Қуан қазақ! Жақын болашақта Кенесары ханның сүйегі Қазақстанға әкелінуі мүмкін. Ресей басшысы Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа соңғы ханымыздың мүрдесін табуға көмектесуге сөз берді. Бұл сүінші жаңалықты Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жеткізді.30 маусым күнгі Мәскеудегі кездесуінде Назарбаев хан Кенені туған топырағына әкеп жерлеп, әруағын тыныштандырудың қазақ елі үшін аса маңызды екенін жеткізіп, Путиннен бұл мәселеде көмек көрсетуді сұраған. Көршінің көсемі …
Подробнее...Новости
Жалған құжат жасатқан ұстаздардың басы дауға қалды
Шымкенттік 344 мұғалімнің басы дауға қалды. Олар біліктілігін арттыру үшін жалған аттестация жасатып, сертификатты сатып алды деген күдікке ілінді. Бұл әрекеттерді ұйымдастырып, басы-қасында қаладағы бір мектептің директоры мен білім басқармасының маманы жүрген. Олар тестілеуге келмеген немесе сүрінген ұстаздарға жалған сертификат жасап берген. Шаһардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшылығыбұл қулықты анықтап, істі сотқа жолдаған. Директор мен басқарама маманының құйтырқы әрекеттері үшін …
Подробнее...Мал су тапшылығынан қырылуда
«Билік басындағылар су бермей қойған соң, малымыз қырылып жатыр!» Сыр еліндегі Қармақшы ауданының халқы жұртты қинаған жұтқа жоғарғы жақты кінәлі санайды. Әсіресе, Алдашбай ахун ауылынан қай жаққа қарай болсын, ондаған шақырым жүрсе де бірде-бір суат таппайсыз. Елді мекенге келетін арна неге тартылып қалды? Біреу әдейі суды байлап отыр ма? Тілшіміз зерттеді.
Подробнее...Шымкенттегі зертхана қызметкерлері шу шығарды
«Жеке меншік клиникадан көресінді көріп, әбден тойдық». Шымкенттегі зертхана қызметкерлері осылай деп шу шығарды. Бұған дейін қалалық №1 клиникалық ауруханада жұмыс істеп келгендердің айтуынша, барлығы жақсы болады деп басшылығы зертхананы жекенің қолына өткізіп жіберген. Сол сәттен бастап, жалақылары жөн-жосықсыз азайып, жұмыстары еселене түскен. Ал жағдайларын айтып шағымданғанымен, құлақ асатын бір жауапты табыламады деп отыр. Тараптарды тыңдап қайтқан Ғалымжан Кенжбек тарқатады.
Подробнее...Даулы қаулы қабылданды
Енді індетке қарсы екпе алу міндет! Өйткені бұдан былай вирусқа қарсы вакцина салмаған қазақстандықтар үшін жұмыстың есігі тарс жабылады. Елдегі бірқатар ұйымдар үшін ерікті екпе міндетті шараға айналды. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған.
Подробнее...Жаңа кодекс қабылданды
Енді қазақстандықтар қате төленген әлеуметтік көмекті қайтармауға құқылы. Елімізде бүгіннен бастап Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодекс күшіне енді. Әділет вице-министрі Наталья Панның сөзінше, жаңа кодекс азаматтарды билік органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Мәселен, құқықтық шешімдердің күшін жоюдың ерекше тәртібі енгізіледі. Осылайша әрбір қазақстандық бір кездері қабылданған шешім заңды, дәйекті және оның күшін жоюға болмайтынына сенімді болуы керек.
Подробнее...Депутаттар демалысқа кетті
Депутаттар демалысқа кетті. Кезекті сессия қорытындыланып, Парламент күзге дейін заң қабылдау процессін тоқтатады енді. Соңғы парламенттік маусым несімен есте қалды? Депутаттардың сынына қалған кімдер? Әріптесім Айғаным Достанбай баяндайды.
Подробнее...Ақтөбе халқы аптап ыстықта судан таршылық көруде
«Мейіржан-ау, кепті ғой таңдайымыз!». Аптапта ауыз судан тарыққан тұрғындар ауыл әкіміне базынасын өлеңмен жолдады. Ақтөбе облысындағы Маржанбұлақ ауылының әкімдігі суды сағаттап беруге шешім қабылдапты. Алайда, оның өзінде бұрандадан сап-сары су ағып, халықтың берекесі қашқан. Не ішуге, не бақша суарып, кірін жууға жарамайды. Ауылдықтардың мәселесін тыңдап қайтқан Ақбаян Сұлтанмұратова жалғастырады.
Подробнее...Екпе салдырған елбасы әкімдік ойнатып жатқан ұтыстардың барлығына қатыса алады
Коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін салдырған Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елорда әкімдігі бәске тіккен пәтер ұтысына қатыса ала ма? Бұл сұраққа халыққа есеп беру кезінде қала басшысы жауап берді. Алтай Көлгіновтың сөзінше, маусымның 24-інен бастап екпе алғандар бағалы сыйлықтарға таласа алады.
Подробнее...«l-капитал» компаниясының салымшылары шу шығарды
”L-Капитал” компаниясының салымшылары Бас прокуратураның Алматыдағы ғимаратына барып, шу шығарды. Қаржы пирамидасына алданып, тақырға отырып қалғандар тергеу амалдарымен айналысып жатқан қадағалаушы орган қызметкерінің қызметтен кетуін талап етуде. Өйткені, тергеу амалдары әлі нәтиже бермепті. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Подробнее...






