктемге қарай қойдың еті тіпті 5000 теңгеге барады деп болжап отыр. Бұған себеп бірнешеу. Елдегі қуаңшылық пен малдың сыртқа экспортталуы — бағаға тікелей әсер етіп отырған факторлар.

Подробнее...

Аллергияның әлегі

4 миллионға жуық қазақстандықтың түрлі затқа аллергиясы бар. Мамандар ересектерге қарағанда жасөспірімдер мен балалардың арасында иммундық жүйе бұзылғанын айтуда. Тіпті жаңа туған сәбилердің ана сүтіне аллергиясы анықталуда. 21 ғасырда кең тараған аурудың емі бар ма? Балаларды қалай қорғаймыз? Тілші материалында.

Подробнее...

Кентаудағы әкімдік алдындағы әйелдер төбелесі

Кентау қаласында бір топ әйел әкімдік алдында жаға жыртысты. Төбелестің туындауына шенеуніктердің салғырттығы себеп болған. Әділдікті талап еткен келіншектермен кездескен әкімдік өкілдері не айтты? Нәзік жанды жандардың талабы не? Тілшіміз біліп келген еді.

Подробнее...

13 жасар өгей қызын өлтірді

13 жастағы өгей қызын айуандықпен өлтірген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алматы облысы Талғар ауданындағы жатақханалардың бірінде болған сұмдық жайт жергілікті жұрттың үрейін ұшырған болатын. Жасөспірімді қатаң тәртіппен ұстап, қасынан бір елі шығармаған ер адам бұрын сотты болған дейді көршілері. Ал, қайғылы жағдай кезінде анасы қайда болған? Оқиғаның мән-жайын тілшіміз зерттеп көрді.

Подробнее...

Провизорлық орталықтағы жағдай

аңғыстауда індет өршіп тұр. Эпидемиологиялық жағдай күннен күнге нашарлауда. Жыл басынан аймақ бойынша аты жаман дерттен 130-дан астам тұрғын көз жұмса, соңғы тәулікте тағы 10 адам қайтыс болған. Қазір облыста 842 науқас коронавирус инфекциясына шалдығып, ем қабылдауда. Арнамыздың түсірілім тобы провизорлық орталықтың біріне кіріп, науқастардың хал-жағдайын біліп қайтты.

Подробнее...

Бизнес орталығындағы былық

Елордадағы ірі бизнес орталығындағы кеңсе иелері арнамыздан көмек сұрады. 25 кәсіпкер 22 қабатты нысаннан 2015 жылы шаршы метрлерді қаржыларына сатып алған. Бірақ, бір жылдан кейін кәсіпкерлердің меншігіне елдегі ірі банк иелік ететінін мәлімдеп, оларды сотқа берген. Олардың арасында 900 шаршы метр кеңселерді 95 миллион теңгеге атып алған Сұлтан Далипов та бар. Азамат былыққа қаржы ұйымы мен бизнес орталығының бұрынғы иелері …

Подробнее...
X