Елімізде бүгінгі күнге дейін 1 миллионнан астам адам вакцина салдырды. Бұл Sputnik-V және «QazVac» вакцинасының көрсеткіші. Екі күн бұрын жаппай егуге жіберілген отандық екпенің әзірге тек 50 мың дозасы ғана өндіріліп, алғашқы партиясы жіберілген. Тағы бір айта кететін жайт енді қытайлық «Vero Cell» вакцинасы да қазақстанға жеткізілмек. Әзірге бір миллон дозасын сатып алған екен. Мұны ең бірінші кімдерге салады.
Подробнее...Новости
Құдыққа түсіп, уланған 3 жұмысшы жансақтау бөлімінде — құдыққа түсіп, уланды!
Жанармай құю бекетінде құдыққа түсіп, уланып қалғандардың жағдайлары ауыр. Үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың метан газына уланғанын айтады. Ал жұмыс берушілер құдықта су құбыры болғандықтан газдан қорғайтын құралсыз түсті деп отыр.
Подробнее...Мектеп мұғалімі қысымға шыдамай, көз жұмды!- қысымға шыдамай, көз жұмды!
Мектеп мұғалімі қысымға шыдамай, көз жұмды! Өскемендік ұстаз мектеп директорының қысымынан кейін, комаға түсіп, оянбаған. Білім ошағы басшысының әрекетін бүгінде құзырлы орган тексеруде. Оқиғаның мән-жайын тілішіміз анықтаған еді.
Подробнее...Індет өршіп тұр: қыдыру мен той тойлау тыйылмай тұр
Еліміздің басым бөлігінде коронавирус дерті өршіп, аймақтардағы эпидахуал күннен күнге күрделеніп жатса да, қазақстандықтар қыдыру мен той-тойлауды доғарар емес. Таразда жергілікті билік өкілдері көпшілік нысандарға күні-түні тексеріс жүргізіп, ірі көлемде айыппұл салып жатса да одан сабақ алып жатқан тұрғындар жоқ. Соның салдарынан облыста күні ертең карантиндік шаралар күшейтілмек. Алайда, шектеу шаралары енгізілгенімен көпшілікті ортақ тәртіпке бағындыру оңай болмайтын секілді. Біздің …
Подробнее...Ақтөбеде жас жігіт зейнеткерді ұрып-соғып, қашып кетті
Өз үйінде таяқ жеді! Ақтөбеде жас жігіт зейнеткерді подъезде ұрып-соғып, артынша қашып кеткен. Анасындай адамға шүйлігіп, қол көтеретіндей оған не жағдай түрткі болды? Соққы алған жәбірленушінің жағдайы қалай?
Подробнее...20 жылдыққа 20-шы алтын медаль
20 жылдыққа 20-шы алтын медаль. Талдықорғандық қыздар «Жетісу» волейбол клубының мерейтойына тамаша тарту жасады. Жуырда Петропавлда 23 жасқа дейінгі әйелдер арасында өткен ел біріншілігінде топ жарды. Осылайша, «Жетісу-2» командасы екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр. Жеңімпаздардың жетістігі жайлы келесі сюжеттен көріңіздер.
Подробнее...55 жастағы педофил ұсталды
Тағы бір педофил ұсталды. Қарағанды облысында күні кеше жоғалған қыз баланы еріктілер мен тәртіп сақшылары күні-түні іздеген. Нәтижесінде, қыз қаңырап тұрған үйлердің бірінде белгісіз азаматтың жанынан табылған. Кәмелет жасқа толмаған бала аман ба? Күдікті кім? Оқиғаның мән-жайын толығырақ тілшіміз баяндайды!
Подробнее...ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУШЫНЫ ТАНИТЫН АҚЫЛДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ
Елорда мектептеріндегі ноу-хау. Отандық айти мамандар шетелдік әріптестерімен бірге дайындаған жобасын білім ошақтарына орнатты. Апробациядан өткен қондырғылар баланың мектепке келген уақытын тіркеп қана қоймай, шәкірттің дене қызуын өлшеп, қай сыныпта оқитынын анықтайтын көрінеді. Инновациялық жоба пилотты түрде іске қосылды. Сынақтан сәтті өтсе еліміздің ірі қалаларындағы оқу орындарына қойылмақ.
Подробнее...Бағдаршам орнатылмаған жол қаншама адамның өмірін қиды
Өлім жолының бойында тұрамыз! Елорда іргесінде орналасқан Қызылсуат ауылының тұрғындары біздің арна тілшілеріне осындай жанайқайын жеткізді. Елді-мекендегі жұрт қауіпті жол қиылысына бағдаршам қойып беру мәселесін шешуге көмектесуді сұрады. Бұған дейін тиісті мекемелерге шағымданғанымен оған ешкім құлақ аспаған. Адам өмірінің құны шенділердің бір шешіміне байланған түйткіл жайында тілшіміз айтап берсін
Подробнее...Күзетшіні жаралаған ер азамат 17-ші қабаттан секіріп кетті
Алматыда тұрғын үйлердің бірінде ер адам күзетшіні жаралап, соңында өзі 17-ші қабаттан секіріп кетті. Оқиға сенбі күні болған. Арнайы жасақ мамандары бірнеше сағат бойы келіссөздер жүргізуге тырысқан. Алайда, өз дегенінен қайтпаған тұрғын соңында өз өзіне қол жұмсады. Дүйім елді шулатқан оқиғаның жай-жапсары келесі сюжетте.
Подробнее...






