18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Астана әкімдігінің тағы бір былыққа қатысы болуы мүмкін

Астана әкімдігінің тағы бір былыққа қатысы болуы мүмкін. Елордадағы 15 тұрғын-үй құрылыс кооперативінің төрағалары қалалық прокуратураны жағалап жүр. Олар мекеме басшысы Бауыржан Мырзакеровтың тілдесуге шығуын талап етті. Төрағалар шендіден дәлелі болмаса, алаяқтық бабы бойынша неліктен іс қозғалғанын сұрамақшы. Ал, 15 маманды айыптағандар айғақтардың бар екенін айтады. Жиналғандардың ортасына елорданың бас прокуроры шықты ма? Бұл айқай-шуға қалалық әкімдік пен «Елорда Құрылыс …

Подробнее...

Ауғанстандағы арпалыстан бізге қандай қауіп бар?

20 жылдан соң «Талибан» қозғалысы қайта бас көтерді. АҚШ әскері ауған жерін босатпай жатып, тәліптер елдің 80 пайызын басып алып үлгерген. Берекесі қашқан тұрғындар енді Орталық Азия елдерінен пана іздеп, бас сауғалауға мәжбүр. Тікелей көршіміз болмаса да Ауғанстандағы арпалыстан бізге қандай қауіп бар? Тәліптердің қайта түлеуі өзге де террорлық ұйымдардың қолтығына су бүркей ме деген сауалдарға әріптесім Айғаным Достанбай жауап …

Подробнее...

ЕЛІМІЗДЕ 2000 АДАМ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ҚЫЗЫЛ ПАСПОРТЫМЕН ЖҮР

Қазақстанда 2000-ға тарта адам Кеңес одағының қызыл паспортымен жүр. Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Арнайы тексерулер барысында елде 5000-ға жуық азаматтың жеке бас құжатынсыз жүргені анықталған. Олардың дені Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұрады.

Подробнее...

Вакцина салдыр да, байлыққа кенел!

Вакцина салдыр да, түсіңде көрмеген жеңілдікке ие бол! Коронавирусқа қарсы вакцина алған университеттердің студенттеріне оқу ақысын төлеуге және жатақханада тұруға жеңілдік жасалады. Сондай-ақ, сауықтыру шипажайларына жолдамалар, тегін тамақтануға және қоғамдық көлікпен жүруге талондар беріледі.

Подробнее...

Қаржы пирамидасы

3700 томнан тұратын қылмыстық іс, 17 мың шағымданушы мен 48 айыпталушы. Ақтөбеде атышулы қаржы пирамидасымен айналысқандарға қатысты сот басталды. Тергеу материалдарында «Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ», «Estate Ломбард», «Нұр-Али Капитал» ұйым өкілдерінің «алаяқтығынан» келген шығын көлемі 30 млрд теңгеден асады. Алғашқы сот отырысында айыпталушылар қандай шағым айтты? Процесс кезінде жедел жәрдем көлігін шақыртуға не себеп болды? Ақбаян Сұлтанмұратова баяндайды.

Подробнее...

Әкесі мен қызы жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды

Алматы облысында әкесі мен қызы шөп тиеген жүк көлігінің астында жаншылып, көз жұмды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен арғы бетке өтпек болған оларды тежегішін баспаған ауыр техниканың жүргізушісі қағып кетті. Сол сәтте қоларбада болған 3 жасар бүлдіршінді періштесі қақты. Баланың жағдайы қалай? Сұмдық оқиғаны көрген куәгерлер не дейді? Қарасай ауданының Жамбыл ауылында болған жантүршігерлік жағдайдың жай-жапсарын тілшіміз Бауыржан Жақсымбет баяндайды.

Подробнее...

Оралда бір адам пойыз астына түсіп мерт болды

Оқыс оқиға таңғы сағат 9-дар шамасында болған. 4-ші шағын ауданның тұсында темір жолды жаяу кесіп өтпек болған 25 жастағы тұрғынды Нұр-Сұлтан қаласынан келе жатқан жолаушылар пойызы қағып кеткен. Ауыр халдегі азамат қалалық ауруханаға жедел жеткізілгенмен, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады. Бас пен мидың ашық жарақатын алған науқас операция үстінде көз жұмды. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап тағып алып, қозғалып бара …

Подробнее...

Жаңа туған баласын 150 мың теңгеге сатты

Алматыда жаңа туған нәрестені сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Бауыр еті баласын саудаға салғандар өзбекстандық 39 жастағы жігіт пен 28 жастағы келіншек екен. Полицейлердің айтуынша, 2020 жылдың қараша айында ұл баланы босанып, 150 мың теңгеге Жамбыл облысының тумасына сатыпты. Алайда денсаулығына байланысты бүлдіршін 3 айдан кейін шетінеп кетіпті. Бірақ, бұл жұп осыған дейін де бір баласын қомақты қаржыға сатқаны анықталған. Қазір кәмелет …

Подробнее...

Жыр болған лрт

Бас қалада атышулы ЛРТ-ны аяқтау жұмыстары қайта жандана бастады. Әуежай маңына ұзақ уақыттан соң алғашқы жұмысшылар да келді. Олар жер үсті метросының бағаналарына бетон өтпелерді орнататын болады. Бірақ, бір өкініштісі бұл құрылыс жанданбай тұрып мамандар үлкен проблемаға тап болды.

Подробнее...

Туризм бар, туалет жоқ!

Қостанай облысында туризм тұралап тұр. Жаз шыға салысымен, халық жиі сапарлайтын орындар қарапайым дәретхананың өзіне жарымай отыр. Туристерді тартуға қажетті басқа да инфрақұрылымдардың жайын айтпаса да түсінікті. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың ауылы да жылдар бойы облыс тарапынан қолдаудың иісін де сезбей келеді. Шалғай елдімекенге сапарлап қайтқан Айғаным Достанбай сабақтайды.

Подробнее...
X