Шымкент қаласында қатты дауыл тұрып, айналдырған бір сағат көлемінде шаһардың астан-кестенін шығарды. Бірнеше нысанның шатыры ұшып, көліктерді басып қалды. Түп-тамырымен опырылған ағаштар жолды жауып, салдарынан аяқ-астынан ұзын сонар кептеліс пайда болды. Тіпті дауылдан жарақат алып, ауруханадан бірақ шыққандар тұрғындарда кездесті.
Подробнее...Новости
Алматыға қытайлық вакцина жеткізілді
Қазақстандықтар үшін вакцинаның тағы бір түрі қолжетімді болмақ. Бұл жолғысы Қытайдан шыққан. Алматы әуежайына арнайы бортпен жеткізілген екпені еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған екен. Алғашқы партияда 500 мың доза бар. Осылайша ел азаматтары енді QazVac, Спутник V мен Hayat-Vax-тан бөлек, коронавирусқа қарсы CoronaVac екпесін салдыртуға мүмкіндік алды.
Подробнее...Елімізде 23 мың бала балалар үйінде тәрбиеленуде
Еліміз балаларды қорғау жөніндегі халықаралық рейтингте 50-ші орынға жайғасыпты. Былтыр Қазақстан бұл көрсеткіште қырқыншы орыннан көрінген еді. Былай қарасаң, бір жылда бірден он сатыға секіріппіз. Бүгін бірінші маусым — балаларды қорғау күні ғой. Үйдегі ұл-қызға қаншалықты қорған болып жүрміз? Сюжет қарап, сұраққа жауап іздеп көрейік.
Подробнее...Мал бар, бағатын жер жоқ
Малым — міне, жайылымың қане? Ақтөбеде ауылдықтар төрт түлігін жаятын жер таба алмай отыр. Айтуларынша, ауыл айналасындағы жердің бәрін жеке шаруашылықтар бөліп алған. Ал азабын қарапайым тұрғындар тартып отыр. Ол аздай, қожалықтағылар бақташыларға күн бермей, қоқан-лоқы көрсететін болған.
Подробнее...Әкімдік әділетсіздігіне ел наразылық білдірді
«Мемлекеттің мұқтаждығы үшін» дегенді сылтауратып, әкімдік әділетсіздікке барып отыр. Тараздың қақ ортасында орналасқан 100-ден астам жеке үйдің түрғыны осылай деп шу шығарды. Себебі, жергілікті билік шаһарды дамыту жоспарына сәйкес олардың иелегіндегі жер учаскелерін сатып алмақшы екен. Тұрғындарға ол туралы тиісті ескерту де беріліп қойған. Алайда, жұртшылық баспаналар үшін беріліп отырған бағамен келіспейді. Неге екенін тілшіміз біліп келді.
Подробнее...Бір жыныстылардың жиынына кәмілет жасына толмаған балалар қатысқандығы анықталды
Шымкенттіктер ЛГБТ өкілдеріне қарсы шықты. «Феминита» ұйымының өкілдері қала жастарымен трансгендер әйелдердің құқығы жөнінде жиын өткізбек болған. Осы әрекеттері жергілікті белсенділерге ұнамай, басқасуды тоқтатуларын талап еткен. Істің насырға шапқаны соншалық құқық қорғау өкілдерінің араласуына тура келген. Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасына жиналған 100-ге жуық адамның талабы біреу ғана. Ол қалаға ескертусіз келіп, шенділерге ұсталып қалған ЛГБТ өкілдерін әділ жазалау. Ал, …
Подробнее...Репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысы үш жылға созылмақ
Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы үш жылға жалғасады. Десе де қазірдің өзінде сұрапыл жылдарға қатысты біршама деректің беті ашылған. Бүгінде репрессия құрбандары 100 мың шамасында деп айтылып жүрсе, жаңа категориялардың енуіне байланысты бұдан бірнеше есеге көбеюі мүмкін дейді тарихшылар. Әріптесім Айғаным Достанбай сол жылдардың салқынын бір шолып шықты.
Подробнее...Шарын шатқалында жоғалған қыз табылды
Шарын шатқалында жоғалған 11 жастағы қыз бала табылды. Құтқарушылар мен еріктілер жабылып жүріп сел ағызып әкеткен жасөспірімді бір тәуліктен соң құтқарды. Ол жүзе алмаса да тырмысып, жағадағы жартасқа жабысып, аман қалыпты. Өмір мен өлім арпалысында тіпті есінен де танып қалған. Өзінің айтуынша, ағыспен күресе алмай, әбден қалжыраған. Сосын ыңғайы келгенде жағаға ұмтылып, қолына ілінген нәрседен ұстап, ақыры судан шығыпты. Алайда …
Подробнее...Алдағы аптада қалаларда көкөніс пен жеміс-жидек болмайды
Тұрғындар алдағы тәулікте көкөніс пен жеміс-жидектен таршылық көруі мүмкін. Себебі,еліміздің түкпір-түкпірінде тауармен қамтамасыз ететін көлік жүргізушілері шеруге шықты. Апталап, тіпті айлап рейсте жүретін азаматтар ақылы жолдарда ешқандай жағдай жасалмағанына наразы. Әр шақырымына қып-қызыл ақша төлейтіндер, тақтайдай тегіс болуы тиіс трассалар талапқа сай келмейтіндігін, көліктері бұзылып апталап жолда қалып жатқанын айтады. Өңірлердегі жүргізушілердің жанайқайын Қайыркен Отыншы тыңдаған еді.
Подробнее...Ақылы вакцинация
Желіде вакцина салдырғаныңды растайтын жалған құжат сатылып жатыр. Құны мың жарым теңге. Паспортта басқа емес, жауапты министрлікке қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитететінің мөрі басылған. Әрине, ведомствоның өзі мұндай қадамға бармайтыны анық қой. Бұл желі алаяқтарының кезекті айласы. Бүгінде екпе алғаныңды тек мобильді қосымшадағы электронды құжат арқылы ғана дәлелдей аласың. Бұл ретте, жауапты комитеттің ресми өкілі халықты аса сақ болуға шақырып отыр.
Подробнее...






