10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Аттракцион істен шығып, 8 бала ауыруханаға жеткізілді

Қауіпті аттракцион! Оралда айналмалы әткеншек істен шығып, 8 бала отырған орындықтарынан ұшып кетті. Жан-жақтағы темір жақтауларға соғылған жеткіншектер, саябақтан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың қазіргі қал-жағдайы қалай? Қатты жылдамдықпен айналған аттракционның кілт тоқтауына не себеп?

Подробнее...

«Екпе егілді» деген құжат сатып жатыр

Алматыда екпенің электронды төлқұжатын жасауды кәсіпке айналдырғандар анықталды. Пысықайларды журналистік зерттеу жүргізген әріптестеріміз анықтап, барлық мәліметтерді құзырлы органдарға тапсырды.

Подробнее...

Қырғыз-Тәжік қарулы қақтығысынан қаза тапқандар бар

Қырғыз ағайындардан тағы да маза кетті. Бұл жолы Тәжікстанмен шекарасында екі ел азаматтарының арасында жанжал болып, соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Көрші елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, оқиғадан 131 азамат жарақат алып, 13 бейбіт тұрғын көз жұмған. Оның арасында 12 жастағы қыз да бар. Ал, ресми Душанбе 90 тәжік азаматы ауыр жараланып, 10 адам құрбан болғаны жайлы ақпарат таратуда. …

Подробнее...

Әлеуметтік көмекшілер қаржыдан қағылды

Қызылорда облысында жарымжан жандардың қаржысын қаққан шенділердің басы дауға қалды. Жаңақорған кентіндегі І-топ мүгедектері мен олардың жеке көмекшілері бүгін аудан әкімдігінің алдына жиналды. Олардың айтуынша алдағы айдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне көмектесіп жүрген адамдардың онсыз да аз жалақысы тағы қысқартылмақ екен. Жаңақорған әкімдігіндегілер кезекті тексеруден кейін осындай шешімге келіпті. Кейбір жеке көмекшілердің басқа да қосымша жұмыстары бар екендігіне …

Подробнее...

Әкімді сынаймын деп, басы бәлеге қалды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызметін сынап, Президентке ұжымдық хат жазған Семейлік мәслихат депутаттарының басы дауға қалды. Халық қалаулылары өздерінің шағымында облыс басшысының жұмысын тексеру үшін арнайы комиссия құрылуды талап еткен еді. Бірақ, бір топ белсендінің бұл шағымын әріптестері сынға алды. Енді, олар мандатынан да айырылуы мүмкін. Ал, шенділер өздеріне тағылған айыппен түбегейлі келіспейді.

Подробнее...

Елімізде аналар өлімі артқан

Елімізде ана өлімі мен жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан көз жұму көрсеткіші біршама артқан. Мұны Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде айтты. Шенеунік жүрек дертінен құрбан болғандар көрсеткішінің күрт өсуіне коронавирус себеп дейді. Бір сағаттан астам уақытқа созылған жиында министр өзге де мәлімдеме жасады.

Подробнее...

100 жылдық тарихы бар ғимарат қараусыз тұр

«Ешкімге керегі жоқ!». Ақтөбеде жүз жылдық тарихы бар ғимарат тоз-тозы шығып, жойылып кетудің аз ақ алдында тұр. Тұрғындар кезінде Дінмұхаммед Қонаевтың өзі арнайы келіп ашылуына қатысқан нысанды сақтап қалуды сұрайды. Құнды жәдігерді қалпына келтіруге шенділер неге құлықсыз?

Подробнее...

Ақша жината беретін басшы күйеулерімізді соттатып тынды

«Арыстай азаматтарымыз әділдік іздейміз деп, сотталып кетті!» Түркістан тұрғындары арнамыздың тілшісіне осындай шағымын айтты. Теміржол саласында еңбек еткен жұмысшылар басшыларының жөн-жосықсыз ақша жинағанына қарсы шығамыз деп, қудалауға ұшырапты. Ақыры темір торға қамалып тынған. Енді әйелдері әділдік іздеп шырылдап жүр. Алайда, мекеме өкілдері бұл жайтқа істі болғандардың өздері кінәлі деп отыр.

Подробнее...

Жарықсыз қалған тұрғындар көшеге шықты

Жарықты еш ескертусіз өшіріп кеткен компанияның кесірінен Алматының бір ауданындағы жүзге жуық үй тас қараңғыда отыр. Бұған шамданған тұрғындар көшеге шығып, атқамінерлерді сол маңға шақырды. Бұған дейін де дәл осы тоқтың машақатын талай тарттық деп шулаған тұрғындар әңгіменің нүктесін қойып беруді талап етті. Бірнеше сағат бойы көшеде жүрген жұрттың мақсаты орындалды ма, жарық не болды?

Подробнее...

Киіктердің есебін жүргізу жанданды

Елімізде киіктердің есебін жүргізу процессі жанданды. Соңғы рет бұл санақ екі жыл бұрын жүргізіліпті. Сарапшылардың дерегінше, сол уақытта киіктер саны 300 мыңнан сәл асқан. Ал қазір бұл көрсеткіш қалай өзгерді? Карантин кезінде киелі аңның қарасы артты ма? Біздің түсірілім тобымыз арқаның бетпақ даласын кезген түз тағысын өз көзімен көріп, киіктерді биіктен бақылады.

Подробнее...
X