9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

СОҒЫС ЖАҢҒЫРЫҒЫН СЕЗДІРГЕН ӘН МЕН КҮЙ

“Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген. Оқ даусы мәңгілік жойылсын.” Көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні бұл. Дүниедегі ең зұлым әрекет соғыс екенін бір сөзбен-ақ сездіріп тұрғандай. Иә, майдан даласында жүріп талай ақынның жүрегінен жыр төгілді. Әнге айналғандары қаншама. Сол отты жылдардағы туындылар әлі күнге дейін рухымызды көтеріп келеді.

Подробнее...

«BIG ШАНХАЙ» ДЫМЫ ҚАЛМАЙ ЖАНЫП КЕТТІ

Астана қаласы арайлап атқан ақ таңда күн шапағымен емес, түтін құрсауында оянды. Түн жарымда каладағы ең үлкен базарлардың бірі отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті. Биг Шанхай деп аталатын сауда павильонында 250-дей кәсіпкердің бутигі, млрд-таған теңгенің заты бар еді. Тауардан бұрын, зардап шеккен адамдар жайлы ақпарат келіп түсті.

Подробнее...

АРЫСТА «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Арыс қаласында алғаш рет келешек мектебі бой көтеріп, жаңа оқу жылында оқушыларды қабылдауға дайын. Бір ауысымда 600 бала оқитын білім ордасында барлық жағдай жасалған. “Келешек мектеп” ұлттық жобасы негізінде ұл-қыздардың қауіпсіздігіне де баса назар аударылады.

Подробнее...

АҚТӨБЕНІҢ КЕНШІЛЕРІ ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Ақтөбенің кеншілері әлем рекордын жаңартты. Зауыттың бір пешінде 177 тоннадан астам жоғары көміртекті феррохром өндірілді. Техникалық жетістікті халықаралық деңгейде мойындап, рекорд болып ресми есептелді. Мұндай үлкен істің артында сөзсіз талай қарапайым еңбек адамының маңдай тері бар.

Подробнее...

ТҮРКІСТАНДА СЕКСУАЛДЫҚ СИПАТТАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙДЫ

Түркістан облысында тұру қауіпсіз бе? Аймақта биыл қылмыс деңгейі 5,3 пайызға төмендепті. Өткен жылмен салыстырғанда статистика осындай. Өңірде кісі өлтіру, қыз зорлау деректері сирегенімен, интернет алаяқтардың арбауына түскендер көп. Киелі мекеннің әкімінен бастап, түрлі құзырлы орган өкілдері жиналып, қылмыстық ахуалдың жай — күйін талқылады.

Подробнее...

МЕКТЕПТЕГІ ҚЫРҒЫН

Мектептегі қырғын! Қару асынған оқушы білім ордасына келіп, қатарластарын жайратып салды. Он шақты адам мерт болып, бірнеше жан ауруханаға жеткізілді. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі, жаланғандардың жағдайы ауыр екен. Жасөспірімге тапа — тал түсте не көрінді? Қанішердің өзі өлі табылғаны рас па?

Подробнее...

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ

Техникалық қауіпсіздіктің жоқтығының кесірінен талай жан жұмыс орнында көз жұмған. Былтыр елімізде мұндай жайттан опат болғандар саны екі жүзден асыпты. Кейбір өндіріс ошақтарында қайғылы жайт жылда қайталанатын сценарий. Енді мұндай оқиғалар азаюы мүмкін. Себебі Үкімет кәсіпорын басшыларына жазаны күшейтпек.

Подробнее...

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ МҮЛКІН САТҚАНДАР КІМДЕР?

Алматыдағы Қазақ Ұлттық агарлық зерттеу университетінің бұрынғы басшылары оқу ордасының мүлкін талан таражға салған. Бірнеше жатақханасы зертханалары мен оқу ордасына тиесі жер телімдері заңсыз түрде жекеменшікке өтіп кеткен. Алайда оны қайтару әзірге мүмкін болмауда. Халық қалаулылары тиісті ведомствалар дұрыс жұмыс атқармай отыр дейді. дупутаттық сауал жолдағанымен мардымды жауап ала алмапты.

Подробнее...

ӘЛИЯСЫ КӨП ӨҢІР

Данеля мен Денизден гөрі Әлиясы көп өңір белгілі болды. Ақтөбе облысында батыр қыздың есімін алған төрт мың бұрымды бар екен бар. Өңірдегі ең кішкентай Әлия бүгін ғана іңгәлап өмірге келді.

Подробнее...

АПТАПТА ҚАТАЛАТЫП ҚОЙДЫ

Қолымызда келін былай тұрсын, бала тұрмайды. Түркістан облысы Қазығұрт ауданның үлкендері осылай деп ашынып отыр. Себебі, ауылдық жерде су мен, жол мен интернет мәселесі мәз болмағандықтан, жастар қалаға қашады екен. Елдімекеннің сәні кетіп, тірлігінің мәніт кеткенін жауаптыларға айтқанымен әрекет жоқ деп налиды жұрт. Мәселен, дәл қазіргі аптап ыстықта Амангелді ауылының тұрғындары ауыз судан ада болып отыр.

Подробнее...
X