9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

Көршім плюшкинизм дертіне шалдыққан

Алматыда ауласын қоқысқа толтырған тұрғынға көршілері наразы. Қолқаны қабатын сасық иіс пен лас заттарға келетін жабайы жануарлар әбден мезі қылды деп отыр. Көпшіліктің сөзінше он бес жылдан бері көріп келе жатқан күндері осы екен. Тіпті, жануарларға жабысқан кенелер енді балаларын да шаға бастапты. Қырсық көршілерін жөнге салуды сұраған жұртпен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Подробнее...

Тоқаев туған күн тойламайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 68-ге толды. Бұл Мемлекет басшысының ел тізгінін ұстағалы бері болып отырған үшінші туған күні. Алайда Президент жылына бір келетін төл мерекесін дүркіретіп атап өтуді қаламайтынын естіп жүрміз. Десе де, Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгелі қандай өзгерістер болды? Туған күн иесі туралы сандар не дейді?

Подробнее...

Мектептерде күзет күшейтіледі

«Сақтықта — қорлық жоқ!». Татарстанның Қазан қаласындағы қырғыннан соң елімізде жаппай білім беру мекемелерінде бақылау күшейтіледі. Мектеп ғимаратына кіреберісте арнайы күзет қызметкерлері қойылады. Сондай-ақ, нысан аумағына бақылау-өткізу турникеттері орнатылады. Қазір, республиканың түкпір-түкпірінде ювеналды полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына төтенше жағдай уақытында әрекет ету алгоритмін түсіндіріп жатыр. Мұндай жағдай бала психологиясына қалай әсер етеді? Әріптесім Қайыркен Отыншы анықтап көрді.

Подробнее...

Алматыда ер адамды азаптап өлтіріп кетті

Алматыда жаңадан салынып жатқан Nurly Dala тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер оның өз ажалымен өмірден озбағанына сенімді. Өйткені, оқиға орнынан қанның іздері байқалыпты. Тәртіп сақшылары сонда қандай болжам жасап отыр? Марқұмның ныспысы анықталды ма?

Подробнее...

Кәсіпкерлерге құлаққағыс!

Кәсіпкерлерге құлаққағыс! Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті, ұжымдық және жеке бас салығы, сондай — ақ құн, әлеуметтік, ойын бизнесі, пайдалы қазбалар салығының 1 тоқсандағы есеп — қисабын беру мерзімі 17 мамырда аяқталатынын хабарлады. Декларацияны шағын, орта және ірі бизнес өкілдері тапсыруы тиіс. Бизнес иелерінің бұл талапты орындауға санаулы күндері қалғанын еске саламыз!

Подробнее...

Батыста киіктер қырылуда

Батыс Қазақстан облысында киіктер қырылуда. Өңірдің Жәнібек ауданында 372 киіктің өлі денесі табылды. Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жансыз ақбөкендердің ойпаңда бір қатарда жатқанын байқалады. Ал, оқиға орнына дереу жеткен жауапты мамандар «Қызыл кітапқа» енген киіктердің арам қатуына не түрткі болғанын анықтап жатыр. Мамандар мұндай жағдайға қолайсыз ауа райы себепші болуы мүмкін деп топшылауда. Өйткені, киіктер жаппай қырылған жерде жақында нөсер …

Подробнее...

Шымкентте ветеринарлар шу шығарды

Шымкентте жұмыссыз қаламасыз ба деген ветеринарлық дәрігерлер шу шығарды. Онсызда мардымсыз айлыққа күнелтіп жүргендерге апта бұрын жұмыстан шығасыңдар деген хабар келген. Аяқ асты абдырап қалғандарға басшылық тарапынан түсінідіру жұмыстары да жүргізілмеген. Ал, жауапты шенеуніктер қысқарту жұмыстарын президент пәрменін жүзеге асырып жатырмыз деп ақталып бақты. Өңірдегі тілші Ғалымжан Кенжебеков толығырақ тарқатады.

Подробнее...

Газ құю бекеті адам өміріне қауіп төндіруде

Ақтауда үш жүзге жуық көпқабатты үйдің біріне жақын орналасқан газ құю бекеті адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Табан асты оқыс оқиғалар болып жатса кесірі тиіп кете ме деп алаңдаулы. Тұрғындар, жаңа шағын аудандағы баспанаға бір жыл бұрын қоныстаныпты. Ал қазір, пәтер иелерінен маза қашып, балаларының өмірі үшін қауіптеніп отыр. Өйткені ойын алаңы да дәл осы бекетке тақап салынған екен. Ал, …

Подробнее...

Киіктердің төлдейтін маусымы басталды

Жазатайым жағдайдан киіктер қырылып жатқанымен, дәл осы кезеңде олардың көбейетін маусым басталды. Ақмола облысының Тайкеткен елді мекенінде 70 мыңға таяу Бетпақдала популияциясы шұбырып жүр. Біздің түсірілім тобы төлдеу кезеңінің екінші күнінен тап келді. Қорықшылардың сөзінше, «Құралайдың салқыны» нағыз қарбалас кезең көрінеді. Себебі тап осы уақытта аңшылардың шабуылы жиілейді

Подробнее...

Жамағат пен құлшылық

Қасиетті Рамазан айындағы 30 күн ораза соңы, айтқа ұласты. Елордалықтар мерекені Айт намазынан бастады. Қаладағы мешіттердің жанына мыңдаған тұрғын жиналып, дұға етті. Бұл діни шара астаналықтар үшін ерекше тәртіпте өтті.

Подробнее...
X