Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бақылауға алған сот ісіне нүкте қойылды. Мас күйде рөлге отырып, төрт оқушы қызды көлігімен қаққан жүргізушіге бүгін сот үкім кесті. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам аулының 54 жастағы тұрғыны ұрттап алып, УАЗ көлігімен жол жиегінде жүрген төрт қызды басып кетіп еді. Жеткіншектердің біреуі оқиға орнында, екеуі ауруханада көз жұмды. Ал, жауапкершіліктен жұрдай ер адам 345-баппен қамауға алынған. …
Подробнее...Новости
Полицей адам қағып өлтірді
Алматыда патрулдік полицей адам қағып өлтірді. Қайғылы оқиға таңғы 7 шамасында Алатау ауданында болған. Тәртіп сақшысы өз кінәсін толық мойындап, қара жамылған отбасы мен марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтып жатыр. Ол өз әрекеті үшін кешірім де сұрады. Бірақ қаза болған әйелдің жақындары рөлге отырған кезде формадағы қызметкердің сау болғанына күмәнмен қарайды. Сақшының сайтан судан ұрттағаны рас па? тергеу қалай жүріп …
Подробнее...Түнгі клубта комаға түскен жігіттің өліміне кім кінәлі?
Павлодарда түнгі клубқа барып, комаға түскеннен кейін көз жұмған 24 жастағы жігіттің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Әлішер Советхан ауыр жарақаттармен 4-ші маусымда ауруханаға түскен. Содан бері ол жансақтау бөлімінде жатты. Тіпті, жағдайы реттеле бастапты. Бірақ, өткен сенбіде дәрігерлер өкпесінің қабынғанын анықтаған. Салдарынан жағдайы мүшкіл азаматтың ағзасы инфекцияны көтере алмай, қайтыс болды. Марқұмның туыстары инфекция дәрігерлердің салғырттығынан жұқты деп отыр.
Подробнее...Бір мектептің екі директоры бар
Естімеген елде көп! Шымкентте бір мектептің қос директоры бар. Қаладағы №125 оқу орнының ата-аналары және мұғалімдері бұл жағдайды мүлдем түсіне алмайды. Себебі, оқушылардың аттестатында бірінші директордың қолы тұрса, ал табельде екінші басшының аты-жөні жазылған. Мұнымен оқу ордасындағы былық бітер емес, қит етсе ақша жинауды әдетке айналдырып алған директор барлығын мезі қылып бітірген. Жағдайдың жәй жапсарын толығырақ Ғалымжан Кенжебек тарқатады.
Подробнее...Алапат өрттен адамдар бір-ақ сәтте далада қалды
Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары бір түнде далада қалды. Тілсіз жаудан бір подъездегі 12 пәтердің бесеуі бүлінген. Ойда-жоқ жерде дымсыз қалып, баспанасы жанып кеткендер әкімдіктен көмек сұрайды. Тілсіз жау неден шықты? Барар жер, басар тауы жоқ тұрғындардың жайы енді не болмақ? Тілшіміз тарқатады.
Подробнее...Кәсіпкерлер мен әкімдік арасындағы қақтығыс
Оқулық сапасына қатысты шу шықты
Қазақтың ұлттық асы лағман, ал мейрамы пасха! Мектеп оқулығындағы сорақы олқылықтар жұрттың ашуын туғызды. Ағылшын пәні кітабындағы бассыздық мұнымен бітпейді. Онда домбыра ұстаған жанның жынысы да белгісіз, ерні боялған ер баланың бейнесі тұр.Екінші сынып оқушылары тәлім алатын кітап мәжіліс депутатының да көзіне түскен. Парламент өкілі оқу құралы «шетелдің идеология насихаты» бола тұра, білім министрлігі мұны мақұлдаған дейді. Тақырыпты Нұржан Сәдірбай …
Подробнее...Халық су сатып алуға ақша таппай қиналуда
Еліміз Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беріп, миллиард долларлап табыс тауып жатқанда, Батыс Қазақстан облысындағы шаруалар Ресейден су сатып ала алмай шығынға батуда. Волгоград аймағынан Жәнібек ауданына каналмен келетін тіршілік көзіне төлейтін қаржы тым аз бөлінген. Арнадағы су тартылған соң шабындық сиреп, егінге қауіп төнген. Сюжетте толығырақ!
Подробнее...Шымкентте газ тапшы
Шымкентте сұйық отын тапшылығы қатты сезіле бастады. Салдарынан жүргізушілер екі-үш күннен бері газ іздеп сергелдеңге түскен. Жығылғанға жұдырық болып, оның бағасы да шарықтап шыға келген. Қазір қалада газы бар санаулы бекеттерде сұйық отын 80-85 теңгеден сатылып жатыр. Жағдайды бағамдап қайтқан аймақтағы тілші Ғалымжан Кенжебек тарқатады.
Подробнее...Футболдан еуропа біріншілігі басталды
Енді, санаулы сағаттан кейін аяқдоп жанкүйерлері көз тіккен футболдан Еуропа біріншілігі басталады. Кәрі құрлықтың мықтысы атану үшін 24 құрама бақ сынайды. Коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылған дода биыл 11 елдің басты алаңдарында өтеді. Сонымен, бұл жолы кубок кімнің қаншығасында кетуі мүмкін? Қайсы команданың бабы мықты? Сарапшылар не дейді? Әріптесім Қайыркен Отыншы толығырақ.
Подробнее...






