18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Новости

Жабайы туризмнің алдын алу керек

Ел аузында Бозжыраны Маңғыстаудың туристік Меккесі деп атайды. Оның кереметі кез-келген адамды таңқалдырмай қоймайды. Алайда, мұнда жабайы туризмнің белең алуына қорық инспекторларымен экологтар алаңдаулы. Өйткені экологияға айтарлықтай залалы тиіп отыр дейді. Бұл туризм саласына да кері әсер етуде. Қазір Бозжыраны қызықтап келушілердің қатары көп. Бірақ, көп демалушы ережеге құлақ аспайды. Аумақ маңына от жағады, тамақ пісіреді, қала берді ішіп жеген …

Подробнее...

Перзентханадағы өлім

«Тұңғышын бауырына да баса алмады». Ақтөбеде 30 жастағы келіншек бала босанғаннан кейін перзентханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Солардың салғырттығынан, дер кезінде әрекет етпегенінің кесірінен бауырымыздан айрылдық деп отыр. Келіншектің өліміне не себеп? Туыстарының талабы қандай?

Подробнее...

Құжатта бар су мен газ, іс жүзінде жоқ болып шыққан

Тек құжат жүзінде бар су мен газ! Түркістан облысының тұрғындар тіршілІк нәрі мен көгілдір отынды күтуден шаштары ағарған. Салдарынан әлі күнге дейін тезек тасып, от жағып, лайқы суды ішуге мәжбүр. Осылай деген Үшқайық ауыл округінің жұрты өркенеиеттен жұрдаймыз дейді. Ал, жауапты шенділер бәз баяғы әдеті бойынша бүгін ертең барлық мәселені шешіп береміз деп келе жатқандарына бірнеше жыл болған.

Подробнее...

Түркістан әкімдігі дауға қалды

Мемлекет меншігіндегі ғимаратты арзанға сатып жіберген Түркістан әкімдігі тосын мәлімдеме жасады. Шаһар басшысының айтуынша, аталмыш нысанға көз тіккендер көп болған. Негізсіз жала жауып отырған да солар. Жергілікті прокуратура мен қалалық әкімдік 8 айдан бері нені бөлісе алмай келеді? Мәселенің мән-жайын тілшіміз сабақтайды.

Подробнее...

Ақтөбе «қоқыс төбе» ма?

Қоқыс коллапсы Ақтөбенің атқарушы билігіне абырой әпермейтін сыңайлы. Былтыр туындаған мәселе биыл тағы да шиеленісті. Тіпті, қаланың жап-жаңа «Нұр Ақтөбе» ауданындағы тұрмыстық қалдық бір айдан бері алынбаған. Тұрғындар солай деп дабыл қағып отыр. Былтыр проблеманы әрең шешкен шенділер биыл қалай әрекет етпек?

Подробнее...

«Қызыл» және «Сары» статусты біле тұра қыдырғандар жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстандықтар қанша күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алу керектігін нақтылау керек. Премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға осындай тапсырма берді. Үкімет отырысында ол сондай-ақ елдегі эпидахуалды сөз етіп, әкімдерге де жұмыс жүктеді. Айтпақшы, жиында «Ashyq» қосымшасы да сөз болды. Енді «қызыл», не «сары» статусы біле тұра, емін-еркін қыдырғандар жауапқа тартылуы мүмкін. Толығырақ Нұржан Сәдірбай баяндайды.

Подробнее...

Өлімге итермелейтін жаңа тренд

Енді атақ үшін тірі жанды о дүниеге аттандыру тренд. Желіде лүпіл мен қаралым санының соңынан қуған жастар енді өзгеге өлім тілеп, ел-жұртты шошытып әлек. Әсіресе, әнші, вайнер, блогер я қоғамға белгілі басқа да танымал тұлғаларды алып, оларды марқұмдардың санатына қосу арқылы хайп қуғандар көбейген. Сонда қаралы хабарды жария қылып, қалың көпшілікті дүрліктірген кімдер?

Подробнее...

Өркениеттен қол үзген ауыл

Өркениеттен қол үзіп қалған ауыл. Көкшетауға таяқ тастам жердегі Гранитный елді мекенінің тұрғындары уәдені үйіп-төгіп, кейіннен төбе көрсетпей кеткен шенеуніктерге наразы. Себебі, қолқаны қабатын кәріз жүйесін атқамінерлер жөндеп береміз деп уәде бергендеріне бірнеше жыл болған. Ал, одан бөлек тұрмыстық қалдықтар уақытылы шығарылмайды екен. Көз алдымызда ауылымыз қирап жатыр деп ашынған тұрғындармен әріптесім тілдесіп келді

Подробнее...

Жол апатынан бір отбасы мерт болды

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасы мерт болды. Қаза тапқандар арасында кәмелет жасына толмаған екі бала бар. Қайғылы оқиға «Өскемен-Алтай» тас жолында Глубокое ауданының маңында болған. Полицейлердің мәліметінше, жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып, отқа оранған. Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Салоннан олардың күйік шалған денелері ғана …

Подробнее...
X