«Амандық болса…»… Ақтөбелік әкім-қаралардың лексиконында уәденің жаңа түрі пайда болған сыңайлы. Қала іргесінде отырып, үйіне су мен газдың берілуін күтіп шаршаған жұрт бүгін облыстық әкімдікке барған еді. Осы уақытқа дейін аудан әкімінің құрғақ уәдесіне тойдық деген олар, мәселеге аймақ басшысының жауап беруін сұрады. Тұрғындардың талабы орындалды ма? Жаңақоныс 4 ауылына өркениет қашан барады? Шенеуніктің «амандық болса» дегені, қанша уақыт күту …
Подробнее...Новости
Қала орталығындағы ескі үйлер сүрілмек
Алматының қақ ортасында тұрса да пешке от жағып, даладағы әжетханаға баратындар әлі де бар. Жуық арада осындай отбасылар тұратын мыңнан астам тозығы жеткен үй сүріліп, жаңа баспана салынбақ. Айлайда бұл бағдарлама тұрғындардың барлығынан қолдау тапқанда ғана жүзеге асады екен. Тілшіміз Ұлан Тәліпбай тақырыпты зерттеп көрген еді.
Подробнее...Білім министрінің есебі
Елімізде әжетханасы сыртта орналасқан 100 мектеп бар. Презденттің пәрменін елемей жүрген білім ошақтары мәселені 1 қыркүйекке дейін шешуі тиіс. Халыққа есеп берген Бас ұстаз Асхат Аймағамбетов осылай деді. Онлайн байланысқа шыққан министр көпті толғандырып жүрген біраз сұрақтың жауабын айтты. Негізгілерін әріптесім Айғаным Достанбай шолып шыққан еді. Сонымен, вакцина алмаған мұғалімдердің жұмыстан шеттетілетіні рас па?
Подробнее...Әкімнің есебі көңілге қонды ма?
Әкім бол, халқыңа жақын бол! Елімізде бір өңірді ең ұзақ басқарып отырған Алматы облысының басшысы екен. Халқының амандығын тілеп, батасын алып жүрген Амандық Баталовтың Жетісу өңірін тізгіндеп отырғанына биыл 7-ші жыл. Осы уақытқа дейін көп ісімен көзге түскен әкімнің биыл атқарған жұмыстары қандай? Бүгін Амандық Баталов халыққа есеп берген екен. Тыңдайық.
Подробнее...Ақ халаттыларға арналған ескерткішке орын табылмады
Қызылордада 15 млн теңгеге жасалған сәулет құрылысына шаһардан көрнекті орын табылмай тұр. Жеке кәсіпкерлердің бірі өз қаражатына коронавирус індетінен көз жұмған ақ халаттыларға арнап ескерткіш жасатыпты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкімдігі бұл дүниені жөн көріп, кәсіпкерге қаладағы адам көп жиналатын орындардың бірінен жер беруге уәдесін де берген. Алайда шенділер уақыт өте сөздерінен тайған. Неге екенін тілшіміз анықтаған еді.
Подробнее...Шаһардағы қансорғыштармен күрес
Ал, семейліктер масаға талануда. Еліміздің шығысында күннің көзі жылынғанда қансорғыш жәндіктер көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп, тұрғындарға маза берер емес. Әсіресе зиянкестерден ойын балалары қатты зардап шегіп жатыр екен. Ал, дәріхана сөрелерінде масадан қорғайтын спрейлерге деген сұраныс артып, баға шарықтап кетіпті. Әбден ашынған жұрт аумаққа дер кезінде өңдеу жұмыстарын жүргізбеген атқамінерлерге талаптарын жеткізді.
Подробнее...Тығырыққа тірелген тұрғындар
«Шөп қымбат, мал арзан». Түркістан облысынның шаруалары осылай деп шырылдап отыр. Биыл өңірде жауын-шашын аз болып, салдарынан шөп шықпай қалған. Қуаңшылықтың кесірі жүздеген шаруаға тиіп, қораларындағы азын-аулақ малдарын баға алмай сатуға мәжбүр. Мал базар мен шөптің саудасын көріп қайтқан тілші тарқатады.
Подробнее...Түркістандағы 500 мың теңгелік пәтер
500 мың теңге. Түркістанда 3 бөлмелі тұрғын үйді жалға алу бағасы осынша сомаға көтеріліп кеткен. Орта деңгейдегі аудандарда 150 мен 200 мыңның аралығы. Ал 2 бөлмелі пәтердің құны рухани астанада 12-13 миллионның айналасы. Баға неден ұшты? Елдегі ипотекалық бағдарламалардың жабылуы баспана нарығына қалай әсер етеді? Тілшіміз Айғаным Достанбай мамандардың пікірін сұрап білді.
Подробнее...Онлайн оқу оңбады ма?
Қазақстан — аутсайдерлер қатарында! Бұл жолы еліміз білім сапасы жөнінен ең соңғы орынға жайғасыпты. Мұндай мәліметті мәжіліс депуттатары келтірді. Белгілі болғандай оқушылар математика, информатика, оқу сауаттылығы бойынша өзге мемлекеттерден артта қалыпты. Десе де дамыған елдердің өзінде білім мәселесі мәз емес.
Подробнее...Халықты әлеуметті алдаудың жаңа әдісі пайда болды
ЕСП төлеп 50 мың теңге ал! Әлеуметтік желіде соңғы кездері алаяқтардың жымысқы әрекеттерінен опық жейтіндердің саны артуда. Бұл жолы пысықайлар жұртты әлеуметтік көмек алу үшін төлем жасауға шақыруда. «Бірыңғайы жиынтық, яғни 3 120 теңге төлеп, 50 мың ал!» Интернетте алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болды. Бұл жолы пысықайлар әлеуметтік көмек алғысы келсетіндерді телеграм ботқа өтуге шақыруда. Содан кейін арнайы тетіктер арқылы …
Подробнее...






