Тағы да антирекорд. Соңғы тәулікте 90 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. 6 637 тұрғынның ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен. Осылайша, елдегі вирустық ахуал күн өткен сайын өршіп барады. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында жансақтау бөлімдері 84 процентке толған. Бұл туралы шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Індеттің қайта дендеп жатқанына көз жеткізу үшін мамандар тіпті ауа жетпей, қиналып жатқан науқастардың …
Подробнее...Новости
Олимпиада жеңімпаздары
Төрткүл дүние көз тіккен Токиодағы олимпиада ойындарының бүгін үшінші күні. Ұлттық құрама спортшыларының қоржынында әзірге екі қола медаль. Жүлделі орындарға дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон ілікті. Өкінішке қарай, 96 лицензияға ие болып, Қазақстан атынан ойынға аттанғандар арасында жарыс жолынан шығып қалғандар мен өз еркімен бас тартқандар да бар. Бір жылға кейінге шегерілген Токиодағы дүбірлі дода жайын Нұржан …
Подробнее...Әкімдер сайлауында қандай заң бұзушылықтар болды?
Өз отбасы мүшесіне дауыс бермек болды. Кеше ғана өткен ауыл әкімі сайлауында бірқатар заң бұзушылықтар тіркелгені белгілі болды. Партиялық емес байқау орталығының мәліметінше, кейбір пысықайлар құжатсыз келсе, өзгесі дауыс беру кабинасына екі адам болып кіруге әрекеттенген. Сондай-ақ өз туысқанына дауыс беруге асыққандар да бар. Ал сарапшылар сайлауға оң баға беріп отыр. Ауыл тұрғындары үшін аса маңызды сайлау жайлы тілшіміз баяндайды.
Подробнее...Арыстағы жарылысқа кінәлі деп табылғандарға үкім кесілді
Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты айыпталғандарға сот үкімі шықты. 16 айыпталушының 12-сіне 4 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілсе, 4-уі шартты түрде сотталды. Алайда, темір торға тоғытылғандар мен жәбірленушілер үкіммен келіспейтіндерін жеткізді. Тіпті оқиға кезінде жарақат алып, мүгедек болып қалғандар мен баспаналары жарамсыз күйге түскендер әлі күнге дейін өтемақы алмағандарын айтады. Сот отырысына тілшіміз қатысып келген еді.
Подробнее...Жігіттің жағын кім сындырды?
Маңғыстауда 35 жастағы жігіт полиция қызметкерлері жағымды сындырды деп редакциямызға хабарласты. Оның әйелі сол түні полицейлермен шуылдасқан видеоны желіге жүктеп, қоғамның талқысына түскен болатын. Әлеуметтік желілерде тез тараған видеоға қатысты көпшілік полицияны айыптап жатыр. Ал кейін бейнежазбаға байланысты полиция департаментінің өкілі түсінік берді. Айтуынша, бұл әдейі қасақана жала жабу деп есептейді. Оған ешкім күш көрсетпеді, сақшылар ұрып-соқпады деп отыр. Мәселенің …
Подробнее...Қызылорда облысындағы қор қаржысы
Қордан бөлінген қаржы талан-таражға түспейді! Кеше жаңалықтарымыздан Төтенше жағдай жарияланған Қызылорда облысыың Арал ауданына «Болат Өтемрұратов қорынан» қуаңшылықтан зардап шеккен аралдықтарға 200 млн теңгедан астам қаржылай көмек берілгендігі жайында айтқан болатынбыз. Жергілікті халық осы қаржыға аудан әкімдігі жем-шөп алудың орнына, басқа қажеттіліктерге жұмсауды межелеп отыр деп шу шығарған еді. Алайда, Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мұны жоққа шығарды. Аудан басшысы …
Подробнее...Тараздағы саябақ қаңғыған иттер мекеніне айналған!
Таразда 100 жылдан астам тарихы бар «Мамыр» саябағы қаңғыған иттердің мекеніне айналып, ондағы көп жылғы ағаштар қурап, құлап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бақ бірнеше жылдан бері суарылмай, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілмей келеді. Соның салдарынан қазір 14 гектар аумақты арам шөп басып, қоқыс жайлаған.
Подробнее...Жынойнаққа айналған қонақ үй
Түркістан облысындағы сегіз бірдей ауылдың тұрғындары қонақ үйдің жабылуын талап етті. Өйткені, Ақбастау елді мекеніндегі демалыс орны жеңіл жүрісті қыздардың ордасына айналып кеткен дейді. Салдарынан қонақ үйдің жанынан жүруге ұялатын жағдайға жеттік деп отыр. Ал демалыс орнының қожайыны бұл пікірмен мүлдем келіспейді. Сайрам ауданындағы тараптардың тартысын тілші тыңдап қайтты.
Подробнее...Сиырдың сүті – тілінде!
Малдан мол өнім алу алу үшін алдымен жем-шөп базасын жасақтап, қоймаға құнарлы азықты толтырған ләзім. Осы тұрғыда батысқазақстандық диқандар соңғы жылдары жаппай мал азықтық дақылдар мен көп жылдық шөптерді егуге ден қоя бастады. Биыл өңірде 32 мың гектарға аталған өсімдік түрлері егіліпті. Алайда қиындықтар да аз емес. Әсіресе оңтүстік аудан шаруалары несиеге қол жеткізе алмай, тұқым себетін арнайы техникадан тарығып …
Подробнее...Астанадағы ахуал мәз емес
Нұр-Сұлтанның инфекциялық стационарларындағы төсек-орындарының 72 пайызы толған. Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тимур Мұратов эпидахуал өткен жылға қарағанда аса қауіпті деп дабыл қақты. Мемлекеттік орган басшысы дәп қазір қанша адамның өлім мен өмір арасында арпалысып жатқанын да мәлімдеді. Нұржан Сәдірбай толықтырады.
Подробнее...






