Отандастарымыз Риддердегі алапат өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созуда. Қайырымдылық қорлары ашылып, жер-жерден азық-түлік пен өзге де керек жарақтар жеткізіліп жатыр. Кеше түс ауа Лесхоз кентінде тұтанған қызыл жалыннан бір адам қайтыс болып, екі адамның денесін түгелдей күйік шалған болатын. 283 гектар аумақ өртеніп, 35 тұрғын үй күлге айналды. Өрт неден тұтанған? Еліміздің шығысындағы оқыс оқиғаның жай-жапсарын тілшіміз баяндайды.
Подробнее...Новости
Мектеп оқушысы 8 адамды атып өлтірді
Мектептегі қырғын. Мұздай қаруланған бозбала орта білім ордасына баса көктеп кіріп, сегіз адамды атып тастады. Оқушылар жанұшыра жан-жаққа қашып, есікке сыймағаны үшінші қабаттың терезесінен секірген. Қаннен-қаперсіз жұмыс күнінде қас пен көздің арасында мектепті азан-қазан қылған Қазандағы қанды қырғын жайлы келесі сюжетте. Мектептің маңындағы тұрғындар әуелі не болғанын түсінбеген. Тарс-тұрс еткен дыбыстарды естіп, телефонға түсіріп тұра беріпті. Дәл осы кезде білім …
Подробнее...Шымкентте 20 соғыс ардагері қалған
Шымкент қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан небәрі 20 ардагер қалған. Күн сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлерге қандай құрмет көрсетілсе де жарасатыны анық. Үшінші мегаполисте қолға алынған сондай шаралардың бірі «Ардагерлерді ардақтайық» деп аталады. Ел басына күн туғанда, етігімен су кешкендердің қазір бір-ақ арманы бар. Ол-артында қалған ұрпақтың нәубет заманды бастан кешірмеуі.
Подробнее...Көп сөйлейтін кім: Еркек пе, әйел ме?
Күніне сіз қанша сөз сөйлейсіз? Есептеп көрдіңіз бе? Америкалық ғалымдар ұзақ зерттеу нәтижесінде, қызықты мәліметтерге қол жеткізіпті. Солардың бірі еркетер мен әйелдердің сөзшеңдігінде бірқатар ерекшеліктер бар екен. Жалпы мылжыңдар мен сөзге сараң адам күніне нақты қанша сөз сөйледі?
Подробнее...Қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Ал, Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, жұрт түтінге тұншығуда. Жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Тұрғындар қолқаны қабатын иістен тыныстары тарылғанын айтып шағымдануда. Жылына 3-4 мәрте өрт шығатын полигонды қаладан тысқары көшіруді сұрап отыр. Жауапты мекемелер бұған не айтады? Өрт сөндірушілер кешелі бері қаладағы қоқыс полигонында жүр. 130 тонна су шашып, 800 тонна құм төсеген. Бірақ, 600 шаршы метр аумаққа жайылған …
Подробнее...Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваны көлікке айырбастаған кім?
Грузияда жұмбақ жағдайда көз жұмған Әсел Айтпаеваны күдікті көлікке айырбастаған болуы мүмкін. Марқұмның анасы осындай мәлімдеме жасады. Қызынан айырылған Айсұлу Айтбаева қызының өз-өзіне қол салғанына да сенбейді. Грузияға жұмыс істеуге кетіп, бір жетіден кейін 8-ші қабаттан құлаған қайғылы оқиғаға қатысты тың ақпараттар анықталуда.
Подробнее...Атырау экологиялық апаттың алдында тұр
Атырау облысындағы Доссор кентінің халқы экологиялық апаттың алдында тұрмыз деп дабыл қағуда. Қазақ даласында алғаш мұнайы атқылаған мекенде қара алтын таусылып, оны өндірген компания өз жөнімен кетпекші екен. Бірақ, өзінінен кейін ұңғыларды тап-тұйнақтай етпей, соры шыққан жерді жарамсыз күйде қалдырып барады екен. Доссорлықтар 100 жыл бойы жер астынан миллиондаған баррель сұйықтық өндірген ұйым жұмысынан соң радиация мөлшері де артқанын айтады. …
Подробнее...Диқандар бас көтерді
Күрек пен кетпен ұстағандар облыс әкімдігіне жиналды. Қызылорда облысына қарасты Мырзабай ахун ауылының диқандары аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықоваға арыз-шағымдарын жеткізуге келді. Егін егіп нәпақаларын тауып отырған ауыл тұрғындары бір жылдан бері Үкіметтен 49 жылға жалға берілген жерлерін құрылтайшылардан қайтара алмай отыр екен. Аудан төңірегінде мәселе шешілмеген соң облыс орталығына келуден басқа амал қалмады дейді диқандар.
Подробнее...Жүрегі оң жақ кеудесінде орналасқан 4 жасар қыз
Ақтаулық 4 жасар Ағлестің жүрегі оң жақ кеудесінде, ал бүйрегі сол жақ бүйірінде орналасқан. Десе де, ішкі ағзасы керісінше жаратылған бүлдіршін өзін өте жақсы сезінеді. Мінезі ашық, пысық, қимылы шапшаң, әрі кез-келген адаммен емен жарқын ашық сөйлеседі. Кішкене қыз жұдырықтай жүрегінің оң жақ тұсында орналасқанын да жақсы біледі екен. Өйткені, анасы үнемі айтып отыратын көрінеді.
Подробнее...Соңғы сарбаз…
Ұлы Отан соғысы жылдары Ақтөбеде жасақталған101-ші атқыштар дивизиясының көзі тірі соңғы жауынгері қалды. Сатылған Бекмағамбетов ақсақал биыл 100-ге толды. Ғасыр жасаған майдангер сегіз баладан тараған немере, шөбере мен шөпшектерін көріп отырған бақытты жан. Жеңіс күні қарсаңында Сатылған атаның шаңырағынан қонақ арылған емес. Майдангердің сұрапыл соғыстағы естеліктерін тыңдап, бейбіт заман үшін алғысын жаудырып батасын алып кетеді. Саралжынның жігіті Сатылған Бекмағамбетов облыс …
Подробнее...






