9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА САЛЫНАТЫН АҚШАЛАР ТЕКСЕРІЛЕДІ

Енді телефонның балансына дейін тексеріледі. Сондай- ақ жылжымайтын мүлік келісімшарттары мен ақша аударымдары да бақылауда болады. Әрбір азаматқа қатысты ақпарат құзырлы органдарға беріліп, бір есепшотқа күнде бірдей сома аударылса, бұл операцияға қаржылық мониторинг агенттігі араласады. Мәжілісмендер бүгін осындай талаптары тізілген заңды мақұлдады.

Подробнее...

ҚАЗАҚСТАН РУАНДАМЕН ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІН ИГЕРЕДІ

Қазақстан Африкамен тығыз байланыс орнатпақ. Бүгін қара құрлықтағы тағы бір елмен бірқатар маңызды меморандумға қол қойылды. Руанда Президенті Поль Кагаме Астанаға ресми сапарлап арнайы келді. Аталған Республикамен алда қандай алыс-беріс болмақ?

Подробнее...

БІРЕУ НЕСИЕ ТӨЛЕМЕЙДІ, ӨЗГЕЛЕРДІҢ МҮЛКІ БҰҒАТТАЛАДЫ

Ақтөбеде шаруалар шу шығарды. Бірнеше жыл бұрын мал басын көбейтемін деп несие серіктестігінен миллиондап ақша алыпты. Ол қарызды әлі өтеп жатқандар да, мерзімінен бұрын төлеп тастағандар да бар. Бірақ, өткен жылдың соңында соттан қағаздар келіп, шаруалар әбден шошыпты. Сөйтсе, серіктестіктің өзге мүшелері алған қарыздарын уақытылы қайтара алмағандықтан, жауапкершілік ұйымның барлық мүшесіне қақ бөлінген. Соның салқыны бізге тиді деген жандар жыларман …

Подробнее...

НИШ-ТІҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ МЕКТЕПТЕН ҚУЫЛДЫ

11-сынып шәкіртін оқу жылы аяқталуға 1 күн қалғанда оқудан шығарып жіберген. Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Жанжалға жасөспірімнің бақылау кезіндегі тәртібі себеп болған көрінеді. Ол өзіне ескерту жасаған ұстазды оңдырмай балағаттаған — мыс. Алайда кей депутаттар мен белсенділер білім ордасы тым қатігездік танытып, керісінше, баланың құқығын аяққа таптады деп отыр.

Подробнее...

ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІН БІР АУЫЛДЫ БАНКРОТ ҚЫЛДЫ

Жаңа түскен келін бір ауылды банкрот қылды. Оның қалыңмалы мен мәхрін айтып тұрғам жоқ, басына орамал байлаған күннен бастап «алтынға инвестиция салыңыздар» деп елден ақша жинапты. Әр он күн сайын пайда көріп, үш айдан кейін ақшаға қарқ болатынына сенген жұрт жиған-тергенін жаппай жас келінге берген. Бірақ екі айдан бері елдімекен тұрғындарының көріп келе жатқаны пайда емес, полиция болды.

Подробнее...

”ТЕРПИЛА” ДЕП ТҮРТПЕКТЕЙДІ

Таяқ жеген баламның тәні ғана емес, жаны да жаралы. Ақтөбе облысында ұлы зәбір көрген ана әділдік іздеп шырылдап жүр. Айтуынша, өзі құралпы бір топ жас 17-дегі ұлын оңдырмай сабаған. Сөйте тұра, ішіндегі кейбірі жазасын алмастан тайраңдап жүр дейді. Енді солар «Терпиласың» деп түртпектеп, күн көрсетпейтін тәрізді.

Подробнее...

БАСТЫ КҮДІКТІ ПЫШАҚ СҰҚҚАНЫН МОЙЫНДАДЫ

Шерзат Болаттың ісіндегі басты күдіктінің түрін көрсетті. Сол қанды кеште қолында пышағы болған Абзал Шынасыл деген азамат екен. Оның адвокатының айтуынша, бүкіл ел алдына бет-жүзін ашып шығуға өзі де қарсы болмапты. Бір қызығы, бір топ жігіт ұрып өлтірсе де, Шерзаттың өліміне кінәлі деген күдікті осы жалғыз өзі. Бірақ, қазылар қойған сұрақтарға жауап берген Абзал Шынасыл біз білмейтін біраз дүниені жайып …

Подробнее...

15 ОТБАСЫ ДАЛАДА ҚАЛДЫ

50 миллионға үй алған жұрт баспанасына кіре алмай жүр. Алматыда құрылыс компаниясының кесірінен 15 отбасы далада қалды. Олардың сөзінше, төленген қаржының тең жартысын компанияның менеджері қалтасына басқан көрінеді. Бірақ, басшылар ол ақшаны қарашадан талап еткен.

Подробнее...

ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТАРИХ

Ақтөбеде тағы бір экологиялық акция өтті. Бұған дейінгі шаралардан ерекшелігі ұйымдастырушылар бұл жолы туған өлкеге деген құрметін, қоршаған ортаға жанашырлығын тарихи ескерткіштерді тазалау арқылы көрсетті. Олардың техникасының өзі заманауи, әрі экологияға зияны тимейтіндей етіп, химиялық қоспаларсыз жуып шығыпты.

Подробнее...

ДЕПУТАТТЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ

Депутатты сабап кетті. Оқыс жайт Таразда тіркелді. Аудандық мәслихаттың депутаты тосын жағдайға дәмханада тамақтанып отырғанда тап болған. Дау неден шыққан? Ақ жағалыға адуын мінезін көрсеткен кім?

Подробнее...
X