Бүгіннен бастап елімізде індетке қарсы отандық екпені егу науқаны басталды. Препаратты алғашқылардың бірі болып Алексей Цой қабылдады. Осылайша, бас дәрігер қазақстандық екпенің қауіпсіздігіне әуелі өзі көз жеткізкен. Жалпы еліміз әлем бойынша вирусқа қарсы вакцина өндіріп, оны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми тіркеуінен өткізген 5-ші мемлекет екен. Осы ретте, отандық ғалымдардың еңбегін елеп, екпе өндірген мамандарға Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше алғысын …
Подробнее...Новости
9 ЖЫЛДАН БЕРІ ҮЙГЕ КІРЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕН ҮЛЕСКЕРЛЕР БАС КӨТЕРДІ
9 жылдан бері әлі салынып бітпеді! Бас қалада 2012 жылы кірпіші қаланып, осы уақытқа дейін қаңырап тұрған «Комсомольский» кешенінің үлескерлері бас көтерді. Соңғы тиынына дейін мердігер компанияға санап беріп, соңында жер сипап қалған тұрғындар заңды шаршы метрлерінің тезірек пайдалануға берілгенін қалайды. Шенділердің құрғақ уәдесінен шаршаған пәтер иелері қала әкімдігіне құрылысқа дереу жаңа инвестор тартылсын деген талап қойды.
Подробнее...Қорғаныс министрлігі 1 млрд теңге қарыз боп шықты
Қорғаныс министрлігінің төңірегінде шу шықты. Ведомствоға қарасты ұйым сексеннен астам жеке компанияға 1 миллиард теңге қарыз болып шықты. Берешекті бірнеше айдан бері ала алмай жүргендер Нұрлан Ермекбаев отыратын ғимаратқа барып, ақшаны қайтаруды талап етті. Қаржыдан қысылған мердігерлермен тілшіміз де кездесіп, мән-жайды анықтады.
Подробнее...Қордай қақтығысы 200 млн теңге шығын келтірді
Қордай қақтығысы қымбатқа түсті. Былтырғы төбелестер кезінде өртенген үйлерді қалпына келтіру үшін қазынаға 200 миллион теңгеден астам шығын келді. Бірақ шеткі ауданға бір уақытта мұншалықты назардың аударылуы ауылдағы ағайын үшін жаман болған жоқ. Қанша жылдан бері шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік мәселелерге тағы 35 млрд бөлініп, бәрі реттелді. Әншейінде ақшаға келіп тірелетін, шалғайдағы ағайын армандап кеткен ауыз су, тегіс жол, …
Подробнее...Жыртқыштар бүтін бір ауылдың қой-қозысын қырып жатыр
Жамбыл облысында бүтін бір ауылдың малын қорада тұрған жерінен белгісіз жыртқыштар жеп кетіп жатыр. Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылының тұрғындары адам көзіне түспейтін төрт аяқтылар төрт түлігімізді түгел қырып бітетін болды дейді. Бірнеше күн бұрын түн ішінде бір тұрғынның қорадағы 13 қозысына шабуылдып, шайнап кетіпті. Жұрт малының амандығынан бөлек қазір өз өмірлеріне қауіптенетін болған. Көпшіліктің олай ойлауына негіз де жоқ емес …
Подробнее...Мал ішкен жерден біз де су ішіп отырмыз
360 млн теңгеге салынған су ұңғымасының шарапатын көре алмай отыр. Түркістан облысындағы Зағамбар аулының тұрғындары таза ауыз суыға қол жеткізе алмай келе жатқандарына 30 жылдан астам уақыт болыпты. Қазір амалдың жоқтығынан лайланған тірішілік нәрін тұтынуға мәжбүр. Ал, шіліңгір шілдеде мүлдем сусыз қаламыз ба деп қорқады.
Подробнее...Облыстық мәслихат депутаты ауызашарға барып, сөзге қалды
«Сенген серкем сен болсаң»! Ақтөбеде эпидемия кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға үндеген депутаттың ауызашарға барған видеосы қызу талқыға түсті. Әлеуметтік желіге жарияланған видеодағы отырғандар шынымен халық қалаулылары мен кәсіпкерлер ме?
Подробнее...Кәсіпкерлерге құлаққағыс!
Кәсіпкерлерге құлаққағыс! Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 26 сәуірде жеке табыс салығы мен аванстық төлемдегі корпорациялық табыс салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Сондай-ақ дәл осы 26 сәуір — көшедегі жарнамаларыңыздың ақысын төлейтін соңғы күн. Салық мамандары кейін өкініп, айыппұлдарымен қоса шығындалып жүрмеуіңіз үшін асығуға кеңес береді.
Подробнее...Танымал q-pop тобы есірткі әзірлеп, сатумен айналысқан
Сахнаны синтетика, қолтаңбаны қолкісен алмастырды. Елімізде жастар жағы сүйіп тыңдайтын, миллиондаған фанаттар армиясы бар «Mad men» тобының әншілеріне есірткі саудасымен айналысты деген айып тағылып отыр. Қылмыстық топтың қолға түскен сәті желіге жарияланып, қызу талқыланып жатыр. Сонда өзі де, сөзі де ерек, стильдері өзгедек бөлек Q-pop бағытындағы топтың психотропты заттарды өндіргені рас па? Шоу-бизнесті шок қылған жаңалықтың жай жапсары алдағы сюжетте.
Подробнее...Вирус тарайды: тұрғындар стадион орнына емхана салынуына қарсы
Шымкентте тұрғындар мен шенеуніктер стадион үшін жаға жыртысуға дейін барды. Оған себеп, Қызылжар шағын ауданында орналасқан спорттық алаң орнына емхана салу жоспарланыпты. Ал, жергілікті халық болса, 60 жылдық тарихы бар стадионды жекенің қолына бере салуға көсе көлденең қарсы. Бұл жерге емхана түсетін болса, жақын маңда орналасқан үйдің тұрғындарына вирус тарайма деп қорқатындарын жасырмайды. Қос тараптың стадион үшін текетіресі туралы тілші …
Подробнее...






