Жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді! Бүгін мемлекет басшысы бұл мәселені бір жола түбегейлі шешетін заңға қол қойды. Демек, ауылшаруашылық және орман өсіруге арналған жер өзге елдің компанияларымен қоса, шетелдік үлесі бар отандық кәсіпкерлерге де сатылмайды. Одан бөлек, азаматтығы жоқ адамдарға, ғылыми орталықтарға, тіпті қандастарға да орман өсіруге жер берілмейді. Ал, шетелдік серіктестікке ие қазақстандық компаниялардың бұған дейін жалға алған …
Подробнее...Новости
Ақтөбеде екі бүлдіршін суға кетіп, көз жұмды
«Мама, сенің қасыңда жүрейінші…» Ақтөбеде суға кетіп, қыршыннан қиылған бүлдіршін жұмысқа кетерде анасынан осылай деп өтінген екен. Бала жүрегі бір сұмдықты сезгендей болған. Бес жасар ұл ағайынының алты жасар баласымен ойнауға кеткен. Алайда, екеуінің мүрдесін құтқарушылар ауыл шетіндегі өзеннен алып шықты. Әминаның кеше ғана көз алдында жүгіріп жүрген кенжесінен көз жазып қалғанына сенгісі жоқ. 5 жасар ұлы ауыл шетінде тұратын …
Подробнее...Түлектер ҰБТ тапсыра алмай сандалуда
Алматылық мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тест тапсыра алмай отыр. Себебі қалада тіркелетін орын жоқ. Енді оларға Есік, Жаркент, не болмаса Тараз қаласына баруына тура келеді. 11 сынып оқушылары білім министрлігінен қосымша орын бөліп, тест тапсыруға мүмкіндік беруді сұрайды. Машақаты аз болғандықтан олардың біразы шет елдің оқу орындарын таңдап жатыр екен.
Подробнее...Зымыран қалдықтарының зиянын кім өтейді?
2026 жылы Байқоңырдан «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Бағдат Мусиннің сөзінше, Ресей тарапы осы типтегі ғарыш кемелерін ұшыруды бірте-бірте бәсеңдетіп келеді. Биыл мүлде жоспарда жоқ. Ал, осыған дейін ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың зиянын кім өтейді?
Подробнее...Әсел Айтбаеваның мәйіті ата-анасына тапсырылды
Бүгін елге Грузияда белгісіз жағдайда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның мәйіті жеткізілді. Бұрымдының денесі туған-туыстарына Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында тапсырылды. Оның өліміне қатысты осыған дейін Грузияның құқық қорғау органдары бірнеше нұсқалардың шетін шығарған еді. Соның бірі суицид. Алайда, бойжеткеннің анасы бұл болжаммен түбегейлі келіспейтіндігін кесіп айтты. Марқұмның анасы тергеу амалдарына қатысты тағы қандай мәліметтерді жоққа шығарып отыр?
Подробнее...Қазақстандықтардың 60 пайызы бақытты
Қазақстандықтардың 63 пайызы өзінің бақытты, яғни тұрмыс-тіршілігіне разы екенін айтыпты. Мұндай зерттеуді статистика комитеті жүргізген. Нәтижесінде өз өміріне шүкіршілік ететіндердің дені ауыл тұрғындары болып шыққан. Респондеттердің 72,6 % хәл-ауқатына, өмір сүру деңгейіне көңілі толатынын байқатыпты. Бірақ қорғам белсендісі «жүргізілген сауалнамаға күмәнімен қараймын», дейді.
Подробнее...Кәсіпкерлер әкімдіктен қандай қысым көруде?
Бірдің кесірі мыңға. 30-ға жуық елордалық кәсіпкер Алматы ауданының әкімдігінен қысым көрдік деп арнамызға шағымданды. Шағын және орта бизнес өкілдері қиын-қыстау кезеңде жергілікті шенділер көмек қолын созудың орнына, саламызды тұншықтырып жатыр деп налиды. Мәселен, қаладағы саябақтардың бірінде демалушыларға әткеншектерді жалға беріп, табыс тауып жүрген жандардың қымбат құрылғыларын шенділер тартып алған көрінеді.
Подробнее...Шетелде қаза болған қазақ қыздарының сұрауы кімнен?
Иә, соңғы жылдары өзге елде білім аламын, нәпақа табамын деп тағдыры қайғылы аяқталатын қаракөз қарындастарымыз көбейді. Соның бірі — Елдана Қаһарман. Түркияда білім алып жүрген отандасымыз екі жыл бұрын Әселдей жұмбақ күйде көз жұмды. Бауырлас елдің мамандары оны да өз-өзіне қол жұмсады дегенімен, жақында оны өлтірді деген ақпарат шықты. Мұны түрік журналисі хабарлады.
Подробнее...Ардагерлерді ұлықтаймын деп ұятқа қалдырғандар кімдер?
Биыл 9 мамыр республикалық масштабта тойланбады. Пандемия деп әскери парадтар да болмады. Дегенмен ұлы жеңісті ұлықтап, батырларды жеке барып құттықтағандар көп болды. Ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсету міндет қой, әрине. Тек сол мерекелік құттықтауды мазаққа айналдырған ағайын та табылды.
Подробнее...Жайылым жерді тартып алды
Түркістан облысында тағы да жер дауы. Бұл жолы жайылымдық жерінен айырылған Қазығұрт ауданның тұрғындары ірі қара малдарын әкімдікке айдап апарды. Себебі, Қарабау ауылдық округінің іргесіндегі жердің барлығы министрлікке қарасты шаруашылықтың қарауына өтіп, қарапайым халық төрт-түлікті жаятын жайлым таппай қалған. Ал, шенеуніктер бәз баяғы әдеті бойынша мәселе әні-міне шешіледі деп тұрғындарды алдап келген. Тараптардың тартысын тілші баяндасын.
Подробнее...






