Бүгін, қасиетті Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Жылына бір мәрте келетін ұлық мейрамды мерекелеу аясы биыл да тарылды. Мешіттер маңында жылдағыдай иық тірескен жамағат жоқ. Себебі, індет өршіп тұрған соң, Айт намазын оқуға тыйым салынған болатын. Құрбандық шалу да онлайн режимде жоспарланған еді. Алайда талапқа бағынбаған жұртшылық таң атысымен мал базарды басып алды.
Подробнее...Новости
«Славян базарынан» отандасымыз бас жүлдемен оралды
«Славян базары» байқауының бас жүлдесі Қазақстанның қоржынында. Халықаралық фестивальде өнер көрсеткен отандасымыз Рухия Байдүкенова әділ-қазылар мен тыңдармандардың қалың қошеметіне ие болды.
Подробнее...«Цой, балаларымызды құтқар!»
Денсаулық сақтау министрлігі алдында бейбіт митинг өтті. Алексей Цой отыратын ғимарат алдында бір топ ата-ана жиналып, сирек кездесетін дертке шалдыққан балаларын құтқаруды сұрады. Өздері ғана төбе көрсетпей емес, бүгін болмаса ертеңгі жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін нәрестелерін демалып келіпті. Жанайқайын жеткізгендердің балалары қандай дертке шалдыққан? Министр адамдардың алдына шықты ма? Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...Балалар орталығында алапат жарылыс болды
Балалар орталығында жарылыс болды! Оқыс жайт Қызылордада тіркелді. Тұрғындары таңғы 7-лер шамасында қатты дыбыстан шошып оянған. Далаға атып шыққан олар үй жанындағы ұл-қыздарға арналған нысанның отқа оранғанын көріпті. Адамдар аман ба? Әріптесім Жанғали Ысқақ оқиға орнына өзі барып, жайтты көзімен көріп қайтты.
Подробнее...Мемлекеттің тегін берген үйлері ақылы болып шыққан ба?
Жаңаөзендік 15 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай жүр. Олар шенеуніктердің бұл қылығына түсінбейді. Өйткені, атқамінерлер бұған құлықсыз. Амалы таусылған олар мәселеге аймақ басшысының араласуын өтінді. Осыдан 10 жыл бұрын көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедек баласы бар жанұялар баспананы әкімдік тарапынан алған. Алайда, көп жыл өтсе де әлі күнге дейін жеке атына өткізе алмай жүргенге ұқсайды. …
Подробнее...Семейдегі тозығы жеткен көпір халыққа қауіпті
Семейдегі «Жаңа көпірге» шұғыл жөндеу керек. Бұдан 21 жыл бұрын пайдалануға берілген ол әбден тозып, шұрық-тесік болған. Әсіресе, көлік тізгініндегілер Ертіс өзенінің үстінен салынған жолдан өткен сайын шұңқырлар әбден қинайтынын айтады. Ал жергілікті шенеуніктер болса, мұнымен келісіп, су үстіндегі жолдың «жағдайы мүшкіл» деп таныған. Көпір осы күнге дейін неге жөнделмеген? Алдағы тағдыры не болмақ? Материалдан білесіздер.
Подробнее...Мектептер дайындығы
Онлайн оқу жылында есеңгіреген оқушылар 1 қыркүйекте партаға отыруы тиіс! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пәрмен беріп, мектептердің жұмысы дәстүрлі форматқа ауысуы керек деген болатын. Ол үшін орта білім ордасының мұғалімдері мен өзге қызметкерлерінің барлығы екпе алуы міндетті. Ал педагогтар бұл тапсырманы қалай орындап жатыр? Ұстаздар түгел вакцина алды ма? Тілші толықтырсын!
Подробнее...Барымташыларға үкім кесілді
Батыс Қазақстан облысында дүйім елді қан қақсатқан барымташылардың ісіне нүкте қойылды. Ақжайық аудандық сотының үкімімен ағалы-інілі төртеудің үлкені 7 жылға бас бостандығынан айрылса, ортаңғы екеуі 6 жарым жыл, кішісі 6 жыл мерзімде орташа қауіпсіздіктегі колонияда жазасын өтемек. Алайда ақ-адал малын алдырған ауылдастары соттың үкімін тым жұмсақ деп санайды. Неліктен? Жылқы айдағандардың ісі туралы Жылқайдардың ұлы Ерденбек әңгімелейді.
Подробнее...Мазармен көрші болып, мүрдені шайған суды ішкіміз келмейді
«Терезеден көрінетін таңғажайып табиғаттың орнына мазар көргіміз келмейді!». Алматылық тұрғындар үйінің маңынан жүргізілгелі жатқан зират құрылысына қарсы. Естуімізше, «Думан» ықшам ауданындағы 92 гектар жерді әкімдік кісі жерлейтін орын ретінде бөліп отыр екен. Мәселе тек терезеден қарағандағы көрініс емес дейді. Осы маңнан ауыз суын алып отырғандар ертең мүрдені шайған суды ішеміз бе абыржулы. Медеу ауданындағы мәселе мына сюжетте ашылады.
Подробнее...Карантин жағдайындағы құрбан айт талаптары
Кәсіпкерлерге құлаққағыс! Бас муфти Құрбан айт мейрамында шаруа қожалықтарының иелерін мал бағасын шарықтатпай, халыққа қолжетімді бағада сатуға шақырды. Оның айтуынша, ұлық мереке қарсаңында құрбандық шалу үшін төрт түлікке деген сұраныс артады.
Подробнее...






