Жамбыл облысы Айша бибі ауылының халқы елді мекен маңынан мал жаятын жайылым таппай қиналып отыр. Тұрғындардың айтуынша, жергілікті әкімдік ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді бизнесмендерге таратып берген. Соның салдарынан мал азықтануы тиіс жерлерде қазір тас өндіретін карьер, асфальт шығаратын зауыт, күн электр стансасы секілді нысандар қаптап кеткен. Кәсіпкерлер тіпті төрт түлік жүретін жолдарды бөгеуге дейін барады екен. Ашуланған халық ауылға шенеуніктерді шақырып …
Подробнее...Новости
Бір жыл бұрын салынған үйлер қирап жатыр
Талдықорғандағы коттеджді қалашықта салынған тұрғын үйлердің сапасы жыл өтпей жатып, сыр беруде. Тіпті, қатты желге төтеп бере алмай, қабырғалары ажырап, түсе бастаған. Дәл қазір 5 бірдей үйдің өңі қашып, жан-жағы ашылып, шашылып жатыр. Бұл арендалық баспаналарды жергілікті әкімдік инвестордан 13-16 млн теңге аралығында бағалап, сатып алған екен. Ал, оның сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Өйткені, жылдап кезекте тұрып, әрең дегенде қол …
Подробнее...Екі студент бензин буына уланып, қаза тапты
Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған. Өңір полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған екен. Колледж студенттері болжам бойынша жер үйдің гаражында көлікті жөндеу кезінде бензин буынан уланып, көз жұмыпты. қазіргі таңда мамандар нақты себебін білу үшін тексеріс жүргізіп жатыр екен.
Подробнее...Полигон ауызсуды улап, бау-бақшаны қуратып тастады
Бірдің кесірі мыңға. Семейде күл-қоқыс төгетін полигоннан қала маңындағы аудан халқы зардап шегіп отыр. Жел тұрған уақытта ауаға көтерілетін көмір қалдықтары тұрғындардың баспаналарына кіріп, ауыз суы мен азық-түліктерін ластап жатыр екен. Тіпті, күн жылыған сәтте отырғызылған көшеттер улы заттардың әсерінен қурап қалған.
Подробнее...Қоғамдық көлік ақысы тағы да қымбаттады
Таразда қоғамдық көлікте жүру ақысы бірден 20 теңгеге қымбаттады. Осы күнге дейін тұрғындар бұл қызмет үшін 65 теңге төлеп келсе, бүгіннен бастап баға 85 теңгеге бір-ақ барған. Тарифтің аяқ астынан бұлайша аспандауы жұрттың ашуына тиіп отыр. Ал қалалық әкімдік болса жол жүру бағасының 2017 жылдан бері өзгеріссіз келе жатқандығын алға тартып отыр.
Подробнее...Вакцина салдырсаңыз, арнайы жеңілдік аласыз
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға белгілі бір жеңілдіктер жасалатын болды. Ал мұндай «құрметке» ие болатындардың қатарын көбейту үшін бір айда тағы 2 млн адамға екпе салынатын болады. Осылайша, қазіргі кезде қарқыны бәсеңдеген ковидтің көзін одан сайын құрту жоспарланып отыр. Жер-жердегі әкім-қаралар қауіпті індетпен қалай күресіп жатыр? Үкімет жиынны тыңдаған әріптесім сабақтасын.
Подробнее...Талдықорғанда әлеуметтік тігін шеберханасы ашылды
Талдықорғанда жаңа тігін шеберханасы ашылды. Онда ұзақ мерзімді аналар жұмыс істейді. Мемлекет әлі де қарапайым — 20 адамнан сәл асады, бірақ болашаққа үлкен жоспарлар бар. Қазақстандықтарға ақша табуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба бойынша — Думан Алтанбекұлы.
Подробнее...Өзге ұлттан 10 бала асырап алған отбасы
Жетімін жылатпаған қазақ халқы қазіргі уақытта да осы қағиданы берік ұстанып келеді. Мәселен, Жамбыл облысының Құлан ауылында тұратын Исаевтар отбасы ата-анасының қамқорынсыз қалған 6 баланы қанаттарының астына алған. Бір ерекшелігі, жаңа отбасын тапқан жеткіншектердің барлығы өзге ұлт өкілдері. Өздерінің 4 ұл-қызымен қоса қазір бұл шаңырақта 10 бала тәрбиеленіп келеді. Тілі мен түрі басқа болғанымен, өзара татулықта бақытты күн кешудің формуласын …
Подробнее...Тілсіз жау 7 отбасын баспанасыз қалдырды
Солтүстік Қазақстанда жайылым өрті үйлерге өтіп, шағын ғана ауылдағы бірнеше отбасын баспанасыз қалдырды. Жергілікті тұрғындар қызыл жалын қас пен көздің арасында бас салып, үй мен қорадағы малды қырды дейді. Ал, шенеуніктер әп сәтте далада қалғандарға қалай көмектеспек? Бұл — Солтүстік Қазақстан облысындағы Желяков ауылы. Қызылжар ауданына қарасты елді мекенде күні кеше жайылым өрті ауылдағы үйлерге өтіп, 7 баспананы жоқ қылды. …
Подробнее...Экс-шенеуніктің қызы халықты белден басып, құрылыс жүргізуде!
Шымкентте шу шықты. бас көтергендер «Нұрсәт» шағын ауданының тұрғындары. Жұрт екі үйдің арасында бос жатқан алақандай жерге тағы бір көпқөабатты тұрғын үй кешенінің салынатыны қарсы. Қараша халық бұл күнде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары тез арада тоқтатылмаса, техниканың астына түсуге дайынбыз деп бекініп отыр. Ал, мердігер мекеме өкілдері «жер өзіміздікі, сондықтан да «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген уәждерін …
Подробнее...






