Екпе арқылы денеге «чип» енгізіле ме? Соңғы күндері желіде вакцина салған жерге магниттің жабысатыны жайлы ақпараттар желдей есіп жүр. Үлкені де, кішісі де қолына магнит алып, оны вакцина салған орынға қойып, эксперимент жүргізіп әлек. Бір қызығы, темір тек вакцина салынған жерге ғана жабысады екен. Сонда шынымен қорқатындай жай бар ма? Әлде бұл елді дүрліктірудің кезекті амалы ма? Нұрай Құрақпай анықтады.
Подробнее...Новости
Жаңа баспанадағы былық
Құрылыс компаниясының немқұрайлығынан біз зардап шегіп отырмыз! 5 жыл бұрын ғана су жаңа пәтер сатып алған ақтаулықтар арнамызға осындай шағымын жеткізді. Тұрғындар коммуналдық түйткіл әбден мезі қылғанын айтады. Қазір үйдегі кәріз құдығы нәжіске толып, ол аздай баспаналары жарықсыз қалған. Наразы жұрт компания басшысын шақыртып, түсінік беруін талап етті. Алайда жиынға қатысқан компания өкілі керісінше, тұрғындардың салғырттығынан шаршадық, дейді. Тараптарды тілшіміз …
Подробнее...Үйдің төбесі опырылып түсті
Текеліде тапа тал түсте апатты жағдайдағы үйдің төбесі құлап, тұрғындарды басып қала жаздады. Абырой болғанда, сол сәтте подъезде ешкім болмаған. Үлкендер үй сыртында жүрсе, балалар іште ұйықтап жатқан екен. Қосқабатты баспана өткен ғасырдың 50-жылдары салынған. Уақыт өте келе әбден тозығы жетіп, тұруға жарамсыз жағдайға жеткен. Сол 14 пәтерлі үйде қазір жалғыз отбасы ғана амалсыздан үреймен күн кешіп отыр.
Подробнее...Ауыл тұрғындарының шағымы
Ақтөбе облысындағы атышулы Бестамақ ауылының тұрғындары тағы да наразылыққа шықты. Бұған дейін шошқа фермасына шағым айтқан жұрт енді экологтардан көмек сұрайды. Мәселе тез арада шешілмесе, таза ауа мен өзен-көлден жұрдай, дімкәс ұрпақ жайлаған аймаққа айналамыз дейді. Ауыл халқы неге дүрліккенін Ақбаян Сұлтанмұратова біліп келген еді.
Подробнее...Азық-түлік пен тауар бағасы өсті
Жыл басынан бері елімізде шемішке майдың бағасы 13 пайызға қымбаттап кеткен. Күнбағыс майының шарықтауына шикізат қорының азаюы себеп болып отыр дейді жауаптылар. Базардағы 5 литрлік сұйық май бағасы қазір 4000 теңгеден асып жығылады. Ал ең жоғарғы өсім елорда, Шымкент, Атырау облыстарында байқалып отыр екен. Ал, қадағалаушы орган қайда қарап отыр?
Подробнее...Соңғы қоңырау
Міне, тағы бір оқу жылы да мәресіне жетті. Алайда, жыл бойы үйінде онлайн білім алған ұл-қыздар үшін бүгін мерекенің иісі де сезілмеген шығар. Оқушыларға соңғы қоңырау да соғылмады. Дегенмен, түлектердің тілегі қабыл болған тәрізді. Жылдағыдан ерекше форматта өтсе де, олар салтанатты шараның куәсі болды. Сонда биылғы 25 мамыр несімен ерек?
Подробнее...Азық-түлік бағасы тағы да қымбаттайды
Күнбағыс майының бағасы 13 пайызға өсіп кеткен. Жауапты министрлік мұны әлемдік нарықтағы бағаның өсімімен байланыстырып отыр. Ет, картоп, жұмыртқа… Енді бұл қатарға шемішке майы да қосылды. Жауапты министрліктің мәліметінше, халық жиі тұтынатын тауарлардың дені жыл басынан бастап 5 пайызға дейін көтеріліп кеткен. Ең жоғары өсім Атырау облысы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте.
Подробнее...Коронавирусқа қарсы күрес жоспары тағы да өзгерді
Коронавирусқа қарсы күрес жоспары тағы өзгерді. Су жаңа сценерийді Денсаулық сақтау министр Алексей Цой таныстырды. Бұған дейін де үкімет алдында эпидахуалға байланысты есеп берген бас дәрігер, мамыр айында індет жұқтырудың ең көп дерегі тіркелетінін айтып, елді дүрліктірген болатын. Ал соңғы үш сценарий тікелей вакцинациямен байланысты болмақ.
Подробнее...Жасөспірім шатырдан құлап, мерт болды
Алматы облысында 11 жастағы жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты. Бұған дейін тұрғындар бірнеше мәрте ескертсек те ешкім құлақ түрген жоқ, дейді. Сонымен қатар ашық тұрған баспананың төбесіне ойын баласынан бөлек, дәрет сындырып, ластайтындар да көп екенін айтады. Дер кезінде қолға алмаған соң осындай жағдайға душар болдық деген жұртпен тілшіміз Бауыржан Жақсымбет тілдесіп қайтты.
Подробнее...Қазақтың бағына біткен жазушы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғалар аз емес. Соның бірі жазушы, аудармашы, публицист Герольд Бельгер. Шыққан тегі неміс бола тұра, ол бар ғұмырын Қазақ даласында өткізіп, тілімізді меңгеріп, мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Бір туар азамат 2015 жылы өмірден өтсе де оның мұраға қалдырған туындылары әлі күнге дейін өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Тағдыры соқпақ жолға толы …
Подробнее...






