Баспанаңызды сәндеймін деп, сан соғып қалмаңыз. Алаяқтар барлық жерде бар. Астанада ондаған тұрғын жаңа жиһаз жасатпақ болып, ақшасынан айырылды. Уәдені үйіп-төгіп берген компания жұмысын аяқтамаған, тапсырысты уақытында әкелмеген, немесе сапасыз жасаған. Тіпті сол жиһаз дүкенінде жұмыс істеген қызметкерлердің өзі еңбекақысын ала алмай жүрген көрінеді.
Подробнее...Новости
2 МЫҢ ТОННА ҚАРБЫЗ ШІРІП КЕТКЕН
Қарбызды қаншадан алып жүрсіздер? Үлкен қалаларда 140-150-ден басталып, әр келісі 200 теңгеге дейін барады қазір. Бірақ Жамбылда соның 2000 тоннасы шіріп жатыр. Кредит алып, егінге салып, ала жаздай терін төгіп, енді өнім піскенде қып-қызыл шығынға батты шаруалар.
Подробнее...Билет демекші, сауда-саттыққа арналған танымал сайтта самсап тұр.
Билет демекші, сауда-саттыққа арналған танымал сайтта самсап тұр. Бірақ бағалары удай. Үстіне екі есе қосып сатып жатыр-ау дерсің. Астана-аренаға барған әріптесім, стадионның алдында да 120 мыңға саудалап жүрген кісілерді көрді. Әдетте футболдан ел чемпионатына барсаң, 1 орынға екі-үш адамның таласып жататынын көретінбіз. Бірі онлайн алған, екіншісі кассаға төлеген, айтысып-тартысып, ақыры матч басталғанда амалсыз сыйысып отыра салатын. Бүгін қалай болар екен?
Подробнее...ЗАУЫТТЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Алматы облысы, Іле ауданының шенділері зауыттардың қақ ортасына көп қабатты тұрғын үй салуға рұхсат берген. Берерін беріп, енді сол құрылысын бастаған компаниямен соттасып жатыр. Төрт құбыласы төрт өндіріс ошағымен қоршалған «Тұмар» кешені желтоқсан айында қолданысқа берілмек.
Подробнее...АҚОРДАДА БІР ТОП АДАМ НЕГЕ ЖҮР?
Елімізде жаңадан 5 мың шақырым трасса салынбақ. Темір жолдың ұзындығын да едәуір арттыру көзделіп отыр. Көлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев баяндады. Президент бұл бағыттағы істерді саралап қана қойған жоқ, кәсіби мереке иелерін арнайы құттықтап, еңбектерін бағалап, марапат тапсырды.
Подробнее...ӨМІРІН ТЕМІРЖОЛҒА АРНАҒАН ӘУЛЕТ!
Тамыз айының бірінші жексенбісі теміржол көлігі қызметкелерінің күні. Яғни, ел экономикасының күретамыры саналатын сала қызметкерлерінің үздіксіз еңбегі еленген күн. Бір емес, бірнеше буын өкілі өмірін осында арнап, шойын жолдың династиясына айналған отбасылардың бірі Шымкентте тұрады.
Подробнее...ЖОҒАЛҒАН ТІКҰШАҚ ҚАШАН ТАБЫЛАДЫ?
Қарулы күштердің иелігіндегі ең бір стратегиялық құралдардың бірі — тікұшақ. Бірақ осы заманауи әуе көлігін құлатып-ақ тауысатын болдық. Өткен жұмада Отар маңында жоғалып кеткен Еурокоптерді әлі іздеп жатыр. Құтқарушылар кеше Сорбұлақ су қоймасының маңынан кішігірім бір бөлшегін тауыпты. Бірақ, қаңқасы ұшты-күйлі жоқ. Іздестіру жұмыстары күн-түн демей жалғасуда. Тіпті жоғалған бір экипаж мүшесінің бауыры да Шымкенттен келіп, арнайы операцияға қатысып жатқан …
Подробнее...САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ДЫМСЫЗ ҚАЛА ЖАЗДАДЫ
Алматы облысының Ақсай шатқалында алапат өрт болып, жұрттың зәре-құтын алды. Саяжай аумағында тұтанған тілсіз жауды көргенде жақын маңда тұратындар үйлерін тастап, қаша жөнелген. Тікұшақ тартылып, ондаған техника мен 150-ден аса құтқарушы жабылып жүріп жалаңдаған жалынды бірнеше сағат арпалысып жатып әрең дегенде ауыздықтаған.
Подробнее...БАЛАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ӘЙЕЛ ДӘРІГЕРЛЕРДІ КІНӘЛАДЫ
Іші ауырып ауруханаға түскен жүкті келіншек баласынан айрылып қалды. Түсік тастау қатерімен қиналып жатқанымда, жәрдем берер бір адам табылмады деп зар еңіреп отыр. Куәгерлердің айтуынша, ішінде 7 апталық баласы бар әйел төсекте қансырап жата берген. Дәрігер 2 сағаттан соң бір-ақ келіпті.
Подробнее...ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРҒА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕҢІЗ БЕЗІП КЕТЕДІ
Алаяқтармен күресу үшін, өзің де алаяқ болуың керек. Жақсы мағынасында. Яғни, қулығына құрық бойламайтындардың әрекет ету тәсілдерін, схемаларын жетік меңгеру қажет. Шымкенттің полицейлері енді алаяқтардың өздерін айға қаратамыз деп отыр. Әйтпесе, айналдырған жарты жылдың ішінде оңтүстік тұрғындарының 900 млн теңгесін қағып апты әккілер.
Подробнее...






