Картоп бананнан қымбат! Еліміздің бірқатар аймақтарында картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кетті. Бір келісінің құны экзотикалық жемістің құнымен бірдей. Базардағы бағаны көрген тұрғындар атқарушы билікке базыналарын айтып жатыр. Нағыз көкөніс пен жеміс-жидекке қарық болатын кезде баға неге өсіп кетті? Ақбаян Сұлтанмұратова біліп келді.
Подробнее...Новости
Хан кененің ескерткіші орнынан алынады
Қазақтың соңғы ханы Кенесарыға қойылған белгі орнынан алынатын болды. Әңгіме Елордадағы еңселі ескерткіш жайлы емес, Жамбыл облысының Меркі ауданында тұрған тұғыртас төңірегінде болып отыр. Ол жерде осыдан үш жыл бұрын тұрғындардың күшімен Кенесарының құрметіне монумент бой көтерген болатын. Оны алғаш көргенде жұртшылық бір шулаған еді. Себебі, ханға арналған ескерткіш тым аласа, оның үстіне ұсқынсыз деп баға берілген. Жергілікті әкімдіктен де …
Подробнее...«Қауіпті» емтихан»
Елордалық оқушылар емтиханнан соң, ауруханадан бір-ақ шықты. Сынақ барысында мұғалім кварц шамын сөндіруді ұмытып, үміткерлер бір жарым сағат бойы ультракүлгін сәуленің астында отырыпты. Жағымсыз жағдай қаладағы ең белді оқу орындарының бірінде болған екен. Әріптесім дәрігерлерден балалардың қазіргі жағдайын сұрастыстырып, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты. Сюжет көрейік.
Подробнее...Тәуелсіздікке тарту
«Еуразия» бірінші арнасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әр сала бойынша материалдар топтамасын эфирге беріп келеді. Бүгінгі сюжет қала тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйретіп жүрген қарағандылық жас дәрігер жайлы. Тегін курсты тәуелсіздікке тарту еткен жігітпен біздің тілшілер тілдесіп қайтты.
Подробнее...Мас күйінде көлік жүргізгендер көбейген
Аялдамада тұрғанда көлік қаққан алматы тұрғыны ауыр халде. Дәрігерлер оның бас миының шайқалып, сүйектегі жұмсақ тіндері жыртылған дейді. Қазір ақ халаттылар оған ота жасамақ. Ал, елдің Ішкі істер министрлігі көлік тізгініне ішімдік ішіп отыратындарға жазаны күшейтпек. Толығырақ Нұржан Сәдірбай баяндайды.
Подробнее...Ақтөбеде ұсақ мал арам қырылып қалды
Ақтөбедегі Шоқсу ауылында ұсақ мал арам қатқан. Тұрғындар қой-ешкінің жаппай қырылғанын ауа райынан көріп отыр. Жайылымда жүрген төрт түлік жауынның астында қалыпты. Кейбір шалажансар қой-ешкіні ауылдағылар бауыздап үлгеріпті. Ал қалған мал арам өлген. Облыстық ветеринария басқармасындағылар көмек сұрап, не шағым айтып хабарласқандар болмағанын айтты.
Подробнее...Құдашам үй алып беремін деп, үйдей қарызға батырды
«20 миллион теңге!» Алматы тұрғынын өз құдашасы осынша сомаға қарызға батырып кеткен. Ол ипотекаға үй алып беремін деп алдап, туыстарын миллиондаған қарызға батырған. Жергілікті полицияға арызданғанымен күдікті әлі күнге бостандықта жүрген көрінеді. Ал зардап шеккендердің жеке шоттары бұғатталған. Шарасыз тұрғындар арнамызға көмек сұрап, шағымданды.
Подробнее...Жұмысшы серіктесін пышақтап тастады
Алматыда 37 жастағы жұмысшы өзінің серіктесін пышақтап тасады. Оқиға «Восточка» тұрығын үй кешенінде болған. Қанды оқиғаға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Күдікті қазір қамауға алынды. Оқиға орына келген тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізген. Тексеру барысында оның ішімдікке сылқия тойып алғаны белгілі болған. Әзірге жанжалдың неден туындағаны белгісіз.
Подробнее...7 МАУСЫМ КҮНІ ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛАДЫ
Жеке кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат! Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті 7 маусым күні мамыр айына тиісті жеке табыс салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Бұл бірінші кезекте жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторларға қатысты .
Подробнее...Көпшілік жүретін көшені сатып жіберген кім?
Жерді сатып бітіріп, енді жолды саудалау басталды. Алматы облысында бүтін бір көшенің түрғындары үйлеріне кіре алмауда. Себебі көшенің бас жағын белгісіз біреу қоршап алған. Салдарынан елдімекенге не жедел жәрдем, не апатты қызметтер кіре алмайды. Ал әкімдік болса жерді біз берген жоқпыз мәселені сот арқылы шешіп алыңдар депті. Ортақ көшенің иесі қайдан пайда болды?
Подробнее...






