0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Елде жаппай қымбатшылық орын алуда

Сөредегі қымбатшылыққа ашуланған сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрін сұрақ астына алды. Сенаттағы Үкімет сағатында депутаттар картоп, сәбіз сынды әлеуметтік маңызы бар тауар құнының жүз құбылуы елімізде бағаны мемлекеттік реттеу жүйесінде елеулі кемшіліктер барын көрсетті дейді. Халық қалаулары Беларусь еліндегі жағдайды мысалға келтіріп, түйткілдің төркініне үңілгендей болды. Аталған мемлекетте тұрғындардың күнделікті тұтынып жүрген азық-түлік өнімдерінің 28 түрі бақыланады екен. Ал бізде бұл …

Подробнее...

Аймақтардағы қуаңшылық бойынша әкімдік есеп берді

Қызылорда облысының Арал ауданында төтенше жағдай жариялау әзірге жоспарда жоқ. Себебі өңірде малдың қырылуы тоқтаған. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың халыққа есеп беруінде айтылды. Осыған дейін Сыр өңірінің тұрғындары қуаңшылықтан зардап шегіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұндай жағдай Маңғыстау облысындағы аудандарда да бар екен. Өңірдегі елдімекендер екі жылдан бері шығынға батқан.

Подробнее...

Тұрғындар әкімге зар

Әкім тұрақтамайтын ауыл! Алматы облысындағы Береке елдімекенінің тұрғындар біздің тілшілерге осындай базыналарын жеткізді. Өйткені онда шешілмеген мәселе шаш етектен екен. Оны айтып шағымданатын басшы жоқ. Айналдырған екі жылдың ішінде 3 бірдей әкім ауысыпты. Оның бірі сотаталып кетсе, қалғандары өз еріктерімен бас тартыпты. Неге? Тілшіміз Ұлан Тәліпбай біліп келген еді.

Подробнее...

Жұмысшылар еңбекақыларын көтеруді талап етті

«Жалақымызды көтеруді сұрап едік, жұмыстан шығарып жіберді»! Ақтөбедегі көлік-логистикалық орталығының қызметкерлері бүгін шу шығарды. Базыналарын айтып, басшылығына барғанымен оларды күзетшілер мекеме ғимаратына кіргізбей қойған. Ақыры еңбек инспекциясыны араласқан дау немен тынды? Жабық есік артындағы келіссөздердің нәтижесін тілшіміз Ақбаян Сұлтанмұратова біліп келген еді.

Подробнее...

Зымырандар қауіпсіз бе?

Сенатта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын зымырандардың қоршаған ортаға қаупі жайлы айтылды. Өзекті мәселе Парламентте Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартындағы өзгерістерді талқылау барысында сөз болды. Жиынға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысып, енді әуе кемелерінің бөлшектері құлайтын орындардың жағдайын бақылау күшейтілетінін мәлімдеді. Бүгінде тасымалдаушы зымырандардың қалдықтары құлайтын орын — Қостанай облысының Жангелді …

Подробнее...

Теміржолшылар құжттарын реттей алмай әлек

Ал, Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданның теміржолшылары 14 жылдан бері баспаналарының құжатын ретке келтіре алмай әлек. 2007 жылы ауданға қарасты Шеңгелді ауылынан 385 теміржол қызметкеріне тегін жер беріп, Алғабас елді мекеніне қоныс аудартқан. Дау сол кезде басталыпты. Яғни құжаттың жоқтығынан тұрғындар әлеуметтік көмектен қағылып, үйлерінің коммуналдық мәселелерін шеше алмай жүр. Ал, бүгін жағдайларын айтып ұлттық компанияның жергілікті бөлімшесіне жиналған тұрғындар басшыларды …

Подробнее...

Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 50 млрд теңге бөледі

Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 50 млрд теңге бөледі. Бұдан бөлек 24 көтерме тарату орталығын салу міндеті тұр. Мәжілісте аспандап кеткен ас-пұлдың бағасы талқыланып, 2020 жылдағы бюджеттің игерілуі баяндалды. Жиында белгілі болғандай, Қазақстанның сыртқы қарызы көбейіп кеткен. Осыған орай төменгі палата жөнсіз қарыз ала беретін ведомстваларды тезге салатын заң жобасын әзірлеуде.

Подробнее...

Ақылы жолдағы апат

Ақылы жолдағы апат. Бұл жолы Бурабайдағы демалыстан келе жатқан бүтін бір отбасы жолға атып шыққан бұландардың кесірінен жазым бола жаздады. Одан қалды бір өлімнен қалған жүргізушіге құзырлы орган әкімшілік айыппұл салып, жолға жауаптылар бүлінген қоршаулардың ақысын төлетпек. Көлігі жарамсыз жағдайға түскен келіншек қазір әділдік іздеп, сотқа жүгінген. Ал, күні кеше Қарағанды маңында ақылы жолмен келе жатқан жолаушыларға толы автобус бір …

Подробнее...

Жайылым жер тапшылығы

Қызылорданың іргесіндегі Қарауылтөбе ауылының тұрғындары төрт түлік малын қорада ұстап бағуға мәжбүр. Себебі ауыл маңындағы жер «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институына тиесілі екен. Сонау Кеңес заманынан жерге иелік етіп келе жатқан мекеме соңғы жылдары егістік пен жайылым жерлерін қоршауға алып, жергілікті тұрғындарды жолатпай отырған көрінеді. Енді қайтпек керек? Жерлікті әкімдік не дейді?

Подробнее...

Қайырымдылыққа жұмсалған қаржы қайда кетеді?

Елордада жұрттан ақша сұрап, қайырымды іс жасауға үгіттеп жүрген жастарды жиі кездестіруге болады. Оларға көмек қолын созатындар да аз емес. Алайда берген қаражат шынымен де діттеген жеріне жұмсала ма? Әлде бұл жақсылықтың атын жамылғандардың жымысқы жоспары ма? Түйткілдің түйінін тілшіміз іздеп көрген еді.

Подробнее...
X