9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Мектептегі көңілдестер ұсталып қалды

Әйелі көзіне шөп салған жігіт асылып қалды. Оқиға Жамбыл облысы, Жуалы ауданында болған. Ауылдағы мектепте күйеуімен бірге еңбек ететін келіншек сол оқу ордасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен жақын қарым-қатынаста болған екен. Мұны бірінші болып дәл сол мектептеұстаздық ететін енесі біліп қойған. Бірте-бірте бұл жағдай жайлы бүкіл ауыл естіген. Жарының мұндай қылығына намыстанған күйеуі өз-өзіне қол жұмсапты.

Подробнее...

Әбсаттар қажы дүниеден озды

Қазақ руханияты мен ғылымы ауыр қазаға душар болды. 74 жасқа қараған шағында белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі фәни дүниеден бақи дүниеге аттанды. Өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысықан тұлға Әл-Фараби туралы жинағын баспаға әзірлеп жатқан екен. Алайда ол еңбегін шығарып үлгермеді.

Подробнее...

Үш баланың анасы күйеуінің өліміне қатысты әділдік іздеп жүр

«8 айда көрмеген қорлығым жоқ». Нұр-Сұлтанға Ақмола облысынан әділет іздеп келген Меруерт Садықова көпшіліктен көмек сұрады. Келіншектің учаскелік полицей болған күйеуі осыдан сегіз ай бұрын жол апатынан көз жұмған екен. Бірақ, біршама уақыт өтсе де, тергеу дұрыс жүргізілмей, күдікті бостандыққа жіберілген. Үш баласын Ақмоладан елорданың шенді-шекпенділері отыратын сол жағалауға ертіп келген азаматшамен Нұржан Сәдірбай тілдесті.

Подробнее...

Қарызға ақша бермегені үшін көршісін пышақтап тастады

Алматы облысында ақша сұрап барып, жоқ деген жауапты естіген ер адам көршісі мен 9 жастағы баланы пышақтап тастаған. Мұндай сұмдықты көрмеген ауыл тұрғындары қаскөйге әділ жаза сұрап отыр. Бұған дейін де істі болған ер адамның өз анасын да өлтіргенін қайғылы жағдайдан кейін білген. Ол мұнда қалай және қашан келгенін Еңбекшіқазақ ауданына барып келген тілшіміз Бауыржан Жақсымбет баяндасын.

Подробнее...

Шымкенттіктер әкімдікке сенбейді

Әкімдікке сенбейтін шымкенттіктер тағы да шу шығарды. «Нью-Сити» тұрғын үй кешенінің жұрты баспаналарының сапасыздығына наразы. 2019 жылы пайдалануға берілген үйдің жарнамасы жер жарып, адамдарды ессіз еліктірген. Алайда, құтты қонысқа орналастық деген тұрғындар жеме-жемге келгенде қателескендерін түсінген. Бір жылдан бері үйлерінің бітпейтін мәселесімен арпалысып келе жатқан ағайын жолды жабуға дейін барды. Тілші тарқатады.

Подробнее...

Екі адамды қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Екі адамның өліміне себепкер болған жүргізуші бостандықта жүр. Осыдан бір апта бұрын жантүршігерлік жол апатынан такси жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Ал жолдың қарсы бетіне шығап кетіп, бетпе-бет соқтығысуға кінәлі болған азаматты полицейлер екі күннен кейін босатып жіберген көрінеді. Марқұмдардың жетісі өтсе де, әлі ешкім кешірім сұрап та келмепті. Қаскелең маңында болған қайғылы жағдайдың жай-жапсарын журналисттер зерттеді.

Подробнее...

«Ынтымақтықтар» он жылдан бері сусыз отыр

Үшінші мегаполисте тұрсақ та, он жылдан бері сусыз отырмыз. Шымкенттегі «Ынтымақ» шағынауданының тұрғындары шіліңгір шілдеде тіршілік нәрінсіз отырғандарына наразы. Аудан әкімі жиналысына келгендер құрғақ уәдеге әбден тойғандарын айтып, жұмысты созбалаңға салмай бүгін бастауларын талап етіп, шенді-шекпенділердің табанына тас қойды. «Миллиондаған қаржы бөлінгенімен, шарапатын көріп жатқанымыз жоқ» деген тұрғындарды сан сауал мазалайды екен. «Өркенениеттен жұрдаймыз» деп ашынған халықпен тілші тілдесіп қелді.

Подробнее...

Маңғыстаулықтар өңірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде

Маңғыстаулық шаруалар да өңірде төтенше жағдай жариялануын талап етуде. Өйткені, қуаңшылық қысқан сәтте шаруа қожалықтары қатты зардап шегіп отыр. Аймаққа арнайы іссапармен келген Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Жергілікті билік те, министрлік өкілі де бұл мәселені басы ашық күйінде қалдырды. Төрт түлігі қынадай қырылған шаруалардың алдағы тағдыры қалай болмақ?

Подробнее...

Әйел мен екі баласын өлтірген күдікті ұсталды

Павлодар облысында әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Тергеу барысында тәртіп сақшылары 36 жастағы қаскүнемнің марқұм әйелмен таныс болғанын анықтады. Ал жантүршігерлік қылмыс 11 шілдеге қараған түні жасалғаны белгілі болды. Марқұмдардың денелері өлтірілгеннен кейін пәтерде шамамен бір жарым күн жатыпты. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса, ол 35 жылға соталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Подробнее...

“Естелік” банкноттарды қабылдамайтын кәсіпкерлерге жаза бар ма?

Қазақстанда естелік банкноттарды қабылдамайтын кәсіпкерлер көбейген. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Банкі хабарлайды. Орталық банктің мәліметі бойынша, елімізде «естелік» банкноттың бірнеше түрі бар. Соның ішінде номиналы 1000 теңгелік «Күлтегін» ескерткіші бейнеленген купюраны сауда орындары мен ұйымдар кейде алмайды екен. Отандастарымыздан тағы қандай ақшаны бизнес көздері қабылдамай жүр? Бұл заңды ма? Мән-жайды Нұржан Сәдірбай біледі.

Подробнее...
X