Үш күн бұрын Алматы тауында жоғалып кеткен келіншек табылды. Бірақ, жағдайы тым ауыр дейді мамандар. Оны құтқарушылар Үлкен Алматы көлінің маңайын ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып іздеген. Бүгін таңертең сағат 11-ге қарай ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Ал биіктен төмен қарай түсіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағын пайдаланған. Алғаш болып көмек қолын созған дәрігерлер жағдайының ауыр екендігін хабарлады.
Подробнее...Новости
Ақтөбеде — апокалипсис
Ақтөбеде – апокалипсис. Үш тәулік бойы шаһарда жаңбыр толассыз жауды. Тал-теректер құлап, жарық өшіп, көпқабатты үйлер түнекте отырды. Коммуналдық қызметтер су басқан қаланы қашан тазартып бітеді?
Подробнее...Адасқан мәйіт
Елордада мәйітханалардың бірінде екі адамның мүрдесі шатасып, марқұмдардың туыстары шу шығарды. Олардың сөзінше, мәйітхана қызметкерлері байқаусыздан өзге адамның денесін оларға табыстаған. Ал өз туысының мүрдесін Таразға аттандырыпты. Оқиғаның мән-жайымен тілшіміз танысып қайтты.
Подробнее...Теміржолшылар бас көтерді
Айлықтары шайлықтарына жетпейтін темір жол жұмысшылары бас көтерді. «Барлық ауыр жұмысты істейміз, бірақ жалақыларымыз еліміз бойынша ең төмені» деген оңтүстіктің теміржолшылары «тоқалдан тудық па» деп қапалы. Оның үстіне қымбатшылық алқымнан алып тұрған кезде шын мәнінде қиналғандарын жасырмайды. «Шыдамның да шегі бар» деп ашуға булыққандармен тілші тілдесіп, тағы қандай талап-тілектері барын біліп келді.
Подробнее...Биотехнолог маман — есірткі даярлаған
Биотехнолог мамандығын меңгерген 27 жастағы жігіт элиталы тұрғын үйдегі жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған. Ол жерде мефедрон мен амфетаминді жасап, интернет-дүкен арқылы сатып келген. Баспаны тінту барысында синтетикалық есірткі жасаудың формуласы жазылған дәптер, электронды таразы, химиялық қоспалар, полиэтилен пакеттері, есірткі сататын дербес компьютер табылды. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткінің 60-тан астам бір рет қолдануға арналған дозасы тәркіленді. Қалалық саябақтардың бірінде жүргізілген …
Подробнее...Шімірікпейтін шенеуніктер көбейді
«Баға кетсе бағынбай, жем-жөп кетсе табылмай, екпе қалса салынбай, елдің өзі кінәлі!». Соңғы уақытта жауапкершіліктен жалтарып, бар кінәні халыққа жабуды жөн көретін шенеуініктер көбейіп жатыр. Сарапшылар қит етсе, бар айыпты бұқараға аударатын басшылардың көбеюі әсіресе пандемия уақытында қатты байқалды дейді. Сонда шеніне шаң жуытпайтын шенділер кім? Бұған ел-жұрттың өзі не дейді? Сюжет көрейік.
Подробнее...Ақылға қонбайтын ақылы жол
«Жол ақысы жанға батты!» Желі қолданушылары ақылы автобанның тарифін қызу талқылап жатыр. Жүргізушілердің бірі терминал маңында тұрып, аппараттың жолда жүру ақысын есептеп жатқанын видеоға түсіріп, ғаламторға салғаны сол еді, ел-жұрт шулап шыға келді. Роликтің авторы қазір ғана Алматыдан Жаркентке дейін және кері қарай 600 шақырым жүріп келгенін, сол үшін 15 мың теңге төлегенін айтып шамданған.
Подробнее...Аптапта қазығұрттықтар сусыз отыр
«Аптап ыстықта кенеземіз кеуіп, тіліміз таңдайымызға жабысып отыр». Ауыз суға жарымаған Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының тұрғындары осылай деп шу шағырды. Жұрт 10 жылдан бері тіршілік нәрін жарытып ішпепті. Әсіресе, жаз мезгілінде жағдайлары тіпті қиындап кетеді екен. Бір тамшы суға зар болып отырған тұрғындармен аймақтық тілші Ғалымжан Кенжебек тілдесіп қайтты.
Подробнее...Ақтөбеде мектеп дәретханасында 7 жасар баланы зорлаған
«Мектеп дәретханасында балама білгенін істеді!». Редакциямызға Ақтөбеден ашынған ана хабарласты. Оның айтуынша, осыдан төрт ай бұрын 9-шы сыныптың төрт оқушысы немересіне қысым көрсетіп, білім ордасының ішіндегі дәретханада зорлапты. Іс құзырлы органдарға жеткенімен, жәбірленуші тарап тергеудің дұрыс жүргізілгеніне күмәнмен қарайды. Баласын қорлағандар жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы. Мектеп басшылығы мен ұстаздарға, полиция тергеушісіне қояр сауалдары көп. Арнамыздан араша сұраған тұрғынмен …
Подробнее...Ресейде ұшақ апатынын 28 адам көз жұмды
Ресейдің Камчатка өңірінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 28 адамның барлығы қаза тапты. Оқыс жағдайға техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Әзірге 19 адамның мәйіті табылған. Апаттың жай-жапсары келесі сюжетте.
Подробнее...






