Шымкентте темір жол көпірінде жасөспірім қызды тоқ соғып, денесін түгел дерлік күйік шалып қалған. Тіпті үстіндегі киімдерінен түк қалмай жанып кеткен. Бірден ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр, дейді ақ халаттылар. Өрімдей қыздың екі кештің ортасында темір жол өткелінің үстінде не істеп жүргенін және оқыс оқиғаның қалай болғанын тілші тарқатады.
Подробнее...Новости
Алаяқтарға алданғандар ұттық деп, ұрынып қалды
Әлеуметтік желідегі жарнамаға алданғандар азаяр емес. Бұл жолы пәтер мен көлік ұтысына қатысқандар банктен несие алып, енді қарызға белшесінен батып отыр. «КВТ store» деп аталатын компания алматылықтарды тақырға отырғызған. Баспана мен темір тұлпар ұттың деп қоңырау шалып, жылы сөзбен елді өзіне қаратқандар кім? 200-ге жуық жанның миллионлдарын қалтасына басқандар ақшаны қайтара ма? Сюжеттен көрейік!
Подробнее...Қайын апа кешірім сұрады
Келінінің бетін күйдірген қайын апасы халықтан кешірім сұрады. Ол бұл әрекетке ашуға қатты булыққаннан бардым деп ақталып отыр. Тіпті, шанышқыны қалайша қыздырып, келіннің бетіне шімірікпей басып-басып алғанын байқамай қалыпты.
Подробнее...Қоқысқа толы демалыс зоналары
Еліміздің көрікті жерлері қоқыс алаңына айналып барады. Карантин кезінде қалада қыдыратын жер таппаған жандар тау-тасты аралап, қолдарындағы қоқыстарын қымсынбай тастап кететін болған. Тұрмыстық қалдықтар Асы үстірті, Көлсай көлдері мен Шарын шатқалдарының сәнін кетірген. Табиғи жерлердегі түйткілдер тілшіміздің репортажында.
Подробнее...8 жасар қызды зорлаған жасөспірім сотталды
Шымкентте 8 жастағы қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген 16-дағы жасөспірім бес жылға сотталып кетті. Алайда, оның жақындары бұл үкіммен мүлдем келіспейді. Себебі, балаларының мұндай сұмдық әрекетке бармағанына сенімдіміз деп отыр. Тіпті, аппеляциялық сот та бозбаланы ақтап алмады. Ал, жәбірленушінің шешесі қызының психикалық ауытқуы барын жасырмайды. Тараптарды тыңдап қайтқан Ғалымжан Кенжебек тарқатып айтады.
Подробнее...Ақтөбеде кейуана әкімнен сөз естіді
«Маған неге звондайсыз, сіздей шешем шаруама араласпай үйде отырады!». Жол, газ мәселесін шешуді сұраған ақтөбелік тұрғын шенеунік маған осылай әкіреңдейді деп шағым айтты. «Әкім-қара ауысады, ал біздің проблемамыз сол күйі қала береді» деген жұрт газ бен ауыз су мәселесін шешіп беруді сұрайды.
Подробнее...Президенттер демалысы
Президенттер демалысын қайда өткізеді? Мемлекет басшылары ұзақ мерзімге демалысқа шықпаса да, 3-4 күндік еңбек демаласын алады. Ал пандемия салдарынан тіпті кей елдің Мепмлекет басшылары мұндай үзілісті ұмытқаны бар. Жалпы тұтас бір мемлекеттің тағдырына жауаптылар демалыстарын қайда өткізгенді қалайды? Толығырақ тілші материалында.
Подробнее...Түрмедегі оқыс оқиға
Маңғыстауда түрме жатақханасының төбесі құлап, 3 сотталушы үйіндінің астында қаза тапты. Ал, жазасын өтеуші 8 сотталушы түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға түскен. Оның біреуі өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оқыс оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің өкілдері түрме аумағында тексеріс жүрігізіп жатыр. Арнайы құрылған комиссия да, абақты басшылығы да әзірге қандай да бір мәлімет бермеді. Ғимараттың төбесмі неліктен опырылып …
Подробнее...Маңғыстаудағы ерекше мектеп
Маңғыстау облысының «Батыр» ауылында ер мұғалімі көп айрықша мектеп бар. Олардың дені кәсіби білікті, өз ісінің hас шебері. Білім ордасының ашылғанына небәрі 8 жыл толса да, осы аралықта толағай жетістіктерге жетіп үлгерді. Мектептің тағы бір ерекшеленетін тұсы, мұнда 40 ер азаматтан құралған хор бар. Оқытушылар әккі әнші болмағанымен, десе де кәсіпқой өнер адамдарынан кем түспейді.
Подробнее...Жігер, жүрек және ниет болса…
Аты жаман ауруды жеңген көпбалалы ана. Ақтөбелік Жанат жігерлілігімен, қиындыққа мойымайтын, өмірге құштар қасиетімен көпке үлгі болатын кейіпкер. Оның мақсаты айқын. Бойындағы осы қасиеттері қатерлі ісікпен күресте жеңіп шығуыға себеп болды дейді. Мықтылығы көпке мотивация Жанат жұртқа үлгі болар істі бастапты. Қолға алған ісі туралы біздің тілшімізге баяндап берген болатын.
Подробнее...






